Файл: By аылшын тілінде белгілі бір затты кімні істегенін айтуы шін олданылады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ағылшын тілінде предлогтың маңызы өте зор. Предлогтар сөзбен-сөзді байланыстырып тұрады, ол ағылшын тілінде сөз табы ретінде қарастырылады.
By ағылшын тілінде белгілі бір затты кімнің істегенін айтуы үшін қолданылады.
Мысалы:
This movie was filmed by Stanley Kubrick. — Бұл фильмді режиссер Стэнли Кубрик түсірген.
All paintings in this room were painted by me. — Бұл бөлмедегі барлық суреттерді мен салғанмын.
The vase was broken by my cat. - Вазаны менің мысығым сындырды.
Авторлықты көрсету үшін де пайдаланамыз:
Words of edification by Abay – Абайдың қара сөздері
Composition by Nurgisa Tlendiev - Нұрғиса Тілендиевтің композициясы
By сонымен қатар белгілі бір әрекеттің орындалу бейнесін көрсетеді. Яғни, бұл жағдайда By "не арқылы" деген мағынада қолданылады.
I’ll pay by credit card. - Мен картамен төлеймін.
Could you send me a copy by mail? - Маған көшірмесін пошта арқылы жібере аласыз ба?
That roads are linked by a bridge. - Бұл жолдар көпірмен байланысты.
By жерге қалай жететінімізді айтқан кезде де қолданамыз: by car (машинамен) / by train (пойызбен) / by plane (ұшақпен) / by boat (кемемен)/ by bus (автобуспен) және т. б.
She gets to school by bicycle - Ол мектепке велосипедпен келеді.
We’re going to travel by car - Біз көлікпен саяхатқа шығамыз.
By белгілі бір заттың орналасуын білдіреді
I’m waiting you by the cafе - Мен сені кафенің жанында күтемін.
Who is that person who’s standing by the door. - Есік алдында тұрған адам кім?
Do you see a glass vase by china cups? - Фарфор шыныаяқтардың жанындағы вазаны көріп тұрсыз ба?
Шамаларды салыстырған кезде, by белгілі бір заттың саны/бағасы/шамасы қанша өскенін немесе азайғанын көрсетеді. Көбінесе бағалар мен пайыздармен қолданылады.
Мысалы:
The number of robberies dropped by 10 percent. - Тонау саны 10% - ға төмендеді.
The coat price has increased by 10 dollars. - Пальто бағасы 10 долларға өсті.
Last century sea levels rose by half that amount. - Өткен ғасырда теңіз деңгейі осы көрсеткіштің жартысына көтерілді.
Уақытты көрсету
Сондай-ақ, by уақытты білдіруі мүмкін. Ол белгілі бір уақытта немесе белгілі бір уақытқа дейін бірдеңе болатынын көрсетеді.
Мысалы:
Jane isn’t home, she’ll be back by 7. - Джейн үйде емес, ол 7 - ге дейін оралады.
I’m on vacation, I’ll be in Moscow by Friday. — Мен демалыстамын, жұмаға дейін Мәскеуде боламын.
By the time the performance starts, everyone should be seated. - Сөз сөйлеу басталған кезде әркім өз орнын алуы керек.