Файл: Дріс 1 Кіріспе сабаы. Кемтар балаларды ебек рекеттеріне жалпы сипаттама. ол ебегіне оытуды масаттары мен міндеттері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 19
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бастауыш сынып кемақылды оқушылардың еңбекке баулу сабақтарындағы әрекетін зерттеу, оның мотивтерінің (немен туғызылатындығының) қарапайым эмоциялық, тұрақсыз екендігін көрсетті. Бұл жалпы білім беретін пәндер сабақтарында да байқалынады.
Г.М.Дульнев5 өз зерттеулерінде бастауыш сынып оқушыларында еңбек тапсырмаларын орындау барысында мотивациясының (қызығушылық себебінің) эмоциялық сипаттамада екендігін анықтады. Оқушылар өз мүмкіншіліктерін есепке алмай өздеріне ұнаған, бірақ орындауға шамалары жетпейтін, бұйымды жасауға тілегі мен әзірлігін көрсетеді. Тапсырманы орындау мақсатын (белгіленген бұйымды орындау) біліп, бірақ онда қажетті мөлшерде бағдар ете алмай және қажетті іскерліктер мен дағдыларды меңгерусіз, оқушылар оған дербес жете алмайды. Орындалған бұйымдары үлгімен сәйкеспейді. Мақсаты жеңілдетіледі немесе ауысады. Сонымен қоса балалар өз жұмысының нәтижесімен қанағаттанып оған жоғары баға береді. Бұл тапсырмаға деген қатынастың қарапайым эмоциялық екендігін, ақыл-ой қатынасынан басымды екендігін дәлелдейді.
Тапсырма мақсатының ауыстырылуы мен жеңілдетілуі оқушылардың ситуациялық мотивтерімен жетекшіленетіндігін білдіреді. Әрекет барысында мотивтердің ауысуы байқалынады. «Әрекет барысындағы мотивтердің ауысуы қалыптыдан тыс әрекеттерге әкеледі»6.
Мотивтердің жеке әрекеттерге ауысуы қиындықтарды кезіктіргенде байқалынады, ол бастауыш сынып оқушыларындағы алыстағы мотивациясының (еңбек нәтижесін түсінбеуімен) жетілмеуімен түсіндіріледі. Уақыт бойынша нәтижесі шегірілген, бірнеше сабаққа бөлінген жұмысқа балаларды қызықтыру қиынға түседі.
Көмекші мектеп оқушыларындағы жалпы еңбек іскерліктерінің даму ерекшеліктері. Арнайы (көмекші) мектеп оқушыларының еңбек әрекетінің ерекше белгісі мен негізгі кемшілігі болып олардың төмен дербестігі саналады.
Еңбектегі дербестік – тапсырмада бейімделу (бағдар ету) шеберлігі, оны жоспарлау және тапсырманың орындалуын бақылауына, есептеуіш, өлшеуіш, белгілеуіш дағдыларын іске асыруына, жиналған тәжірибені пайдалануға, еңбек процесінде себепті- салдар байланысын орнатуына тәуелді. Осы іскерліктердің жоқтығы немесе толықсыз дамуы оқушыларға еңбек сабағында көмек беру қажеттілігін туғызады. Әсіресе бұл бастауыш сынып оқушыларында байқалынады. Олар сарамандық (практикалық) жұмысқа, жасалатын бұйымды алдын ала талдамай, оның орындалу жағдайларын белгілемей, тапсырманың бағытын білмей, жұмыстарын жоспарламай, кірісіп кетеді. Бұл балалардың ұмтылып тезірек көрнекті нәтижеге жетуімен ғана түсіндірілмей, сонымен қоса балалардың алдын ала тапсырманың бағыты мен жұмысты жоспарлау әрекеттерін істей білмеуімен, және ол әрекеттердің маңызын түсінбеуімен түсіндіріледі.
Кемақылды балалардың сөйлеу тілінің дамуының кемшіліктері көбіне үлгінің талдауын қиындатады, олардың белгілері, қасиеттері, кеңістіктегі қатынастары туралы баяндағанда толық сипаттамасын бермейді. .
Қимыл-қозғалыс жетіспеушілігі – кемақылдылықтың симптомының (ауру белгісінің) бірі. Олигофрен-балаларда қимыл-қозғалыс дағдылары (басын ұстау, отыру, еңбектеу, жүру, тік тұру және т.б.) кеш дамитындығы және түрлі ерекшеліктермен сипатталатындығы белгілі. Бұл орталық нерв жүйесі әрекетінің бұзылуымен байланысты.
Көмекші мектеп оқушыларына қиын болып жоғары еркін қимылдарды (мысалы, спорттық, еңбек қимылдарын) игеру саналады, олардың дамуы сөйлеу тілімен реттеледі.
И.П.Акименко, В.И.Бондарь, Г.М.Дульнев, Б.И.Пинский және басқада ғалымдардың арнайы зерттеулерінде көмекші мектеп оқушыларындағы қимыл-қозғалыс еңбек дағдыларының кемшіліктері – дәлдіктің, ырғақтың, темпінің, бейімделу-бағдардың бұзылулары, қимылдардың баяу болуы көрсетілген. Бұлар сарамандық (практикалық) жұмыстарды орындау барысында бір қатар қателіктерге әкеледі. Мысалы, белгіленген сызық бойынша геометриялық кескіндемені қиып алуды көрнекі елестетсе де, бастауыш сынып оқушылары көбінесе оларды дұрыс қиып ала алмайды, өйткені кейбіреулері екі қолмен бірігіп жұмыс істей алмайды, қайшыға салмақ түсіріп басуды да реттей алмайды.
Қарастырылған қиындықтарға және кемақылды оқушылардың қимыл-қозғалыс еңбек дағдыларын игеру кемшіліктеріне қарамастан, бастауыш сыныптардағы қол еңбегі, ұзақ уақытты (5 сыныптан бастап) кәсіби еңбекке дайындау (әзірлеу), көмекші мектептегі кәсіби еңбекке оқыту сабақтарына бөлінетін уақытының молшылығы, оқушылар практикасын өндірісте ұйымдастыру, оқыту процесінің түзетуге бағытталғандығы көмекші мектеп түлектерінің көбіне оқылған мамандық бойынша 1-2 және оданда жоғары разрядтағы жұмыскер квалификациясына сәйкесетін практикалық тәсілдерді жақсы игеруге мүмкіншілік береді.
4. Қол еңбегі сабақтарының жалпы және арнайы міндеттері.
I-Ш сыныптарда, еңбекке баулу сабақтарында мектеп шеберханаларында жұмыс істеуге даярлайды. Балалар ұйымдастыру іскерліктері (икемділіктері) қатарын (жұмыс орнын ұйымдастыру, алаңдамау іскерлігі) игеруі қажет, тапсырмада бейімделуін, еңбегін жоспарлау мен оның орындалуына бақылау жүргізудің алғашқы дағдыларын алуы қажет, бағдарламамен қамтыған материалдар қасиеттері туралы мәліметтерді, олармен жұмыс істеу ережелерін, құралдардың құрастырылуы туралы мәліметтерді ұғынуы, тазалық-гигиеналық және қауіпсіздік техникасының ережелерін орындауға үйренуі, түрлі материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруі қажет. I-Ш сыныптағы еңбек сабақтары кәсіби танысу жұмысы мақсаттарында да қолданылады. Оқушылар тігінші, қағаз өндеуші, слесарь, сылақшы-бояушы тағы басқа мамандықтар туралы мәліметтер алады. Бұл кезеңде тәрбиелік мақсаттарда шешіледі: оқу-еңбек әрекетінің себептері қалыптасады, ұйымшылдық, ұқыптылық және басқа да тұлға сапалары тәрбиеленеді. Түрлі материалдармен жұмыс істеу үйірме сабақтарында оқушылардың іс кемшіліктерін түзетуге жағымды мүмкіншіліктерді туғызады.
П сыныптан бастап арнайы (көмекші) мектеп оқушыларымен қоғамға пайдалы өнімді еңбек бойынша сабақтар өткізіледі (жүргізіледі). Мысалы, бөлмені жинау, мектеп ауласын жинақтау, өсімдіктерді күтіп-баптау, кітаптарды жөндеу. Сонымен қоса кейбір өндірістік заказдарды – қағаз және қатырмақағаз жинақтарын комплектілеу, қатырмақағаздан қораптарды құрастыру.
Бұл П-Ш сынып оқушыларында еңбекке деген жағымды қатынасты қалыптастырады, өз еңбек нәтижесіне жауапкершілігін, ұйымшылдығын қалыптастырады, бірлестігін, тәртіптілігін және тұлғаның басқада сапаларын қалыптастырады. Оқушылардың өзіне-өзі қызмет етуі маңызды болып саналады (1-3 сынып), оның барысында қоғамдық пайдалы, өнімді еңбек сабақтарында алынған шаруашылық-тұрмыстық дағдылары жетіле түседі. Кейде кері байланыста байқалынады: қоғамдық пайдалы, өнімді еңбек сабақтарында оқушылар шаруашылық-тұрмыстық еңбекті орындау барысында алған дағдыларын қолданады.
Көмекші мектеп оқушыларының өзіне-өзі қызмет етуі 1 сыныптан басталады. Оқушылар төсек орындарын жинастыруға, шаңды сүртуге, тақтадан борды сүртуге, гүлдерді суаруға, жапырақтарды жинақтауға, басқада қарапайым тапсырмаларды орындауға, аяқ киім мен киімдерін таза ұстауға үйренеді. Өзіне-өзі қызмет ету бойынша жасалынатын әрекеттер кейіннен кеңейіп күрделенеді.
I-Ш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеу мақсаттарын шешуде үлкен рольді жалпы білім беретін пәндер сабақтары атқарады. Мысалы, оқу сабағында балалар мамандықтар қатары туралы ақпарат алады, түрлі еңбектің қоғамға керектігі және оның құрметтеленетіндігі туралы мәліметтер алады. Олар еңбеккерлер алдына қойылатын міндеттермен танысады, үнемділік пен күтіп қолдану үшін күрес туралы біле бастайды. Сонымен, оқу сабақтарында еңбекке тәрбиелеу мен кәсіби-танысу жұмысының міндеттерінің кең шеңбері шешіледі. Бұған сыныптан тыс шараларда бағытталады.
5. Көмекші мектеп оқушыларының еңбекке оқыту мен тәрбиелеу
жүйесінің жалпы сипаттамасы.
Арнайы (көмекші) мектеп оқушыларын еңбекке баулу мен тәрбиелеу жүйесі өзіне мыналарды кіргізеді:
-
еңбекке баулу сабақтарын; -
еңбек практикасын (тәжірибесін) ; -
оқу жоспарымен қамтылған қоғамға пайдалы, өнімді еңбек сабақтарын; -
өзіне-өзі қызмет етуге және сыныптан тыс жұмыс процесіндегі еңбектің басқада түрлерін; -
әлеуметтік-тұрмыстық бейімделудің жеке тарауларының (бөлімдерінің) сабақтарын; -
жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтарындағы еңбек тәрбиесін; -
үйірме және тәжірибе жұмысын; -
топсеруендер, кездесулер, кештер, сайыстар және басқада сыныптан тыс шаралар.
Арнайы (көмекші) мектеп оқушыларын еңбекке дайярлауының қажетті бөлігі болып кәсіптік бағдар жұмысы саналады, оның орындалуы үшін жоғары көрсетілген жүйенің барлық буындары қолданылады.
Көмекші мектеп оқушыларын еңбекке баулу мен тәрбиелеу жүйесінің алдында тұрған міндеттерді жүзеге асырудың қажетті шарты болып, оның барлық буындарының және еңбекке даярлау кезеңдерінің байланысының бірлесуін қамтамасыз ету саналады.
Еңбекке даярлау кезеңдері жүргізілетін жұмыс мерзімі мен мазмұны бойынша еңбекке баулу кезеңдерімен байланысты:
- I-Ш сынып оқушыларын еңбекке баулу;
- IУ сынып оқушыларын оқулық шеберханалары немесе мектептің оқу-тәжірибе үлескісі негізінде еңбекке баулу;
- У- IХ сынып оқушыларын кәсіби еңбекке баулу;
- Х сынып оқушыларын өндірістік оқыту, жоғарлаған кәсіби еңбекке даярлау.
Арнайы (көмекші) мектеп оқушыларының кәсіби даярлануының ерте басталуы, оның ұзақ мерзімі кемақылды балалардың білімдерді, дағдыларды, іскерліктер мен икемділіктерді баяу меңгеретіндігімен байланысты.
Жеке ғалым – дефектологтар (Х.С.Замский, А.В.Погосов және басқалары) психикалық және дене мүмкіншіліктері ең шектелген оқушылардың кәсіби даярлауы мектеп жағдайында, ал психикалық және дене мүмкіншіліктері біршама жоғары деңгейдегі оқушылар мамандықты кәсіби-техникалық мектептің арнайы топтарында алынса екен деп санайды.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
-
Головина Т.Н. Эстетическое воспитание во вспомогательной школе. - М.,1972. -
Дульнев Г.М. Учебно-воспитательная работа во вспомогательной школе: Пособие для учителей /Под ред. Т.А.Власовой, В.Г.Петровой.- М., 1981. -
Использование предметно-практической деятельности в обучении глухих школьников /Под ред. С.А.Зыкова. - М., 1976. -
Марциновская Е.Н. Основы предметно-практического обучения глухих школьников. - М., Педагогика , 1985. -
Нұрманбетова У.Е. Мүмкіншіліктері шектелген балалар. – Қарағанды, 2003. -
Нұрманбетова У.Е., Тебенова К.С., Омарова Н.Н. Мамандыққа кіріспе. – Қарағанды, 2006. -
Павлова Н.П. Трудовое обучение учащихся 1-3 классов вспомогательной школы. - М.,1988. -
Павлова Н.П. Работа с природным материалом и эстетическое воспитание учащихся вспомогательной школы. - М., 1992. -
Пинский Б.И. Коррекционно-воспитательное значение труда для психического развития учащихся вспомогательной школы.-М., 1985. -
Платонов К.К. Краткий словарь системы психологических понятий: Учеб.пособие.- М., 1981. -
Программы специальных общеобразовательных школ для умственно отсталых детей. - М., 1986. -
Рсалдинова А.К. «Еңбекке баулу» бойынша көмекші мектепке арналған байқау бағдарламасы (кемақылды балаларға арналған).- Алматы, 2004. -
Сатқанов О. Еңбекке баулу дәптері.- Алматы, 2002.
Қосымша:
-
Тебенова К.С. Дамуында ауытқуы бар балалар. – Қарағанды, 2003. -
Тебенова К.С. Дамуында ауытқуы бар балалар. – Қарағанды, 2005. -
Типологические особенности учащихся вспомогательных школ в трудовом обучении: Сб.науч.трудов. - М., 1983. -
Чебышева В.В. Психология трудового обучения:: Метод. пособие для средн.проф.-техн. училищ. - М., 1983. -
Шинкаренко В.А. Трудовое обучение и воспитание учащихся вспомогательной школы. - Минск, 1990.
1 Маркс К., Энгельс Ф. Соч. 2-е изд. - М., 1978. - Т. 20. - С. 486.
2 Платонов К.К. Краткий словарь системы психологических понятий: Учеб.пособие.-М., 1981.- С. 99.
3 Чебышева В.В. Психология трудового обучения: Метод. пособие для средн. проф.-техн. училищ.-М., 1983.- С. 127.
4 Крупская Н.К. Пед.соч.: В 10 т.-М., 1959. -Т.1.-С.139.
5 Дульнев Г.М. Учебно-воспитательная работа во вспомогательной школе: Пособие для учителей /Под ред. Т.А.Власовой и В.Г.Петровой.-М., 1981. - С.122-127.
6 Пинский Б.И. Коррекционно-воспитательное значение труда для психического развития учащихся вспомогательной школы.-М., 1985.-С. 31.