ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ситуациялық есеп.
№1.
Жедел жәрдем бригадасы келгенде: ер кісі 28 жаста, анасы бұлшық етке пенициллин енгізгеннен кейін бірнеше минуттан соң есінен танып қалады. Анасының айтуы бойынша бұрын соңды мұндай жағдайды байқамаған. Қарағанда есі жоқ, тері жамылғысы таза, бозарған, акроцианоз, салқын жабысқақ тер, өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ, жүрек ритмі тұйықталған, брадикардия, пульсі жіп тәрізді, АҚҚ 40/0 мм с.б. көз қарашығы кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ, еріксіз зәрінің шығуы байқалады.
Тапсырма:
1) Алғашқы диагноз қою
2) Анамнез жинау барысында қандай сұрақтар қоясыз?
3) Науқасты тексеру үшін қандай қалыпта жатқызу керек?
4) Алғашқы көмек көрсету алгоритмі
Ситуациялық есеп.
№2.
30 жасар науқасқа аяғындағы үлкен жарақатына байланысты 0,5мл столбнякқа қарсы сарысу енгізілген. Бірнеше минуттан соң науқаста қозу,көзден жас ағу,ринорея, тынысы жиілеген ( минутына 34), пульсі 85минутына, АҚҚ 150/100мм.с.б. Ауыртпалық жағдайы өрши түсті. Спастикалық құрғақ жөтел пайда болды, эпспираторлы ентігу,құсу болды.Тері қабаты көгеріп, пульсі жіп тәрізденді, жүрек соғысының саны минутына 55-ке дейін төмендеді, жүрек тондары тежелген, АҚҚ 60/40 төмендеді. Науқаста мұздай жабысқақ тер, еріксіз зәрімен дәреті шықты,фибриллярды түрде бұлшықет топтарының құрысулары болып, есінен айрылды.
Тапсырма:
Жоғары сезімталдықтың қай түріне жатады?
Анафилаксияның дамуына жататын антиденені атаңыз.
Аллергиялық реакциялардың фазаларын атаңыз.
Анафилактикалық шоктың патогенезінде қандай кезеңдерді білесіз?
Жедел жәрдем алгоритмі.