Файл: ыса мерзімді жоспар Сабаты таырыбы Астана аласына саяхат 1саба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Астана қаласына саяхат

1-сабақ.

Бөлім:

4-бөлім: Астана – мəдениет пен өнер ордасы.

Лексика. Неологизм сөздер. Термин сөздер. Диалект сөздер.

Кəсіби сөздер

Педагогтің аты-жөні:

Мустапаева Ж.С.

Күні:

7.11.22 ж

Сыныбы:6 «в,»г»

Қатысушылар саны: 22 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Астана қаласына саяхат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.2.1. Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, құттықтау, хабарландыру, өмірбаян, жаңалық, интервью) көтерілген мәселені талдау.

6.4.3.1. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені талдайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Қазақстан астанасы қай қала?
Астана қаласының тарихы жайында сенің ойың қандай?
Астана қаласында қандай көрікті жерлерге саяхат жасағың келеді?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.


Ребусты дұрыс шеш. Жасырынған сөзге сипаттама бер



Дескриптор:_Жалпы_–_3_балл.'>Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

- ребусты шешді.

-анықталған сөзге сипаттама береді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК




2-тапсырма:

Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріп, жұп-жұбыңмен диалог құрыңдар.


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым-айтылым дағдысы қалыптасады.


Жазылым-айтылым:

1. Сұрақ: «Астана – Қазақстан халқының мерейі мен мәртебесі» дегенді қалай түсінесің? Жауап:

2. Сұрақ: Автор «жаңа елорда», «жаңа бейнесі», «жарқын келбеті», «дүниенің сегізінші кереметі», «арман қала» деген тіркестерді не себепті қолданған? Жауап: 3. Сұрақ: Астана әлем жұртын несімен таңдандырады? Жауап:

4. Сұрақ: Астана қаласының басқа қалалардан ерекшелігі неде деп ойлайсың? Жауап:

Дескриптор:

Жалпы – 4 балл.
- Сұрақтарға жауап береді.

-диалог құрады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК.





4-тапсырма.
Берілген сөздерге ұйытқы сөздерді қосып, жаңа сөз жаса.
Жол, әуе, баян, келіс, жаға, жарыс, сүндет, зейнет, мүшел, сая, мәлім, көсем, сый, ашық, мерей.

Айтылым:

Берілген тапсырманы орындайды.


Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

- Берілген сөздерге ұйытқы сөздерді қосады.

- жаңа сөз жасайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Үйге тапсырма:5-тапсырма.




«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.


Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.