Файл: 1. Механизмні технологиялы сипаттамаларын суреттеу 5 Негізгі блім 8.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 27

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ток релелері минималды және максималды өшіру мәндерінде болады. Біріншісі тұтыну мәні белгілі бір деңгейден төмен түскенде, екіншісі қарсылық сипаттамалары көрсетілген мәннен асып кеткенде желіні өшіреді. Физикалық тұрғыдан олар нарықта орындаудың үш түрі бойынша ұсынылған: электромагниттік, электронды және цифрлық. Заманауи модельдер бір құрылғыда ток релелерінің барлық түрлерін біріктіреді

Тұрақты ток қозғалтқыштарының токтың астынан қорғанысы (қозудың жоғалуынан қорғау) нөлдік ток релесі КФ арқылы жүзеге асырылады, оның орамы қозғалтқыштың қоздыру орамасының LM тізбегіне қосылған, ал осы реленің контактісі катушка тізбегіне қосылған. электр жетегінің нөлдік қорғанысының кернеу релесі FV. Қозғалтқыштың қоздыру тізбегінде ашық тізбек болған жағдайда, FV кернеу релесін ажыратады, ал ол қозғалтқыштың қуат тізбегінің контакторларын ажыратады.

Үлкен электр қозғалтқыштарын жылдамдықты шамадан тыс арттырудан қорғау үшін нөлдік ток қорғанысының әрекетін толықтыратын орталықтан тепкіш жылдамдық релелері де қолданылады.

Қозғалтқыштың қоздыру орамасын өшіру кезінде пайда болатын асқын кернеулерден қорғау Rp разрядтық резистормен қамтамасыз етіледі. VD диоды резистор арқылы тек разрядтық токтың өтуін қамтамасыз етеді, бұл желіден ток тұтынуды азайтады. Разряд резисторының кедергісі оқшаулау класы бойынша анықталатын және бірнеше жүз вольтке жететін рұқсат етілген асқын кернеулерді ескере отырып таңдалады.

3 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
Еңбек қорғаудың негізгі міндеті еңбектің қауіпсіздігін және қолайлылығын қамтамасыз ету, сондықтан да жұмыс барысында пайда болатын қауіпті және адам денсаулығына зиянды факторларды жан-жақты саралау қажет.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша дипломда қарастырылп отырған электр қондырғыларының орналасқан цехы құрғақ болып табылады. Нәтижесінде ұсынылып отырған цех электр қауіпсіздігі бойынша аса қауіпті цехтардың санатына жатады.

Осы жұмысшы орында ең қауіпті және негізгі өндірістік факторлардың бірі электр тоғы болып саналады.

Осы жұмысшы бөлімде электр қондырғысы (ДРМ) іске қосу аппаратурасымен жабдықталады, өздігінен жоғалған кернеуді қайта қалпына келтіру кезінде өздігінен еркін қосылуға болады.

Тартатын құрылғының электр қондырғысындағы қорек көзі 380В кернеуде жұмыс істейді, онда электр тоғына ұшырау ықтималдығы болуы мүмкін. Сол үшін электр қондырғыларында қорғаныс нөлдігін қолдану керек. Нөлмен қосу-бұл әдейілеп тоқ өтпейтін сымның бөлігін нөлдік қорғаныс желісімен қосу және ол өз кезегінде кернеудің астына түсуі мүмкін.


Автоматтандырылған жұмысшы бөлмеде қызмет атқаратын персонал үшін еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар жасалған және өңделген, бұл нұсқаулықта қызмет көрсетуші персоналдың негізгі міндеттері, оқу кезінде қауіпсіз тәсілдер мен әдістер, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсзідк ережелері, қауіпсізідікпен қамтамасыз ету мақсатында жүргзілетін іс-шараларды ұйымдастыру және оларды бақылау, қызметкердің оңтайлы дем алу және жұмыс істеу режимдері

Пайдалануға беруді жүзеге асыру үшін төмендегі іс-шаралар жүргізіледі.

-алдымен қызмет көрсетуші қауіпсздіктің жалпы ережелерімен және талаптарымен танысады, ол жерде ДРМ негізгі тағайындамасы және сипаттамасы аталған, жұмысшыға әсер ететін қаупті және зиянды факторлардың сипаты, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі негізгі талаптар, жұмысты орындауға арналған адамдарға рұқсатнама, және нұсқаулықтың талаптарының бұзылуына деген жауапкершілікпен және жұмыс істер алдындағы негізгі шарттармен танысады. Мысалы жұмысшы электр қондырғысының, қоршаулардың, сигнализацияның, қорғайтын және басқа құрылғылардың, қорғаныс жерлемесін, желдеткіштің жұмыс істеп тұру-тұрмауын тексереді.

Жұмыс орнының ғимаратының жарықтануын есептеу

80%-ға жуық ақпаратты адам көру каналы арқылы алады. Түсетін ақпараттың сапасы көбіне жарықтандыруға байланысты: қанағаттандырмайтын көлем немесе сапа тек қана көзді ғана шаршатпайды, сонымен қатар ағзаның толығымен шашауына әкеп соғады. Дұрыс емес жарықтандыру тек жараұат алудың себепшісі болуы мүмкін: нашар жарыұтандырылған қауіпті аумақтар, қарықтыратын шамдар және олардан түсетін өткір көлеңкелер жұмысшылардың толық бейімделу бағытын тудырады немесе нашарлатады. Әдетте жарықтандырудың екі түрлін қолданады – табиғи және жасанды. Жарықтандыру қондырғысын жобалау кезінде келесі негізгі сұрақтарды шешеу қажет: жарықтандыру жүйесін, жарық көзінің түрін, жарықтандыру шегін таңдау.

Өртке қарсы қауіпсіздік бойынша ұйымдық-техникалық іс-шаралар

Өртке қарсы ұйымдық жұмысы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген, яғни өрттің мүмкін болуын шектеу, ал ол туындаған кезде адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсерін алдын алу және материалды құндылықтарды қорғауды қамтамасыз ету. Кәсіпорында өрт қауіпсіздігі ұйымдық және техникалық шаралармен қамтамасыз етіледі. Өртің туындау мүмкіндігінің алдын алу үшін өз уақытында ұйымдастыру шараларын жұргізу қажет, олардың мәні жұмысшыларды және қызметкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретуде, өрт материалдарымен жұмыс істеу реті туралы нұсқау жұргізуде, сонымен қатар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұдайы емес үгіт насихат құралдарын қолдануда. Өрт туындаған кезде цехтан адамдарды максимал тез шығару үшін механикалық цехта өткелдердің енін дұрыс анықтау керек.



Механикалық зақымданулар

Өндіріс орнында механикалық зақымдануларды болдырмау жағдайында төмендегідей іс-шаралар жүргізіледі.

1. Ұйымдастырушылық. Ұйымдастырушылық іс-шарасы инструктаж негізінде жұмысшыларды технологиялық кешенде орнатылған электр қондырғыларын дұрыс пайдалануға, электр қондырғыларының жарамдылығын тексеруге, жұмысшылардың белгіленген санаты бойынша жұмыс орындарын үлестіруге бағытталған.

2. Техникалық. Бұл жерде электр сақтандырғыш құрылғыларын дұрыс пайдалану, электр қондырғыларын пайдалануға беруде арнайы техникалық тексерістен өткізу жатады.

Экструзиялық желілерде өздігіне жұмыс істеуге жасы 18-ге жеткен, медициналық тексерістен және бастапқы инструктаждан, өрте қарсы қолданылатын іс-шаралардың алғышарттарын білетін, жұмыс орны бойынша инструктаждан және еңбек өтілінен өткен азаматтарға ғана рұқсат етіледі. Жұмысшы еңбек өтілінен өту барысында оған тәжірибелі жұмысшлыардың бірі бекітіледі. Жұмысты өздігінен жүргізуге қатаң тыйым салынған.

Жұмысшы жұмыс барысында төмендегідей тексерулерден өтуі қажет:

  • қайталама инструктаждар –маусым сайын 1 реттен кем емес;

- еңбекті қорғау және төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмектерді жүргізе білуі қажет;

- медициналық тексеруден жылына кемінде екі рет өтуі қажет.

Өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі шараларға өртті алдын-алу және туындаған өртті жою жатады. Бұл шараларды қарастырмас бұрын, жану және жарылыс үрдістеріне не кіретінін анықтап алайық. Жану және жарылыс үрдістерінің негізінде жылу мен жарық бөлумен ауа көміртегі мен ыстық заттардың қосылуы жүретін тотығу реакциясы жатады.

Депарафинизациялық қондырғыларды пайдалану кезінде өрт туындауының негізгі себептері болуы мүмкін:

- оттықта отынның жарылуы;

- отты ұқыпсыз қодану;

- электржабдықтарының, электрөткізгіштердің істен шығуы және оларды пайдалану ережелерінің бұзылуы.

Сондықтан қондырғыларда жұмыс жасау кезінде қажет:

- қазандықты жақпас бұрын оттық пен түтін құбырын желдету;

- отынның оттықтарға біртекті берілуін қадағалау, бу қазандығы мен мұнай қыздырғышын дұрыс жандыру және өшіру, сонымен қатар олардың жұмысы кезінде дұрыс қызмет кету;

- өздігінен жарылуға қабілетті материалдарды уақытында жинау.

Өрт туындаған жағдайда депарафинизациялық қондырғы операторы өрт сөндіру шараларын қолдану қажет, өрт күзетіндегі әкімшілікке хабарлауы тиіс. Бұл кезде қазандықты тоқтату керек. Ауа өткізгіш пен түтіндік жапқыштарын, бақылау терезелерін, шанақ есіктері мен терезелерін жабу керек, ал порттарды сақтандырғыш клапаны арқылы атмосфераға жіберу керек.


Егер өрт оператор өміріне қауіп төндірсе, ол қауіпті жерді қалдырып кетуге құқылы.

Өртті сөндіру үшін оператор өрт сөндіру құралдары мен әдістерін білуі тиіс. Ең алдымен өрт сөндірудің негізгі принциптеріне жанып жатқан затты оның тұтану температурасынан төмен температураға дейін салқындату және оған ауа көміртегісі мен басқа тотықтырғыштың енуін жою қызмет ететінін есте ұстау керек. өрт сөндіру құралдарына: су, су буы, инертті газдар, химиялық және ауа-механикалық көбік, ұнтақты құрамдар жатады. Бірақ аталған құралдардың әрқайсысын жанып жатқан заттардың тек белгілі заттарын ғана сөндіруде қолданады. Осылайша, мысалы, сумен бензин, керосин, май және тығыздығы бірлікке кіші басқа заттарды сөндіруге болмайды.

Депарафинизациялық қондырғыда өрт туындаған жағдайда ең алдымен алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану қажет:

Қолды өртсөндіргіш, құм, асбестті жамылғы, киіз.

Мұнай кәсіпшілігі мұнай және газдың жарылуға және өрт қауіпсіздігімен мінезделеді. Жарылу және өрт заттарын пайдалану кезіндегі технологиялық процестер қолданады (мұнай негізінде ерітіндіні пайдаланумен бұрғылау, ұңғыны меңгеру). Мұнай мен газды өндіру және бұрғылау өндірісінде жану көзі механикалық және электрлік ұшқындар, статистикалық және атмосфералық электрлігінің зарядтары, қыздырылған беттер болуы мүмкін.

Өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар төрт негізгі топқа бөлінеді:

- өртті ескерту, яғни оларды болу себебін жою;

- өрттің таралу сферасын шектеу (өрт сферасынан материалдың, құндылықтардың, адамдардың сәтті эвакуациялануын қамтамасыз ету);

- өрттік тиімді сөндіру шартын жасау.

Өндірістің жарылуға, өртке қауіптілігіне байланысты конструкция жасалған құрылыс материалдардың жануға және өрт тұрақтылығы талаптарына ұсынады.

Өндірістің өрт қауіпсіздігі бойынша комиссияның келісімімен алты категорияға бөлінеді. Сораптық блок «В» категориялы өндірістің мінездемесі өртке қауіпті, оларға 610 С-тан жоғары тұтыну температурасынан тұйықтар жатады.

Құрылыс конструкциясы жасалынған материал ыстығы және осы конструкциялардың өрт тұрақтылығы шегі өндірістік ғимараттың өрт тұрақтылығын анықтайды. Өрт тұрақтылығы бойынша барлық өнеркәсіптік ғимараттар СНиП келісімімен бес дәрежеге бөлінеді.

«В» категориясы үшін ғимараттың өрт тұрақтылығының ІІ дәрежесіне сәйкес келеді. «В» категориялары өндірісті жайлар автоматы өрттік дыбыс беру қондырғыларымен жабдықталады.

Өндірістік ғимараттардан адамдарды эвакуациялау кезінде ғимарат пен жайдан шығудан жұмысшы орынның шығарылуы, өту ені эвакуацияланғандар саны үлкен мәнге ие болады. «В» категорялы өндіріспен өрт тұрақтылығын ІІ дәрежелі бір қабатты өндірістік ғимараттарда эвакуациялау жолының ұзындығы 100 м-ден аспайды.


Эвакуациялау есіктерінің ең кіші ені 0,8 м-ге тең деп қабылданады, ал эвакуациялау жолында өтпенің және есіктердің биіктігі 2 м-ден кіші болмауф керек.

Еңбек қауіпсіздігі стандартты жүйесі обьектіні өртпен қорғауға арналған өрт техникасының тобына бөледі:

- өрт мащиналары (автомобильдер және мотополигал);

- өрт сөндіру қондырғылары (аэрозольді өрт сөндіру);

- сұйықтықтың өртт сөндіру (сулы өрт сөндіру қондырғылары);

- өрт сөндіргіштер (сұйықты, ұнтақталы, көмірқышқылды, бромэтильді, көмірқышқылды, химиялық пеналы);

- өртпен құтқару қондырғылары (өрт сатылары, құтқару арқандары);

- өрттік қол құралдары (өрт бақандары, өрт іліктері, балталар);

- өрттік инвентарь (өрт шелектері, құм салғыштар, өрт қыбырғалары, жібекті маталар, құмға арналған жәшіктер).

Өндірістік зиянды заттарды жою үшін гигиеналық талаптар бойынша өндірістік желдету жүргіземіз. Желдету табиғи және жасанды түрде жасалады. Табиғи желдетуде өндірістік ғимараттың ауасы сыртқы ауа температурасымен ауысып нәтижесінде жел болады. Табиғи желдетуде ауа қозғалысы желдеткіш көмегімен жүреді.

Желдету – бұл бөлмедегі артық жылу, ылғалдылықты, қауіпті және зиянды заттарды жою үшін, сондай-ақ жұмыс зонасындағы микроклиматтық жағдайды жақсарту үшін жасалатын ұйымдық шаралар. Желдету жалпы ауысымдық және жергілікті болады.

Шудан, дірілден, ультрадыбыстан қорғану шаралары

Шу деп - әртүрлі күштер мен жиіліктері бар дыбыстардың кездейсоқ тоғысуын айтады.

Бөлімше ішінде үлкен шу мен діріл болғандықтан, арнайы құлақ тығындарын қолданамыз. Электр қондырғылары мен аппаратта үлкен шу мен діріл болады, сондықтан аппараттың табанына қалың заттан жасалған резіңке төсеніш қолданамыз. Өндірісте шу деңгейінің жоғарылығына көп жерлерде назар аударылмайды, өйткені шудың әсері кайғылы жағдайларға әкелмейді. Бұдан басқа өндірістегі көптеген зиянды заттардың әсері сияқты, шудың әсері де бірден байқалмайды. Есту қабілеті нашарлап келе жатқан жұмысшылар есту қабілетінің төмендегенін,қайтып қалпына келмейтін физикалық мүкістік сипатына келмейінше сезбеуі де мүмкін. Күнделікті орташа шудың деңгейі 80 дБ кем болса, онда ол адам ағзасына қауіпсіз деп қабылданады. Шудың деңгейі 90 дБ асатын болса, онда ол зиянды болады. Шу деңгейінің жоғарғы деңгейі 130-140 дБ болса да, адам қарапайым күнделікті жұмыстарын орындай алады.

Шудың деңгейі бұдан да жоғары болған кезде, қозғаушы аппараттардың жұмысы мен көздің көруі нашарлауы мүмкін. Шудың деңгейі 95 дБ және одан жоғары болса, қиын жұмыстарды, әсіресе келісіп, бір-бірімен сөйлесу арқылы орындалатын жұмыстарды орындау қиынға соғады. Ал егер жұмысты