ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Құстар айтысы
(Үнді ертегісі)
Бір кұсбегінің орман ішіне құрып қойған торына қарға,торғай,көгершіндер келіп түсіпті.Олар тодан босанудың жолын іздеп,бір-бірімен ақылдаса бастайды:
-Біз жемге қызығамыз деп торға түсіп қалдық.Енді құтылудың жолын ойластырайық.Бәріміз бірігіп ақылдасайық.Сонда құтылып кетуіміз мүмкін. Олар әрі ойлап,бері ойлап, ақыры мынадай келісімге келеді:
-Бәріміз қанатымызды бірдей қағып ұшып көрейік,мүмкін торды көтеріп кетерміз,-деседі.
Қанаттарын бірдей қағып ұшып еді, шынында да, торды көтеріп әкетті.Сөйтіп олар тормен ұша жөнелді.Мұны байқаған құсбегі ұшқан құстардың соңынан жүріп отырады.
Аспанда тор ішінде құстар ұшып барады.Жерде оларды қуып құсбегі жүгіріп келеді.Жүгіріп келе жатып ол «тоға әр түрлі құс түсті ғой олар әлі-ақ өзара айтысады. Ал айтыс басталған соң ,құстар жылдам ұша алмайды, тор жерге түседі» деп ойлайды.
Расында да,солай болып шықты.Әуелде құстар торды ынтымақпен көтеріп ұшса да, аздан соң жанжалдаса бастады.Ең алдымен қарғалар қарқ-қарқ етті.
-Біз сияқты аянбай күш жұмсап келе жатқан ешқайсың жоқ.Біз сендердей жалқау болсақ, тор баяғыда жерге топ ете түскен болар еді.
Бұл сөзді естіген көгершіндер:
-Жетер енді,қарғаларІ Көп мақтана бермеңдер! Біз сендерден артық болмаса кем көтеріп келе жатқанымыз жоқ!-деп ашуланады.
Жанжалға басқа құстар да кірісті,бірін-бірі сөгіп,ұрсыса бастады. Алауыздық кірген жерде береке болушы ма еді.Берекесі кеткен құстар енжарланып,қанаттарын ақырын қақты.Тор жерге салбырап түсе бастады. Құс аулаушы да жүгіріп жетті.Ол тордың төмен салбыраған жерінен шап беріп ұстап, құстарымен қоса тартып алды. Олардың бәрін үйіне апарды да, торға қамап қойды.
І.Білім
1. Құсбегінің құрған торына нелер түсті?
2. Тордан босанудың жолын қалай іздеді?
3. Олар қандай келісімге келді?
4. Олар немен ұшты?
5. Құсбегі не істеді?
6. Ол жүгіріп келе жатып нені ойлады?
7. Қарғалар не деді?
8.Көгершіндер не деп ашуланды?
9. Құстар не істей бастады?
10. Тор не істей бастады?
11. Құс аулаушы не істеді?
ІІ.Түсіну
-
Неге құстар торға түсті? -
Неге құс аулаушы олардың арттарынан жүрді? -
Не себептен құстар төмен ұша бастады?
ІІІ.Қолдану
-
Құстардың торды қалай көтеріп алып ұшқанын түсіндір -
Құс аулаушының ойы дәл келгенін дәлелде
ІV.Талдау
-
Құстардың тормен ұшуының себебі неде? -
Құстардың жанжалдасуының себебі неде?
V. Синтез
1. Құстардың жанжалдасуы неге әкелді?
2. Қиындықтан шығу үшін не істеу керек?
VІ. Бағалау
-
Сен топпен жұмысты қалай жасар едің? -
«Асықпаған-арбаға жетеді» деген мақалдың осы ертегіге қатысы бар ма?
Жауаптар:
І.Білім
1. Қарға,торғай,көгершіндер
2. Ақылдаса
3. Қанаттарын бірдей қағып ұшу
4. Тормен
5. Соңынан жүріп отырады.
6. Әр түрлі құс өзара айтысады, құстар жылдам ұша алмайды, тор жерге түседі.
7. Аянбай күш жұмсап келе жатқан ешқайсың жоқ.
8. Біз сендерден артық болмаса кем көтеріп келе жатқанымыз жо
9. Ұрсыса
10. Тор жерге салбырап түсе бастады
11. Шап беріп ұстап, құстарымен қоса тартып алды.
ІІ.Түсіну
-
Жемге қызығып -
Айтыс басталған соң ,құстар жылдам ұша алмайды, тор жерге түседі» деп ойлайды -
Берекесі кеткен құстар енжарланып,қанаттарын ақырын қақты.Тор жерге салбырап түсе бастады.
ІІІ.Қолдану
-
Қанаттарын бірдей қағып ұшып еді, шынында да, торды көтеріп әкетті.Сөйтіп олар тормен ұша жөнелді. -
Алауыздық кірген жерде береке болушы ма еді.Берекесі кеткен құстар енжарланып,қанаттарын ақырын қақты.Тор жерге салбырап түсе бастады.
ІV.Талдау
-
Қанаттарын бірдей қағып ұшып еді, шынында да, торды көтеріп әкетті.Сөйтіп олар тормен ұша жөнелді -
Ауызбіршілік болмағандықтан
V. Синтез
1. Құс аулаушының қолына түсті
2. Бірігіп жұмыс істеу керек
VІ. Бағалау