Файл: Тынышалиева Айнр Таатарызы Атырау облысы Білім беру басармасыны білім беру бліміні 39 Акгершін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Тынышқалиева Айнұр Таңатарқызы

Атырау облысы Білім беру басқармасының білім беру бөлімінің

39 «Ақкөгершін» бөбекжай – бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Атырау қаласы, Самал ықшам ауданы, Ә.Есқалиев көшесі 16А

Тақырыбы: «Мерекелі, берекелі алтын күз!»

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Барысы: Бөлме мерекеге сай безендірілген. Балалар әуенмен залға кіреді. Ортаға 3 топқа бөлінеді.

Жүргізуші: Құрметті балалар және ұжымдастар!

Бүгін біз жыл сайынғы келетін «Алтын күз» мерекесін қарсы алуға жиналып отырмыз. Күз мерекесі әсем, даламызға түрлі-түсті жапырақтармен безендірілген. Күз мезгілі айналамызды қызыл жасыл сары түстермен бояп тұр. Балалар орман іші көп ертегілер мен неше түрлі қызыққа толы. Ендеше біз орманға саяхаттап көрсек. Орманда біздін Алтын күзіміз бар. Қане ендеше біз пойызға мініп орманға барайық (Балалар отырғышқа отырып орманға келеді). Міне біз орманға келдік, енді күз мерекесіне арнап тақпақтарымызды айтайық.

Ербол:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Мадина:

Алақай алақай

Шаттанып балақай

Күз келді дән пісті

Айтамыз алғысты

Ақерке:

Күзім-ау күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау
Аңсар:

Нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған сәулем

Күз әуені төгілді

Жүргізуші: Бүгінгі мерекені көңілді қарсы алайық, кел бізге Алтын күз. (Балалар шақырады, әуенмен күз келеді)

Күз: Сәлеметсіңдер ме балалар, орман ішінен ұзақ жүріп келген боларсыңдар, мен сендердің келгендеріңе қуаныштымын.


Жүргізуші: Рахмет Алтын күз. Орман іші өте әдемі. Балалар күз мегілін қатты жақсы көреді. Қазір біздің балалар күзгі орманға арнап ән салып береді.

Ән: Күз тамаша

Күз: Рахмет балалар өте тамаша, әндерің жақсы екен. Балалар сендер қандай көкөністерді білесіңдер?! Үйлеріңде қандай көкөністер бар?! Балалар жеміс-жидектер мен көкөністер көптеген дәруменге толы. Ендеше мен көкөністер туралы ертегі алып келдім. (Ертегі көкөністер)

Жүргізуші: Ой рахмет балалар, жарайсыңдар. Алтын күз балалар шаршап қалған сияқты ойын ойнасақ қалай қарайсыз?!

Күз: Әрине, ойын дегенді ұнатамын.

Ойын: «Кім жылдам?!»

Ойын шарты: Балалар 2 топқа бөлінеді. Алдарында тұрған жасыл, қызыл, қызғылт,сары түсті қорапшалардың түсіне қарай, ұқсас жапырақтарды жылдам табуы қажет. Алтын күз бірге ойнайды.

Күз: Ой мен ұмылып қалдым, балалардан ыңғайсыз болды ау.

Жүргізуші: Олай демеңіз Алтын күз, біз сізді жақсы көреміз. Сіз бізге көкөністердің қандай пайдалы екенін айттыңыз. Сіздің көңіліңізді көтеру үшін менің балаларым ән айтады. Би де билейді.

Қане балалар, Алтын күздің көңілін көтеру үшін ән айтып береміз бе?! Ендеше, моншақтар болып шашыла қояйық.

Ән: «Күзгі вальс»

Күз: Рахмет балалар!

Сендердің әндеріңді тыңдап көңілім көтеріліп қалды. Балалар мен сендермен қоштасқым келмейді, бірақ мен орманға баруым керек.

Жүргізуші: Алтын Күз қайда барасыз?! Алдымен, біздін ұл балалармыздың биін тамашалаңыз.

Би: «Осений вальс»

(Қатты күлкінің дауысы естіледі.)

Орманшы: Ха-ха-ха-ха

Жүргізуші: Балалар бізге қонақ келді.

Күз: Ол менің досым қарт орманшы! Ол өте көңілді жүреді, әрі көңілді түстер көреді. Естідіңдер ме?! қалай күледі, оны ояту керек.

Жүргізуші: Тұрыңыз қарт орманшы! Қане, балалар бәріміз бірге оятайықшы. Тұрыңыз қарт орманшы, тұрыңызшы қарт орманшы.

Орманшы: Ой, Сәлеметсіңдер ме балалар!

Орманшы: Мен өз-өзімді күлдіртемін, сендерді де күлдіртейін бе?!

Балалар: Иә, иә деп орманшыдан күлдіртуін сұрайды.

Орманшы: Ендеше сендермен бірге бір қызықты ойынымды ойнайын.

Ойын: «Жеуге болады, болмайды.»

1. Қытырлаған бәліш ням-ням

2. Топылдаған аяқ киім

фу-фу

3. Тәтті тоқаш ням-ням

4. Сыр жасалған шар фу-фу

5. Тәтті алма ням-ням

6. Майлы орамал фу-фу

Орманшы: Қандай ұқыпты балалар. Мен сендерді күлдіре алдыма ба?! Ендеше балақайлар сендердің билеріңді көргім кеп барады.

Күз: Ал, балалар менің өз мекеніме оралатын уақытым келді. Сендермен қоштасқым келмейді, бірақ кетуіме тура келеді. Келесі жылда кездескенше сау болыңдар балақайлар! (Балалар қоштасады)

Жүргізуші: Міне, біздін «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілігіміз де аяқталды. Қош, сау болыңыздар!