ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау кестесі үлгісі
Сабақтың талдаушы: Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты Математика пән
мұғалімі Сыздыкова Самал
Сабақ өткізуші: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шоринов Қанат Сембіұлы
Күні: 26.01.2013 ж. Сыныбы: 6 “В” сынып Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша, жазбаша жұмыстарын жүргізе отырып білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету, халқымыздың салт – дәстүрін, жеті атасын білуге топпен жұмыс жүргізіп, бірін – бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
№ | Ескертпелер | Мұғалім пікірі |
1 | Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді? | Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді. |
2 | Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма? | Саяхат сабағы. Сабақта жеті ата еліне саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды. Бұл сабақ - өткен сабақты бекіту. |
3 | Сабақта қандай міндеттер алға қойылды? А) білімділік Ә) дамытушылық Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды? | А) Есімдік туралы алған теориялық білімдерін бекітіп, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізу; Ә) Сауатты, таза, көркем жазуға, мәдениетті сөйлей білуге үйрете отырып, ойлау қабіліттерін, қиялдарын дамыту; Б) Халықтық педагогика негізінде тәрбиелей отырып, Отанын, отбасын, туған жерін сүюге ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл алған міндеттер байланысып бірін - бірі толықтыры тұрды. Абылайханның сөздік қоры төмен болғандықтан жеке сөздік жұмысы жүргізілді. |
4 | Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды? | Жеті атаға саяхат жасай отырып оқушыларды жеті атасын білуге жетелеп, жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсәлдермен, ойындар өткіздім. |
5 | Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма? | Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті. |
6 | Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру. | Ш.А. Амоношвилидің “Ойын арқылы оқыту”, В.В. Давыдовтың “Дамыта оқыту”, “Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, есімдіктен өткенді қайталауда оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды”. |
7 | Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен? | Әрбір ауылға саяхат жасай отырып, Абутай А., Еңбекова Ә. сияқты ойын жеткізуге қиналатын оқушыларға жеке тапсырма берілді, себебі саяхатқа ілесу үшін үлестірмелі арнайы карточка таратылды. |
8 | Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру) | Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар ауыл – ауылдан түскен тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты. |
9 | Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен? | Сабақ жеті атаға саяхат жасау болғандықтан үн таспадан З. Көпболсынұлының орындауында “Немерем” деген өлеңі тыңдалды. |
10 | Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты. | Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және намысшылдыққа, ұйымшылдыққа, елін, отбасын сүйуге тәрбиеленді. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету басшылыққа алынды. |
11 | Үй тапсырмасын беру | Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерн ескере отырып, уақытты дұрыс пайдалануға негіздеп, өздері оқыған шығармадан есімдігі бар бес сөйлем жазу тапсырылды |
12 | Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма? | Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын. |
13 | Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме? | Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Математикалық ойын “Ғажайып алаң”, “Сөз жұмбақ”, “Бұл да қызық”, “Жұмбақ сұрақтар”, “Бұл қай есімдік ” сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын. |