ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің суперпозиция принципі
Білім беру ұйымының атауы | |
Бөлімі: | Электростатика |
Педагогтің аты-жөні: | Шырылдакова Ш.А |
Күні: | 10,12.01.23 |
Сыныбы: 10 А,С | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің суперпозиция принципі |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 10.4.1.2 - суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану; |
Сабақтың мақсаты: | Нүктелік зарядтың айналасындағы электр өрісін көрсетеді Аттас зарядтар мен әр аттас екі зарядтар айналасындағы электр өрісін бейнелейді Суперпозиция принципін электр өрісінің кернеулігін анықтауға қолданады |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 минут | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сұрақтарға жауап беріңдер. 1) Электр өрісі 2) Электр өрісінің кернеулігі 3) Электр өрісі кернеулігінің формуласы, өлшем бірлігі 4) Кернеулік векторының бағыттары ІІ. Сабақ мақсатын және оқыту мақсатын жариялау. | Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады. | Дескриптор:
| Оқулық Слайд http://www.youtube.com/watch?v=bO91e0AaGGg&feature=related |
Сабақтың ортасы 25 минут | Жаңа тақырып Электр өрісі кернеулігінің суперпозциясына презентация көрсете отырып, ондағы жаттығуларды орындату Топтарға тапсырма. Кернеуліктің суперпозиция принципін ашу үшін әртүрлі тапсырмалар беру. Тапсырмалардың сызбаларын төмендегідей салып, қорытқы кернеуліктің есептеу формуласын шығарады М ысалы, 4 топ өз жұмыстарын басқаларға көрсетіп, түсіндіреді ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ № 1. Біртекті электр өрісіндегі кернеулігі 1,3 • 105 Н/Кл массасы 2 • 10-9 г тамшысының зарядын анықтаңдар. №2. Кернеулігі Е0=3 кН/Кл біртекті электр өрісінде q = 4•10-10 Кл заряд орналасқан. Нүктелік зарядтан 3 см қашықтықта орналасқан А нүктесіндегі электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар. Зарядты және А нүктесін қосатын кесінді біртекті электр өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр болып келеді. ІІІ. Кері байланыс | Дескриптор:
Векторларды қоса алады Дескриптор: -Векорларды қосудың үшбұрыш әдісін қолданады -Қорытқы векторды табады -геометриялық формулаларды қолдана біледі Дескриптор: -Дене зарядын анықтайды -Нүкте кернеулігін біледі -геометриялық формулаларды қолдана біледі -Электр өрісінің күш сызықтарынның бағытын біледі | Презентация http://www.youtube.com/watch?v=A_NcMQA5RQc http://www.youtube.com/watch?v=F1z5UaX96j8&feature=related Кем В.И., Қойшыбаев Н. «Физика 10» | |
Сабақтың соңы. 5 мин Рефлекция Бағалау | Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр: Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау -Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу. | Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады. | Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 15 балл | Үлестірме стикерлер Дескриптор Оқулық |