Файл: Дріс 1 Кіріспе сабаы. Кемтар балаларды ебек рекеттеріне жалпы сипаттама. ол ебегіне оытуды масаттары мен міндеттері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дәріс № 1: Кіріспе сабағы. Кемтар балалардың еңбек әрекеттеріне жалпы сипаттама. Қол еңбегіне оқытудың мақсаттары мен міндеттері.
Дәріс жоспары:


  1. Еңбек әрекеті кеміс балалардың психикалық, физикалық даму кемшіліктерін түзету құралы ретінде.

  2. Көмекші мектеп оқушыларының еңбекке тәрбиелеу теориясының негізгі ережелері.

  3. Көмекші мектеп оқушыларының еңбек әрекетінің ерекшеліктері.

  4. Қол еңбегі сабақтарының жалпы және арнайы міндеттері.

5. Көмекші мектеп оқушыларының еңбекке оқыту мен тәрбиелеу

жүйесінің жалпы сипаттамасы.
1. Еңбек әрекеті кеміс балалардың психикалық, физикалық даму кемшіліктерін түзету құралы ретінде.
Адам әрекетінің басты түрі болып еңбек саналады. Еңбек – материалдық және рухани байлықтардың көзі. Ф.Энгельс сөздері бойынша, еңбек – «...адам өмірінің ең бірінші негізгі шарты, және сондай дәрежеде, оны біз белгілі бір мағынада: адамның өзін еңбек қалыптастырған (құрастырған) деп айтуымыз қажет» 1.

Адам еңбек процесінде қалыптасқан, оның әрекеті қоршаған дүниемен мақсатталған саналы өзара байланыспен сипатталады. Еңбек әрекеті материалдық және рухани құндылықтарды өндіруге бағытталған, еңбек құралдарын жасау мен қолдануымен байланысты, еңбек функцияларының бөлінуімен байланысты және қоғамдық мінезі бар.

Адам әрекетінің барлық түрлері мақсатталғандығымен және саналығымен сипатталады, олардың негізгілеріне, еңбекпен қоса, ойын мен оқу жатады. Еңбек негізінде пайда болып, ойын мен оқу адамның дамуы мен оны еңбекке даярлаудың (әзірлеудің) маңызды шарттары ретінде қарастырылады. Ойын психикалық процестердің дамуы және мектеп жасына дейінгі жастағы балалар тұлғасының қалыптасуы үшін қажет болса, оқу – оқушыларда жетекші маңызды роль атқарады. Ойын мен оқыту барысында балаларда еңбек әрекетінің элементтері де қалыптасады.

Еңбек әрекеті (адам әрекетінің басқа түрлері сияқты) белгіленген мотивтермен (себептермен) туындайды және саналы сезіну мақсаттарға жетуге бағытталған. Ол әрекет арқасында орындалады, олардың жеке компоненттері автоматикалық (жаттанды) дағдылар негізінде орындалуы мүмкін.

Еңбек әрекетінің мотивтері дегеніміз, бұл оның немен туғызылатындығы, оның мақсаттарына не үшін жетуге тырысатындығымыз. Еңбек әрекетінің мақсаттары- бұл көз алдына елестеткен нәтижелер, туындылар (бұйымдар, заттар), ол соларға жетуге бағытталған. Бірдей мақсаттар түрлі мотивтермен байланысты болуы мүмкін: өзіндік және қоғамдық, түрлі дәрежеде саналы сезінуі, бір бірінен өзара қайшылыққа түсетін немесе сәйкес болатын талап (түрткі) күшімен және тұрақтылығымен ажыратылады. Бір уақытта бірнеше мотивтер әсер етуі мүмкін. Мысалы, жұмыскер әрекеті өз мамандығына деген қызығушылықпен туғызылады (мотивтендіріледі), өзінің кәсіптік міндетің орындауға ұмтылуымен, ұжымдағы сыйластыққа жетуімен, белгіленген материалдық жақсылыққа жетуімен туғызылады.


Еңбек әрекетінің тұрақты мотивтер жүйесі оның мотивациясын туғызады. Еңбек әрекетінің мотивациясында ыңғай адам тұратын қоғамдық-экономикалық жағдайлар бейнеленеді. Жеке меншіктік пен еңбекті әбігерленушіліктен босату адамдардың еңбек әрекеті мотивациясының өзгеруі үшін объективті жағдайлар туғызады- оған қоғамдық мотивтер сай келеді.

Әрекеттер мақсаттары түрткі (талапты) күшке ие болып мотив функциясын орындай алады. Мотив әрекеттер мақсаттарына ауыса алады. Бұндай жағдайда жеке әрекеттер дербес әрекеттерге ауысып, рационализаторлық бола алады.

Тұрақты жағдайда бір мақсатқа бірнеше рет жету әрекеттердің толығынан немесе жартылай автоматизациясына– олардың дағдыларға ауысуына әкелуі мүмкін. Мысалы, балалар алғашқы рет таңбаларды (шаблондарды) басып алуды орындау барысында, таңбаның (шаблонның) шетінен қарындаш ұшының ауытқуымен және таңбаның (шаблонның) жұмыс барысында жылжып кетуімен байланысты қателіктер жібереді. Жаттығулар барысында (процесінде) бұған көңіл аударылады, басып алуға қойылатын талаптар оқушылармен саналы қабылданады, басып алу жігерлі де сапалы орындала бастайды. Жүре пайда болған дағдылар түрлі мөлшердегі және формалы таңбаларды (шаблондарды) басып алу барысында жақсы қолданылады. Дағдының қалыптасуына қажет жаттығулар саңы, ең алдымен оқыту жағдайларына тәуелді.

Түрлі бұйымды орындау процесі өзіне өндірістік (технологиялық) операцияларды кіргізеді, олар еңбек тәсілдері арқылы орындалады. Соңғылары әрекеттерден тұрады, ал әрекеттер қимыл-қозғалыстан тұрады. Еңбекке баулу сабақтарындағы оқушылармен орындалатын технологиялық операцияның мысалы конструктор бөлшектерінен құрастыру болуы мүмкін. Құрастыру барысында бөлшектерді қолымен және құрал-саймандармен біріктіру тәсілдері қолданылады. Бөлшектерді қолымен біріктіру барысында, оқушы бір бөлшек пен винтты алып, оны бөлшектегі тесікке кіргізеді, екінші бөлшекті алады және т.б. Бұндай әрекеттер жекеге бөлінбейді және қимыл-қозғалыс жиынтығының орындалуымен жүзеге асады. Мысалы, бөлшекті алу үшін оқушы оған қолын созады, саусақтарымен қажетті ыңғай жасайды, бөлшекті саусақтарымен қысып ұстап өзіне қарай алады. Бұндай әрекеттер мен қимыл-қозғалыстарды жетілдіру қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Еңбек тапсырмасын орындау үшін тек қимыл-қозғалыс әрекеттерін игеру жеткіліксіз. Түрлі бұйымды жасау барысында, еңбекшінің санасында оның бейнесі болуы керек, ол бұйымға және жұмыс процесіне қойылатын талаптарды білуі қажет, белгіленген жоспарға сүйенуі керек, алынатын нәтижені бақылауын

жасай алуы керек, қажет болса өз әрекетін түзете білуі керек. Көз алдына елестету, көріністер, білімдер, дағдылар мен іскерліктер, икемділіктер адамның тәжірибесін құрайды.

Ашық түрде еңбек әрекеті өзіне кезеңдер қатарын кіргізеді. Бастапқы кезең әрекет, құрал және оған жету шарттарының мақсаттарын саналы сезінуге бағытталан. Болашақ нәтиже туралы көріністер (елестету) мен білімдер еңбекшіге негізгі бағдар болып саналады. Бұл кезеңде тапсырманы орындау құралдары мен шарттарын саналы сезінуге жету керек, басқаша айтқанда қосымша бағдарларды- алынған материалдар туралы, жұмысқа қажет еңбек құралдары туралы көріністер мен білімдерді қалыптастыру қажет. Еңбек әрекетінің бұл кезеңін тапсырмада алдын ала бағдарлану (бейімделу) кезеңі деп атауға болады.

Түрлі еңбек тапсырмасын орындау белгіленген бірізділікпен жүзеге асады. Әрекеттердің бірізділігі мен мазмұны адамға жақсы таныс болуы мүмкін, мысалы бір бөлшекті бірнеше рет жасаған жұмыскерге. Егер де бөлшек алғашқы рет немесе жаңа жағдайда (жаңа оборудовании, өзгерілген технология бойынша) орындалса, онда жұмыскер алдында жоспарлау міндеті тұрады – жасалатын жұмыстың алдын ала жүріс барысын және мазмұның белгілеу. Тапсырманы толығынан орындауын жоспарлау және жеке әрекеттерді жоспарлау еңбекке баулу сабақтарында да ыңғай орындалады.

Кейбір авторлар жоспарлау өзіне тапсырмадағы бағдарды да кіргізеді деп санайды. К.К.Платонов жоспарлауды «ақыл-ой әрекетінің түрі ретінде белгілейді, қажетті болашақтың бейнесін туғызушы, оған жету кезеңдерінің ұғынуын кіргізүші» ретінде қарастырады2. В.В.Чебышева бағдарлап жоспарлау туралы келесіні айтады, «барлық жағдайларды, міндетті анықтау мен оны орындау мүмкіншіліктерін есепке алу негізінде жұмысты орындау шешімі қабылданады, ал алдағы әрекет тек жалпы сипатта ғана белгіленеді»3. Бұндай көз қарас келесі тұжырымға қайшылық етпейді: еңбек әрекеті процесінде жұмыс мақсатын, оған жету үшін қажетті құралдар мен шарттарды саналы сезіну алдағы жасалатын әрекеттердің бірізділігін (қандай реттілікпен орындайтынын) белгілеуін қамтиды.

Жұмысты жоспарлағаннан кейін оны орындау кезеңі келеді. Еңбекке баулу сабақтарында еңбек нәтижесі болып бір бұйым табылады. Неғұрлым бұл бұйыммен (затпен), оны жасау құралдарымен, шарттарымен, жұмыс жоспарымен оқушылар жақсы таныс болса, соғұрлым жұмысы табысты болады.

Еңбек тапсырмасын орындау барысының барлық кезеңдерінде еңбек етуші өз әрекеттерін бақылап отыруы қажет және алынып жатқан нәтижелерін үлгімен (эталонмен) салыстыруы қажет. Үлгілер (эталондар) көз алдына елестететін және материалды (үлгі, сурет, фотосурет ретінде) болуы мүмкін. Сонымен қоса жұмыс орны мен құрал-саймандар жағдайы, құралдардың жұмысқа жарамдығы, қолданатын материалдардың сапасы бақыланады.


Өзін-өзі бақылау сезім мүшелері (көрі, есту, түйсіну) арқылы және бақылау құрал-саймандарымен, жабдықтарымен жүргізіледі. Ол еңбек әрекетінің мақсатталынуының қажетті шарты болып саналады. Өзін-өзі бақылау нәтижелерін қолдана, еңбек етуші өз әрекетіне дер уақытта түзетулер кіргізуіне болады, оны қойылған мақсатпен сәйкес реттей отыра.

Тапсырмада бағдар ету (бейімделу), жоспарлау мен оның орындалуын бақылау іскерліктерін көбіне жалпы енбек іскерліктері, икемділіктері деп атайды, өйткені олар еңбек әрекетінің әр түрінде қажет, оның саналы, мақсатталған болуын, дербестігін қамтамасыз етеді. Бұл іскерліктерді сонымен қоса ақыл-ой іскерліктері деп атайды, өйткені олар еңбек процесіндегі ойлау міндеттерін шешуде, ақыл-ой дамуының белгіленген деңгейіне сүйене қалыптасады.

Сонымен, еңбек әрекетінің әр түрін меңгеру белгіленген білімдерді, еңбек іскерліктерін, икемділіктерін және дағдыларын қабылдауымен (игеруімен) байланысты. Бірақ тұлғаның дамуына еңбектің әсері бұнымен шектелмейді. Еңбек адамға жан-жақты талаптарды қояды және тәрбиелеудің қажетті шарты мен құралы болып саналады.

2. Көмекші мектеп оқушыларының еңбекке тәрбиелеу теориясының негізгі ережелері.

Әр уақытта алдынғы қатардағы ойшылдар мен педагогтар, жан-жақты дамыған адамды даярлау үшін, еңбекке баулу мен тәрбиелеудің қажеттілігін дәлелдеп көрсеткен.

Еңбекке міндетті түрдегі практикалық (тәжірибелік) даярлық, оның тәрбиелік маңызы, оқыту мен өнімді еңбекті ұштастыру пікірлерін Т.Мор, Р.Оуэн, И.Г.Песталоцци және тағы басқалары дамытқан. Олар ғылыми дәлелдеуін алғашқы рет К.Маркс және Ф.Энгельс еңбектерінде алды. Олардың ең маңыздысы – оқыту мен өнімді еңбекті ұштастыру пікірі.

1911 жылы Н.К.Крупская өзінің «Самоубийство среди учащихся и свободная трудовая школа» атты мақаласында «еңбекті ұйымдастыра отырып, оның тәрбиелік мақсатын ескеру қажет, содан кейін келесі шарттарды сақтау керек» деп ескерткен екен:

1. Еңбек баланы қызықтыруы қажет, сонда ғана ол еркін болады.

2. Баламен алынған білімдер мен іскерліктердің іске асырылуы қажет және тек дене еңбегі болмай, ой еңбегі де болуы қажет.

3. Бала өз еңбегінің нәтижесін (пайдалылығын) ұғынуы қажет.

4. Бала еңбегі тек мектепте қолданбай, одан тыс жерлерде де қолдануы қажет және бала ұжымда жұмыс істеп қатынасқа түсе алуы қажет, сонымен қоса бала жас кезінен бастап өзін қоғамның пайдалы мүшесі етіп сезінуі қажет»
4.

Советтік педагогиканың негізін салушылар тек теория түрінде ғана әзірлеп қоймай, сонымен қоса еңбекке тәрбиелеу идеяларын (ой-пікірлерін) политехникалық білім берумен, идеялық-саясаттану мен адамгершілікке тәрбиелеумен ұштастырып өмірге практикалық түрде енгізген.

С.Т.Шацкий халыққа білім беру бойынша алғашқы тәжірибелік станцияны құрастырған, бұл ғылым негіздерінің еңбек тәрбиесімен біріктіріп зерттелуінің, оқушылардың ұжымдық қоғамдық пайдалы еңбегінің әр түрлі түрлерін ұйымдастырылуының үлгісі болып саналды.

Еңбекке тәрбиелеу А.С.Макаренконың педагогикалық жүйесінде де маңызды орын алды. Ол ұжымдық балалар еңбегінің, оқу мен өнімді еңбектің байланысының педагогикалық құндылығын негіздеп тәжірибе түрінде дәлелдеді. А.С.Макаренко еңбек тәрбиесін тәрбиелік жұмыстың басқа да бағыттарымен біріктіріп қарастырған, еңбекке баулу мен бірге балаларды саясат пен адамгершілікке тәрбиелеу қажеттілігіне де тоқталған.

«Еңбек ыңғай тәрбиемен бірге жүруі тиіс, бұл тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы үшін қажетті шарт» - деп А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский көңіл аудара айтты.

Қазіргі жағдайда еңбек тәрбиесі экономикалық және экологиялық тәрбиемен бірігіп қарастырылады. Осыған байланысты келесі тұлға сапалары: табиғатқа, құрал-саймандарға, материалдарға, уақытты үнемді қолдануға, жасалған бұйымдарға және басқа да құндылықтарға ықыласпен қарау, тәртіптілік, ұйымшылдық, іскерлік, ынталылық, ұқыптылық дамиды.

Педагогикалық талаптарға сәйкес ұйымдастырылған еңбек тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Тәрбиелік маңызды болып тек өнімді еңбек қана саналмайды. Мекгтеп жасына дейінгі балалар да өзін-өзі күту еңбегі түрлеріне (төсек орынды жинастыру, ойыншықтарды, кітаптарды жинастыру, киімдерін таза ұстау, күту, бөлмені күту, гүлдерге су құю, аспаздық істері және т.б.) дағдылануы қажет. Түрлі, тіпті қарапайым еңбек міндеттерін орындау балаларда ұқыптылықты, тырысушылықты және тұлғаның басқада сапаларын тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.

3. Арнайы (көмекші) мектеп оқушыларының еңбек әрекетінің ерекшеліктері.
Оқу-еңбек әрекетінің мотивациясы. Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылары еңбекке баулу сабақтарына жағымды ықыласпен қарайды. Бұл, ең алдымен, өз қолдарымен жасалынған бұйымның оларда қанағаттану сезімін туғызатындығымен түсіндіріледі. Бірақ, еңбекке баулу сабақтарына деген жағымды қатынас, бұл балаларда оқу-еңбек әрекетінің мотивтері (немен туғызылатындығы) жеткілікті дәрежеде дамығандығын белгілемейді.