Файл: Сюжетті рольді ойын Аурухана Масаты А халатты абзал жандарды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сюжетті рольді ойын «Аурухана»

Мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін таныстыру. Балаларды мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұжымдық ойнауға тәрбиелеу.
Т
әрбиеші: Бізге көп қонақтар келген екен амандасайық.
Балалар: Саламатсызба
Т
әрбиеші: Балалар біздер күннің 2 жартысында сюжетті рольді ойын ойнаймыз. Қандай сюжетті рольды ойын білесіңдер?
Балалар: Д
әріхана, Кітапхана, Шаштараз, Дүкенші, Пошташы, Жол ережесі.
Т
әрбиеші: Ендеше бугін қандай ойын ойнаймыз. Балалар: Аурухана.
Тә
рбиеші: Олай болса ойынды ойнамас бұрын рольді бөліп алайық. Кім дәрігер болғысы келеді, кім медбике, кім ана, бола болғысы келеді? Кім дәріханашы болғысы келеді. Жарайды ендеше әркім өз орнына барсын. 
Ана (Са
яжан): Саламатсызба дәрігер
Д
әрігер: Саламатсызба
Ана (Саяжан): Мені
ң балам түнімен ауырып шықты, қарап жіберіңізші. Дәрігер: Қашаннан бері ауырды? Ана (Саяжан): Кешеден бері Дәрігер: Ендеше қызуын өлшейін. Қызуы жоқ, енді аузынды аша ғой тамағынды қарап  жібірейін. Тамағы қызармаған, жақсы. Енді өкпесін тыңдайын. Балаңызға салқын тиген, өкпесінде сырыл бар, емдеу керек. Мына дәріні дәріханадан алып, балаңызға ішкізіңіз. 
Ана (Саяжан): Рахмет д
әрігер, сау болыңы
 Ана (Саяжан): Саламатсызба
Д
әріханашы (Анель): Саламатсызба
Ана (Саяжан): Мағ
ан мына дәріні беріңізші
Д
әріханашы (Анель): Қағазыңыз бар ма? Мына дәріні 2 мезгіл беріңіз.
Ана (Саяжан): Рахмет. Сау болы
ңыз.
Д
әріханашы (Анель): Сау болыңыз
Ана (Г
үлсезім): Саламатсызба
Д
әрігер: Саламатсызба
Ана (Г
үлсезім): Менің баламның тісі ауырып шықты, қарап жіберіңізші.
Д
әрігер: Қане, аузыңды аш. Тісіңді құрт жепті, жұлу керек. Тіс ауырмау үшін 2 мезгіл тазалау керек, тә
ттіні көп жеуге болмайды. Қазір укол беріп, жұлам. Енді 2 сағат тамақ жеме.
Ана (Г
үлсезім): Рахмет, сау болыңыз.
Т
әрбиеші: Балалар бүгін ойынды жақсы ойнадыңдар, рахмет. Олай болса кім дәрігерлер туралы тақпақ біледі. 1. Алина: Ақ халатты киетін
          Аппа
қ болып жүретін
          Аппа
қ болып жүргенді
          
Өзім қатты сүйемін
2. Адиет: Іш ауырса, тіс ауырса
          Маман д
әрі береді
         Барлы
қ бала, барлық ана
          Оны жа
қсы көреді
Т
әрбиеші: Енді өзімізді қонақтарға таныстырып өтейік.
Бала д
әрігері: Нұрсауле. Көз дәрігері: Жансерік. Тіс дәрігері: Арсен.
Медбике: А
қбота, Зарина, Алина
Д
әріханашы: Анель
Ана: Саяжан, Г
үлсезім
Бала: Адиет, Н
ұртас
Т
әрбиеші: Қонақтарға сау болыңыз дейміз

Тақырыбы: «Дүкендер әлемі» Сюжеттік-рөлді ойын.

Білімділік мақсаты: :Балалардың бойында іскерлік түрлерін қалыптастыру,жандарына жақын тақырыптардың бейнесін сомдайтын сюжеттерді көрсетуге,диалогты сөйлейбілуге өз бетінше рөлді толықтыра түсуге    үйрету. Дамытушылық мақсаты::Ойын кезінде бір-бірімен байланыста бірнеше  әрекет түрлерін атқаруын екі киіпкердің қарым қатынас арқылы сөздік   қорларын дамыту. Тәрбиелік мақсаты:: Үлкендердің еңбегін сыйлай білуге және сыпайылыққа,адамгершілікке тәрбилеу. Әдістері: Ойын,жеке жұмыс, рөлдерді сомдау. Көрнекіліктер:Дүкен макеті,касса макеті,нан өнімдері, ,жемістер,карзина,суреттер т. Барысы:(Радиодан хабарландыру айтылады.)Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар.Қаламызда жаңа супермаркет «Аққайын»дүкені ашылып жатыр.Жаңа қызметкерлер мен жас мамандар қажет Балалар: (Залға әуенмен кіреді.) Саламатсызба, Гүлмира Әлібекқызы!Біздер хабарлама бойынша келіп тұрмыз. Тәрбиеші: Саламатсыздарма!Балалар «Жас келсе іске»деген жақсы мақал бар. Хош келдіңіердіздер!Сендерді жаңа жұмыс орнына қабылдамас бұрын сіздерге бірнеше сұрақ қойсам деймін. 1)Сұрақ:Қандай жемістерді білесіндер? Дильназ: Алма,алмұрт,банан,апельсин,анар т.б. 2)Сұрақ:Нан туралы мақал-мәтел білесіндерме? Камила: Ас атасы нан»,»Нан болса әнде болады». 3)Сұрақ:Балалар мына сандар адасып кетіпті,осы сандарды кім маған ретімен қойып,тура және кері санап береді?
Жұлдыз:ретімен кояды.12345:54321: Меңгеруші:Балалар сендер сұрақ-жауаптан өте жақсы өттіндер,енді жұмыс орындарыңды тапсырайын. Дильназ:Сен жемістер туралы жақсы біледі екенсін,жемістер бөліміне бара ғой. Камила:Сен нан туралы мақалды өте жақсы айттың,нан бқліміне бара ғой. Жұлдыз: Сен сандарды өте жақсы айыра білдің.касса бөліміне бара ғой. Сатып алушылар:Жанайым,Ардақ,Тоғжан;Шахназ,Дана. Күзетші:Саламатсыздарма?Хош келдіңіздер!Сөмкелеріңізде артық зат жоқпа? Жарнама: Аружан: Біздің супермаркетімізде әр елден әкелінген алмаға жеңілжіктер жасалуда.Мына сөреде Польшаның алмасы,ал екінші сөреде Иранның алмасы,ал соңғы сөреде өзіміздің Қазақстанның апорт алмасы.Дәмін татып жеп көріңіздер,ұнаған алмаға дауыс беріңіздер. Тоғжан:Дәмі тәтті әрі тіл үйіреді екен! Ардақ:Польшаның алмасының дәмі қышқыл . Жанайым:Апорт алмасы дәмді екен! Осыдан кейін «Жемістер» бөліміне барады. Ардақ:Саламатсызба!Жаңа мен апорт алманың дәмін татып көріп едім,содан 1кг өлшеп салып бересіз бе? Сатушы:Дильназ:Саламатсыз ба?Әрине салып, өлшеп берейін,біздің алмалар өте дәмді,мінекей алыңыз. Ардақ:Рахмет сау болыңыз! Осыдан кейін»Нан» өніміндеріне барады. Сатушы:Камила:Саламатсыз ба? Тоғжан:Саламатсыз ба! Сіздердің нан өнімдеріңіз қай комбинаттан шығарылған Сатушы:Бізде әр комбинаттан әкелінген нан өнімдері бар.Мынау»Атамекен»наны,Мынау «Рамазан» наны, Тоғжан:менің әжем «Рамазан»нанын жақсы көреді,ендеше содан біреуін беріңізші. Сатушы:мінекей алыңыз. Тоғжан:Рахмет, сау болыңыз! (Осыдан кейін «Кассир»бөліміне барады.) Кассир:Жұлдыз:Саламатсыз ба? Ардақ:Саламатсызба? Кассир:Жұлдыз:Сізден 200тенг Тоғжан:Саламатсызба! Кассир:Жұлдыз:Саламатсызба,Сізден 50 тенге Сау болыңыз тағыда келіп тұрыңыз.

Қорытынды:Бүгінгі жұмыс күндерін жақсы өтті,сендерді жұмыс барысында байқадым,берілген рөлдерінді нанымды бейнелей білдіңдер.Сау болыңыздар!


 


                                                Мазмұны

1.  «Көше» сюжеттік-рөлдік ойыны.

2. «Аурухана» сюжеттік-рөлдік ойыны.    3.«Дүкен» сюжеттік-рөлдік ойыны.

 

 

 

      Бала мен балалар ұжымының дамуына мектеп жасына дейінгі іс-әрекетінің негізгі түрі - ойын зор рөл атқарады. Ойын - балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді.

      Орыс педагогы В.А. Сухомлинский: «Ойын - баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» - деп айтады.Ойын - балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұны, әлеуметтік сипаты жағынан баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.


      Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.

Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Отбасы», «Балабақша»және т.с. болып ойнайды.

     Ойынның сюжеттік мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, оның әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойынға ықылас пен ынтаны күшейтеді. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.

      Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді.

      Сюжеттік-рөлдік ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжеттік-рөлдік ойындардың ерекшелігі - оны балалардың өздері жасайды. Сюжеттік-рөлдік ойында бейнелеу құралы - рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.

 

 

Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен ашық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы  түсінік алады.

  Ойын  –  ұшқыр, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.

  Ойын  – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

 

      

«Көше» сюжеттік-рөлдік ойыны.
Бағдарламалық мазмұны:                                                                                      1.Балаларға көліктердің түрлері, жүргізушілердің еңбегі және көше қозғалыстарының  ережесі туралы түсінік беру.                                              Балаларға  бағдаршамның атқаратын жұмысын, автобусқа міну, көшеден өту ережелерін үйрету.                                                                                                        Көше ережелерінің белгілерін түсінуге, ажырата білуге үйрету, көше қозғалыстарының ережелері жайлы білімдерін кеңейту.                                           2.Көше қозғалыстарының негізгі ережелеріне бағына білуге тәрбиелеу.           Ойын атрибуттарын жасау
, реттеушіні, жаяуларды, жүргізушілердің рөлін ойнауды уйрету.                                                                                              Атрибуттар: түрлі көліктер, коляскалар, велосипедтер, бағдаршам, белгілер, реттеушінің жұмыс киімі, жаяуларға арналған белгілер, жаяулар, жүргізушінің куәлігі,реттеушінің таяғы.                                                                              Қатысушылар: полиция-реттеушісі, МАИ инспекторы, жүргізушілер, жаяулар.    

                           Қыркүйек                                                                                             1.Көше жайлы әңгімелеу, көліктердің әрекеттерін бақылау мақсатында көшеге саяхат.                                                                                                                      Сөздік: жолақтар(тратуарлар), қиылыстар, жол қиылысындағы қозғалыс.                 2. «Қала көшесі» суреті бойынша әңгімелеу.Түрлі көліктердің екі жақтамалы қозғалысы, қиылыстар, жолақтар жайлы білімдерін тиянақтау.                                3. «Жаяуға арналған жол» белгісін дайындау. «Жаяуға арналған жол» белгісі тұрған жерде жаяулардың жолақпен, жаяуларға арналған жолдан өтуін серуендеу барысында ойнату тереңдету.

1.Бағдаршаммен таныстыру. «Жол ашық, өтіңдер» әңгімесін оқу. Көліктермен жаяулардың қиылыстардағы қозғалысын, бағдаршамның жұмысын бақылау.        Атрибуттарды дайындау: бағдаршам. Бағдаршамның көмегімен жолдан өту  және  көліктердің қозғалысын ойнату.

«Бағдаршам» өлеңін жаттау. «Біздің қала көшелері» ойынын басқа тұрмыстық ойындарымен байланыстыру. Балаларды өз еркімен рөлдерді таңдауға үйрету.  «Болуы мүмкін емес» суреті бойынша әңгімелеу.Балалардың көшеде жүру ережесінің қауыпсіздігін  сақтау туралы білімдерін тиянақтау.                      Балаларға полиция-реттеушісінің жұмысы туралы әңгімелеп беру. Топқа МАИ қызметкерін шақыру және «Біздің қала көшелері » ойынын көрсету, полиция-реттеушісінің ала таяқшамен(жезл) машиналарды тоқтатып, жаяуларды көшеден өтуін  көрсету.                                                                                                                  Атрибуттарды дайындау: МАИ қызметкерінің киімі, ала таяқша(жезл). Екі қиылыс жасап, полиция-реттеушісінің әрекеттерін ойнату.    «Қала көшесі» макетін дайындау. Балалар машиналардің , адамдардың        кескінін, үйлерді жасайды. Көше қозғалыстарының ережелерін қайталау, тиянақтау.