Файл: Білімділік Токты жмысы мен уаты, ДжоульЛенц заы туралы тсіндіру, жаа ым жнінде тсінік алыптастыру. Электрлік былыстар тарауы бойынша білімдерін толытыру, бекіту, тексеру Дамытушылы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8 сынып
Күні:20.02.14
Тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы.
Мақсаты:
Білімділік: Токтың жұмысы мен қуаты, Джоуль-Ленц заңы туралы
түсіндіру, жаңа ұғым жөнінде түсінік қалыптастыру. Электрлік құбылыстар тарауы бойынша білімдерін толықтыру, бекіту, тексеру
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және
танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды, көрегендікке, еңбекшілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: деңгейлік сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: критерийлермен бағалау, сұрақ-жауап, фронтальды сұрау, топппен жұмыс, өздік жұмыс;
Пәнаралық байланыс: электроника, электротехника, тарих, қазақ тілі, математика т.б.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, физикалық приборлар, кестелер, карточкалар
Электр энергиясы – ХХІ ғасырдың қуат көзі.
Есіңе түсір (теорияны қайталау)
1.Электр тогы дегеніміз не?
2.Ток күші дегеніміз не, формуласы, өлшем бірлігі, құрал
3.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай жазылады?
4. Тізбекте ток болу қандай жағдайлар болу үшін
не керек ?
5. Электр қозғаушы күш дегеніміз не?
6. Электр кернеуі дегеніміз не? формуласы,
өлшем бірлігі, құрал
7. Кедергі дегеніміз не
8.Өткізгіштің меншікті кедергісі деген не, формуласы өлшем бірлігі, құрал
9. Тізбектей және праллель жалғау заңдылықтары.
10. Толық тізбек үшін Ом заңы.
Берілген сіреттегі құралдарды сипаттаңыздар:
Жаңа сабақ
Жұмыс пен қуат. Джоуль – Ленц заңы » тақырыбы бойынша алған түбегейлі білімдерің электр қуатын тұтынуда көмегін тигізеді.
-
Электр тогының жұмысы.
Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді. Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.
Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады.
Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.
A=qU; I=q/t
Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең:
A=IUt егер I=U/R; U=IR; A=IUT=I2Rt=U2/Rt=Q
SI жүйесінде жұмыс Джоульмен (Дж) өлшенеді.
1 Дж = 1А·1В · 1 с
Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады
егер I=U/R; U=IR; A=IUT=I2Rt=U2/Rt=Q
Өткізгіштерді тізбектей жалғау үшін: A=I2Rt
Өткізгіштерді параллель жалғау үшін: A=U2/Rt
1 Вт∙сағ. = 3600 Дж
1 гВт∙сағ = 100 Вт = 360 000 Дж
1 кВт∙сағ = 1000 Вт = 3 600 000 Дж.
Токтың қуаты
Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатыныасына тең:
P=A/t=IU
егер I=U/R; U=IR; P=IU=I2R=U2/R
Өткізгіш неге қызады:
Джоуль- Ленц заңы.
Ағылшын физигі Ресей физигі
Джеймс Джоуль Эмилий Христианович Ленц
(1818-1889) (1804-1865)
Тогы бар өткізгіштің бөлініп шығатын жылуының мөлшерін ток күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең:
Q=I2Rt
Тестерді орындау – сіздердің болашақ мамандықтарыңызды біліп-тануыңызға ашылатын бірден бір жол.
Тест
1. Электр тізбегіндегі кернеудің токқа қатынасын қандай физикалық шама деп аталады?
А. Ток күші.
В. Кернеу.
С. Кедергі.
Д. Жұмыс.
Е. Қуат.
2. Кедергілері 3 және 6 Ом резисторлар параллель жалғанғанда, жалпы кедергілері неге тең?
А. 2 Ом
В.10 Ом.
С. 4 Ом.
Д. 18 Ом.
Е. 3 Ом.
3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі ток күші тұрақты болады?
А. Тізбектей.
В. Аралас.
С. Параллель.
Д.Біртіндеп.
Е. Тізбектей және біртіндеп
4. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?
А. Тізбектей.
В. Аралас.
С. Параллель.
Д.Біртіндеп.
Е. Параллель және біртіндеп
5. 7 кА болатын тоқ күшін ампермен өрнекте?
А. 0,7 А.
В. 700 А.
С. 7000 А.
Д. 0,007 А.
Е. 0,07 А.
6. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?
А. R=U/I.
В. R=UI.
C. R=I/U.
Д. R=ρS/L.
Е. m=kIt.
7. Қалыңдығы өткізгіштер өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш қалай аталады?
А. психрометр.
В. термометр.
С. амперметр.
Д. конденсатор.
Е. трансформатор.
8. Үйкелген дененің басқа денені тарту құбылысы алғаш қай жерде белгілі болды?
А. Греция.
В. Англия.
С.Ресей.
Д. Франция.
Е.Италия.
9. Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
А. Амперметр, тізбектей
В. Амперметр, параллель
С. Вольтметр, тізбектей.
Д. Вольтметр, параллель
Е.Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.
10. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланылады?
А. 120 В.
В. 220 В.
С.360 В.
Д. 380 В.
Е. 36 В
Жауаптары:
I нұсқа |
1. С |
2. А |
3. А |
4.С |
5.С |
6.А |
7.Д |
8.А |
9.А |
10.В |
Сабақты қортындылау
Бағалау;Үйге тапсырма: :§42 параграфтарды оқу.
Тест
1. Электр тізбегіндегі кернеудің ток күшіне қатынасын қандай физикалық шама деп аталады?
А. Ток күші.
В. Кернеу.
С. Кедергі.
Д. Жұмыс.
2. Кедергілері 3 және 6 Ом резисторлар параллель жалғанғанда, жалпы кедергілері неге тең?
А. 2 Ом
В.10 Ом.
С. 4 Ом.
Д. 18 Ом.
3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі ток күші тұрақты болады?
А. Тізбектей.
В. Аралас.
С. Параллель.
Д. Тізбектей және біртіндеп
4. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?
А. Тізбектей.
В. Аралас.
С. Параллель.
Д. Параллель және біртіндеп
5. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?
А. R=U/I.
В. R=UI.
C. R=I/U.
Д. R=ρS/L.
6 . Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
А. Амперметр, тізбектей
В. Амперметр, параллель
С. Вольтметр, параллель
Д. Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.