Файл: Таырыбы арапайым физиотерапиялы емшараларды олдану Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.

2. Қолыңызды антисептиксіз,антисептик деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3. Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.

4. Даярланған ерітіндінің (20-25 С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.

5. Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.

6. Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.

7. Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан колемі 2 см артық болуы тиіс).

8. Қойған компрес денеге тыгыз қабыса жататындай керек, бірақ қозгалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.

9. Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).

10.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.

11.2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканьң ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

12.Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.

13.Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:

- егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған;

- спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;

- компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағатан соң қайталауға болады;

- қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін.
Тест тапсырмаларын сәйкестендіріп орындаңыз

1.

Іс-шара

Әсер ету көрінісі

  1. Жылытқышты қолдану

  2. Мұзды мұйықты қолдану

  3. Ылғалды суық дәкені қолдану

  4. Жылытқыш компресті қолдану




А. Ісінуге қарсы

Б. Ауыру сезімін төмендетеді

В. Қан тамырларын кеңейтеді

Г. Қан тамырларын тарылтады

Д. Сорып алу

Е. Жылыту




2.

Іс-шара

Қолдану көрсеткіші




  1. Жылытқышты қолдану

  2. Мұзды мұйықты қолдану

  3. Ылғалды суық дәкені қолдану

  4. Жылытқыш компресті қолдану




А. Мұрынан қан кеткенде

Б. Пневмония, бронхит

В. Неврит және невралгия

Г. Радикулит

Д. Миозит

Е. Жарақаттан кейінгі бірінші сағаттар

Ж. Стенокардия ұстамасында

З. Бүйрек коликасында

И. Асқазаннан қан кетуде

К. Инъекциядан кейін пайда болған инфильтрат

Л. Отит

М. Гипертермия

Н. Операциядан кейінгі кезең





3.

Іс- шара

Қолдау көрсеткіші

  1. Қыша қағазын қолдану

  2. Оңқа қолдану

А. Жоғарғы тыныс салу жолдарының қабыну процесінде

Б. Төменгі тыныс салу жолдарының қабыну процесінде

В.Неврит және невралгия

Г. Радикулит

Д. Миозит

Е. Жедел қан кетулерде

Ж. Стенокардия ұстамасында

З. Гипертензияда




4.

Іс-шара

Қарсы көрсеткіші

  1. Жылытқышты қолдану

  2. Мұзды мұйықты беру

  3. Ылғалды суық дәкені қолдану

  4. Жылытқыш компресті қолдану

5. Қыша қағазын қолдану

6. Оңқа қолдану


А. Тері ауруларында

Б. Жоғарғы қызбада

В. Жарақаттан кейінгі бірінші сағаттарда

Г. Ісік процесінде

Д. Қан кету қаупінде

Е. Инъекциядан кейінгі инфильтратта

Ж. Іштегі себебі белгісіз ауыру сезімінде

З. Туберкулезде

И. Арықтауда, жүдеуде





5.

Іс- шара

Қолдану уақыты

  1. Жылытқышты қолдану

  2. Мұзды мұйықты қолдану

  3. Ылғалды суық дәкені қолдану

  4. Спиртті жылытқыш компресті

  5. Сулы жылытқыш компресті

6. Қыша қағазын қою

7. Оңқа қою

А. Клиникалық жағдайға байланысты әрбір 20-30 минутқа қойып, 10-15 минут үзіліс жасаймыз осылай бірнеше сағаттай қайталанады.

Б. 2-3 минут

В. 4-6 сағат

Г. 8-10 сағат

Д. 10-15 минут

Е. 30-40 минут

Ж. Әр 20 минут сайын, 15-20 минут үзіліспен дәрігердің тағайындаған уақытына байланысты.





6.

Іс-шара

Іс – шарадан кейінгі терідегі өзгеріс

  1. Жылытқышты қолдану

  2. Қыша қағазын қолдану

  3. Оңқа төңкеру

  4. Спирттелген жылтқыш компресті қолдану


А. Өзгеріссіз

Б. Бозару

В. Қызару

Г. Құрғақ және жылы

Д. Ылғалды және жылы

Е. Қан құйылу





7.

Іс-шара

Әсер ету механизімі

  1. Жылытқышты қолдану

  2. Қыша қағаздарын қою

  3. Оңқаны қолдану

  4. Мұзды мұйықты қолдану




А. Химиялық – эфирлі майлардың тері рецепторларын тітіркендіріп, қан тамырларын кеңейтіп, қан айналымын жақсартады.

Б. Физикалық – вакуум қан мен лимфаның қайналысын жылдамдатады, тіндердің қоректенуін жақсартады.

В. Термиялық – бұлшық етті рефлекторлы түрде босаңсытады, ішкі ағзалардың көк тамырлардағы қан толуларды жақсартады.

Г. Термиялық – бұлшық еттердің тонусын жоғарылатады, тамырларды тарылтады, ішкі ағзалардың көк тамырларындағы қан толуды төмендетеді.

Д. Ылғал мен жылылық

Е. Қан құйылу






8.

Іс- шара

Іс – шараға қажетті

  1. Спиртті жылытқыш компресті қою

  2. Мұзды мұйықты қолдану

  3. Ылғалды суық дәкені қолдану

  4. Жылытқышты қолдану



А. Мақта Ж. Мұз

Б. Дәке салфеткасы З. Су

В. Бинт И. Орамал

Г. Компреске арналған қағаз

Д. Дәрілік ерітінді

Е. Резеңке ыдыс





Дұрыс жауаптарын толықтырыңыз


  1. Физиотерапия – бұл ағзаға әр түрлі _______________________ факторлардың әсері.

  2. АҚ көтерілгенде пациенттің бас аймақтарының қыша қойылатын бұлшық еті_______ .

  3. Жүрек ауырғанда қыша қағазын мейірбике пациентке қоятын жері _____________.

  4. Суық тигенде қыша қағазын кеуде клеткасының ___________ аймағындағы __________ бұлшық етке қояды.

  5. Қыша қағазын қойғанда беткей қан тамырлардың кеңеюі, хеморецепторлардың тітіркенуі теріге____________ майының әсерінен болады.

  6. Медициналық оңқаға ыстық фитильді енгізгенде ауасыз кеңістік қалыптасады - ___________.

  7. Жүрек тұсына, омыртқаға ____________________ оңқа төңкеруге тыйым салынады.

  8. Длительное воздействие холода при применении пузыря со льдом может вызывать ___________ организма.

  9. Гипертермия, жедел қан кетуде– _________ _____ ___________көрсеткішіне жатады.

  10. Инъекциядан кейін пайда болған инфильтратқа – _____________________қолдану көрсеткіші.

  11. Мұздау , қалтырау, бүйрек коликасы – қолдануға көрсеткіш________________.

  12. Балалардағы төменгі тыныс алу жолдарының қабыну процесінде – қолдануға көрсеткіш _________ _____________.

  13. Жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуында – қолдануға көрсеткіш_______________ ваннаның.

  14. Жығылу, мұрыннан қан кету, бастың ауыруы – мұндай көрсеткіште қолданылады ______________.

  15. Жылытқыштың түрлері: _________, ________ сулы.

  16. Резеңкеден жасалынған күтім заттарын зарарсыздындырады ________________.

  17. Пациенттен қышаны алғаннан кейін терісінде, тері жабындыларында қалады _________________ .

  18. Жылытушы компрестің жылуы қамтамасыз етеді: _______________.

  19. Жылытушы компрестің герметикалық қабаттары __________ _____________.

  20. Жәндік шаққанда көңіл аудартатын жағдай жасалынады - ______________________.


Жетіспейтін көрсеткішті табыңыз

  1. Жылытқышты қолданудағы судың температурасы _____ ________ ⁰С.

  2. Жылытқышты суға толтыру көлемі _________.

  3. Жылытқышқа құятын судың температурасы - ________ ____⁰С.

  4. Мұзды мұйықты пациенттің денесіне 20-30 минутқа қойып, үзіліс жасау уақыты ___

  5. Медициналық оңқаларды арқаға төңкеру уақыты ___ ___ минут.

  6. Жылыту компрестерінің емдеу қабаттарының саны______.

  7. Жылытатын су компрестерінің қойылатын уақыты _______ сағат.

  8. Жылытқыш спиртті компресті алатын уақыты ____ - ____ сағаты.

  9. Дем алатын ерітіндегі оттегінің оптимальді көлемі______ - _____%.

  10. Сүлікті алудан кейінгі таңудың уақыты ______ сағат.




Тест түріндегі тапсырманы шешіңіздер
Бір қате жауабын көрсетіңіз– «төрт жауаптың біреуі қате».

  1. Қарапайым физиотерапия теріге әсер береді

А. Эфир майы

Б. Оттегін

В. Температуға әсері

Г. Ваккумдық әсер


  1. Физиотерапиялық іс-шаралардың әсері

А. Ауыру сезімін азайтатын

Б. Аллергияға қарсы

В. Еріту

Г. Көңілін аудару


  1. Оңқа төңкеру кезінде теріге крем жағу мақсаты

А. Жылыту

Б. Жұмсарту

В. Герметикалық

Г. Еріту


  1. Оңқамен емдейді

А. Миозитті

Б. Туберкулезді

В. Пневмония

Г. Радикулит


  1. Қыша қағазын қолдану көрсеткіші

А. Бұлшық ет ауырулары

Б. Аллергиялық жағдайлар

В. Жүрек тұсындағы ауыру сезімдері

Г. Гипертониялық кризде


  1. Қыша қағазының қолданудағы қарсы көрсеткіштері

А. Қан кеткенде

Б. Ісіктерде

В. Гипертермия

Г. Остеохондроз


  1. Жылытушы компрестің керекті құралдары

А. Салфетка

Б. Лейкопластырь

В. Компреске арналған қағаз

Г. Мақта


  1. Салқындатушы компресс көмектесді

А. Қантамырлардың спазымында

Б. Ісікті қайтару үшін

В. Ауыру сезімінің төмендеуі үшін

Г. Судоргтарды тоқтату үшін


  1. Жылытқышты қолдану мақсаты

А. Спазымды төмендету үшін

Б. Тыртықтарды сору үшін

В. Денені жылыту үшін

Г. Инфильтратты еріту үшін


  1. Салқындататын мұзды мұйықтың әсер ету көрсеткіші

А. Сорылу

Б. Қан тоқтау үшін

В. Ауыру сезімін азайту

Г. Көңілін аудару үшін