ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.03.2024
Просмотров: 18
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты базасында 2023 жылдың 28 ақпаны күні Қазақ Орда ханы, мемлекет қайраткері Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына арналған «Көрнекі тұлға және оның тарихқа қосқан үлесі: тұлғатану ұстанымдары тарихи білім беруде» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция (одан әрі - Конференция) өткізіледі.
Конференцияның өзектілігі:
-
тұлғатану бойынша инновациялық педагогикалық тәжірибені жүйелеу; -
педагогикалық теориялар мен тәжірибелердің тұлғатану бойынша жаңа тәсілдерін енгізу; -
әлемдік білім беру кеңістігінің даму ағымдарын тиімді оқыту мен оқуға кіріктіру.
Конференцияның мақсаты:
-
педагогтардың шығармашылық және инновациялық іс-әрекетін қолдау; -
кәсіби жетілуін ынталандыру; -
тұлғатануда қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану бағытындағы педагогикалық іс-тәжірибені таратудың инновациялық кеңістігін құру, қалыптастыру, орнықтыру болып табылады.
Конференцияның міндеттері:
-
педагог мәртебесін көтеру; -
республика педагогтарының ғылыми-әдістемелік және шығармашылық деңгейін анықтау; -
әр педагогтың өзінің тұлғалық кәсіби тұрғыдағы шеберлік деңгейін жетілдіруіне ықпал ету; -
ғылыми-әдістемелік іс-әрекетке ынталандыру және жаңашылдық идеяларды насихаттау.
Конференция жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының, ЖОО-ның профессорлық-педагогикалық қызметкерлері, техникалық және кәсіптік, жалпы білім беретін, қосымша білім беру ұйымдарының шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтері (тарих, қоғамдық білімдер, бастауыш сынып) шақырылады.
Конференцияның өтетін күні, орны
:
2023 жылғы 28 ақпан, сағ. 11-00 (Астана уақытымен), Zoom платформасында https://us06web.zoom.us/j/7010000306?pwd=MGtpcXc0UXdUV3VxTnhBZ0NsKzR0UT09
конференция идентификаторы: 701 000 0306; рұқсат коды: 123456.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция жұмысы пленарлық мәжіліс түрінде өткізіледі. Қатысушы конференция тақырыбына сай озық тәжірибелерін баяндама түрінде ұсынуына болады.
Конференцияға қатысу және тіркелу үшін 2023 жылғы 19 ақпанға дейін marsali_ro@mail.ru электрондық поштасына тиісті материалдарды жіберу қажет.
Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарынан PDF форматта электронды ғылыми-әдістемелік жинақ шығарады.
Конференция жұмысына қатысушыларға арнайы сертификат беріледі. Ұйымдастыру комитеті таңдаулы материалдарды оn-line конференция жұмысының пленарлық мәжілісінде шығып сөйлеуге ұсынады.
Конференцияға қатысу үшін материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар 1-қосымшада, сұраныс формасы 2-қосымшада ұсынылған.
Қатысу жарнасы – 4500 тг. Жарнапұлды жолдау реквизиті №3 қосымшада берілген.
Конференцияға қатысты барлық сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады. Байланыс телефондары: 87025402709; 87058254377.
1-қосымша
Қазақ Орда ханы, мемлекет қайраткері Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына арналған «Көрнекі тұлға және оның тарихқа қосқан үлесі: тұлғатану ұстанымдары тарихи білім беруде» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясына қатысуға
сұраныс
1 | Педагогтың аты-жөні | |
2 | Жұмыс орны, жұмыс орнының орналасқан жері | |
3 | Қызметі, лауазымы | |
4 | Ғылыми дәрежесі, атағы | |
5 | Мақаланың атауы | |
6 | Е-mail | |
7 | Телефондары (үй, жұмыс, ұялы) | |
2-қосымша
Ұсынылатын материалды рәсімдеуге қойылатын талаптар
• Қаріп түрі TimesNewRoman (14 кегль); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см; төменгі – 2 см; сол жағы – 3 см; оң жағы – 2 см.
• Мақала көлемі - 3-5 бет.
• Азатжол – 1,0 см.
• Бос жолдан кейін ортада бас әріптермен мақала тақырыбы (қою).
• Бос жолдан кейін ортада автордың фамилиясы және аты-жөні (қою).
• Келесі жолда атқаратын қызметі, ұйымның толық аты, қала атауы
• Негізгі мәтін бір бос орыннан кейін басталады.
• Әдебиеттер мақала соңында сілтемелер ретін сақтай отырып, квадрат жақшаларда санмен көрсетіледі.
• Мақала мәтінінің электрондық нұсқасының атауы бірінші автордың тегі мен аты-жөнінің бас әріптерінен басталу қажет. Мысалы: «Р.Ө.Мәрсәлі - мақала», «Р.Ө.Мәрсәлі - тіркеу»
• Мақала мәтіні мұқият тексерілуі тиіс.
• Мақала мәтіні және тіркеу үлгісі автордың аты-жөнімен аталған бір файлда ұсынылуы тиіс.
• Ұсынылған мақалалар өзекті және бұрын жарияланбаған болуы керек.
Ұйымдастыру комитеті жібірілген мақалаларды тақырыпқа сәйкес сұрыптап, жарияланатын материалдарды іріктеп алатынын ескертеді.
3-қосымша
Филиал акционерного общества «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» Институт профессионального развития по Кызылординской области
(ФАО «НЦПК «Өрлеу» ИПР по КО )
Орналасқан жері/ Местонахождение (адрес): Республика Казахстан, индекс 120001, город Кызылорда, улица Айтеке би, 2.
Байланыс тел./ Контакт.тел.
8(7242)26-32-96 (бухгалтерия)
РНН: 331000029681
БИH: 121 041 004 014
БИК: kcjbKZKX
ИИК: KZ418560000005479076
КБЕ: 16
КНП: 859
Банк: Кызылординский филиал АО «Банк Центр Кредит»
Ұйымдастыру алқасы