Файл: Сабаты таырыбы Инфракызыл жне ультраклгін сулелену. Рентген сулелері. Электромагниттік сулелену шкаласы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Инфракызыл және ультракүлгін сәулелену. Рентген сәулелері. Электромагниттік сәулелену шкаласы

Бөлімі:

11.3.С Атомдық физика

Педагогтің аты-жөні:

Рахимбай Т.А

Күні:

03.02.2023

Сыныбы: 11Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Инфракызыл және ультракүлгін сәулелену. Рентген сәулелері. Электромагниттік сәулелену шкаласы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.8.1.3 - электромагниттік сәулелену, олардың табиғатта пайда болуы мен затпен өзара әрекеттесуін ажырату

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: электромагниттік сәулеленудің қасиеттерін сипаттайды;

Көптеген оқушылар істей алады: электромагниттік сәулеленудің жалпы және айрықша қасиеттерін түсінеді;

Кейбір оқушылар істей алады: электромагниттік сәулеленуді инженерия мен күнделікті өмірде қолданысын түсіндіре алады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2мин.

«Сөйле микрофон» әдісі

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Мұғалім үй тапсырмасын сұрау мақсатында дайын оқушыларды «Сөйле микрофон» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар береді.

Оқушылар спектрдің түрлері бойынша берілген үй тапсырмасын айтады.

Дескриптор:

-спектрдің түрлерін ажыратады;

Спектрлік құралдарды біледі;

Жалпы балл-3

ДЭ,

11 сынып оқулығы

Сабақтың ортасы.
5 мин



Білім дағдысы: Түсіну (Д)

Мұғалім презентация көмегімен жаңа сабақты түсіндіреді.

Жаңа сабақта қарастырылатын сұрақтар:

-электромагниттік толқындардың шкаласы

-электромагниттік толқындардың толқын ұзындығының кемуі, жиіліктің артуы бойынша орналасуы.

Оқушылар мұғалім түсіндірмесін тыңдайды. Тақырып бойынша сұрақтарын мұғаліммен бірге талдайды.

Дескриптор:

Электромагниттік толқындардың шкаласын түсінеді.

ДЭ

Презентация

Оқулық 11-сынып. ДМ қосымша 1


Жекежұмыс

«Қызықты кесте»-әдісі

10 мин

Білім дағдысы: Қолдану

1-тапсырма (Р) «Қызықты кесте» әдісі бойынша оқушыларға ЭМ толқын шкаласы бойынша кесте беріледі.



Оқушылар берілген кестеге ЭМ толқындардың толқын ұзындығын және жиілігін жазады.

Дескриптор:

-ЭМ толқындардың түрлерін біледі

-толқындардың толқын ұзындығын және жиілігін біледі.

Жалпы балл -3

ДК экраны

11-сынып оқулығы

ДМ қосымша 2



«Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Жеке жұмыс

15 мин


Білім дағдысы: Қолдану (І)

2-тапсырма. Оқушыларға ЭМ толқын тақырыбында «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Бойынша сөйлемдер беріледі.


Оқушылар ЭМ тақырыбынан ойға түйгендері бойынша сөйлемді аяқтайды.

Дескриптор

-ЭМ толқындардың өмірде қолданысын түсінеді

Жалпы балл -4

ДК экраны

11-сынып оқулығы.

ДМ қосымша 3

Сабақтың соңы.

Рефлексия

3 мин

Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады.

Оқушыларға БББ кестесін толтыру ұсынылады.

Үйге тапсырма: 30 жаттығу 184 бет

Оқушылар сабақта жеткен нәтижесіне орай Білгенім, Білдім,Білгім келеді кестесін толтырады.










Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: № 6 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»

Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:

Рахимбай Т.А

Күні:

03.02.2023

Сынып: 8 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

6 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.10 – өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау;

8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Өткізгіштерді параллель жалғауды біледі;

Көптеген оқушылар істей алады: Амперметр мен вольтметрдің тізбекке қалай жалғанатынын біледі

Кейбір оқушылар істей алады: Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді біледі;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут


Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут

Бекіту

15 минут

Сабақтың соңы.
10 минут
Бағалау


Үй тапсырмасы

Кері байланыс

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу (интербелсенді тақтаны қолдану немесе жұпқа бір ноутбук қолдану).

Оқушылар «Сәйкесін табу» жұмысын орындайды.



Ой қозғау. Үйдегі, мектеп кабинеттеріндегі жарық шамдары қалай жалғанған?



Оқушылардан ауызша болжам жасауларын сұрайды.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады.

Өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау. 


Жаңа сабақ. Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырады, зертханалық жұмысты орындауға кіріседі.

Жеке жұмыс (I)

Оқушылар жұппен зертханалық жұмысты орындайды. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»

Жұмыс барысы:

С ұлба бойынша электр тізбегін құрастырыңдар. Резисторларды бір біріне параллель етіп және реостатқа тізбектеп қосыңдар. Тізбекке резис-торлармен тізбектеп амперметр мен ток көзін қо-сыңдар.

Ә рбір резисторға параллель етіп жеке вольт-метрді жалғаңдар және көрсетулерін жазып алыңдар. U1=_____________ U2=_____________ Өткізгіштерді параллель жалғағанда кернеудің екі өткізгіштің ұштарында бірдей болатынына көз жеткізіңдер, яғни U1=U2.

Әр резисторға жеке амперметрлерді тізбектей қосып, амперметрлердің көрсетулерін жазып алыңдар. I1=_____________ I2=_____________

Үшінші амперметрдің көрсетуін жазып, тізбек-тегі жалпы ток күші әр өткізгіштегі ток күшінің қосындысына жуық екеніне көз жеткізіңдер. ______________

Өлшеулерден кейін өткізгіштерден өтетін жалпы ток күшін есептеңдер . Iжал есеп=_____________


Iжал есеп Iжал
Есептелген және тәжірибе нәтижесінде алынған ток күшінің мәндерін салыстырың-дар:
Тізбек бөлігіндегі жалпы кедергіні келесі формула бойынша есептеңдер. ______________

______________

Өлшеулер мен есептеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.
Оқушылар зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, өздерінің зерттеулеріне қорытынды жасайды.

Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.
Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырады немесе ауызша айтады.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмыстыжалғастыру қажет

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Л.Э.Генденштейн, Л.А. Кирик, И.М.Гельфгат физика 8 сынып есептер жинағынан № 16.15, 16.31 есептерді шығару

Өткен материалды қайталау мақсатында сәйкесін табу жұмысын орындайды

Оқушылар үйдегі және мектептегі шамдар қалай жалғанғаны туралы өз ойларын айтады. Соның негізінде жаңа тақырып ашылады

Оқушылар нұсқаулыққа қарап, зертханалық жұмысты орындайды. Бірінші тізбекті жинайды, сосын амперметр мен вольтметр мәндерін жазады.


Бағалау критерийлері

-Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді біледі;

-Өткізгіштерді параллель жалғауды біледі;

-Амперметр мен вольтметрдің тізбекке қалай жалғанатынын біледі;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөлігіндегі кернеуді анықтай алады;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің жалпы ток күшін анықтай алады;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда жалпы кедергіні анықтай алады.

Дескриптор:

-Шамдар параллель жалғанатынын біледі

-Параллель жалғау ережелерін біледі

Дескриптор:

-Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді біледі;

-Өткізгіштерді параллель жалғауды біледі;

-Амперметр мен вольтметрдің тізбекке қалай жалғанатынын біледі;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөлігіндегі кернеуді анықтай алады;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің жалпы ток күшін анықтай алады;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда жалпы кедергіні анықтай алады.

Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл



Слайд

Сәйкесін табу

http://learningapps.org/display?v=p1bs7kmnn01