ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 30
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
ЖАС МАМАН МЕКТЕБІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ
Жас мамандар мектебіне қатысушылар:
4.1 конференцияларға, шығармашылық және педагогикалық шеберханаларға қатысуға;
4.2 білім беру мекемесінің материалдық базасын өздігінен білім алу ұшін пайдалануға;
4.3.тәлімгер-педагогтардан консультациялық көмек алуға, өз біліктілігін арттыруға құқылы;
-
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ТӘРТІБІ
5.1 Жас мамандар мектебінің жұмысы әдістемелік кабинеттің қарастыруымен және директордың бекітуімен, оқу жылына дайындалған жоспар бойынша жүргізіледі.
5.2 Бекітілген жоспар бойынша ай сайын отырыстар өткізіледі.
5.3 ЖММ –нің әрбір тыңдаушысы отырысқа қатысуы тиіс.
5.4 ЖММ –нің жетекшісі қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін жауапты.
5.5 Тәлімгерлер өдеріне берілген тапсырма бойынша ЖММ –нің жұмысына өз уақытымен белсенді араласады.
5.6 ЖММ-нің қатысушыларының сандық және сапалық деректер қоры жүргізіледі.
5.7 ЖММ-нің қатысушыларының тәлімгерлерінің сандық және сапалық деректер қоры жүргізіледі.
5.8 ЖММ-нің отырыстары хаттамалармен толтырылады. Хаттамаларға ЖММ-нің жетекшісі мен секретарь қол қояды. Әрбір хаттама келісілген үлгіде жасалады. Хаттамада номер, отырыс өткізген күні, қатысушылар саны, отырыстағы қарастырылған мәселелер, сұрақтар, қабылданған қаулы нақты көрсетіледі.
5.9 ЖММ отырысының хаттамасы колледждің номенклатурасы бойынша ұзақ уақытқа сақтауға акт арқылы құжаттармен бірге өткізіледі.
Тәлімгерлік және жас маман туралы Ереже
Жалпы ережелер
- Мектеп тәлімгерлігі – білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметте еңбек стажы жоқ мұғалімдермен жеке тәрбиелік жұмыс жүргізудің бір түрі.
- Тәлімгер – сабақ беру мен тәрбие саласына қатысты әдістемелерді игерген, білімді, кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары тәжірибелі мұғалім.
- Жас маман – әдетте, жоғары оқу орындарының бағдарламалары бойынша педагогика негіздерін игерген, өз қабілет – қарымын одан әрі жетілдіруді қалайтын, іске жаңадан кіріскен мұғалім.
Тәлімгерліктің мақсаты мен міндеттері.Білім беру мекемелеріндегі мектеп тәлімгерлерінің мақсаты жас мұғалімдерге кәсіби тұрғыдан тәжірибе жинақтауға көмектесу болып табылады.
Мектеп тәлімгерлігінің негізгі міндеттері мыналар:
-
Жас мамандардың педагогикалық қызметте ынта ықыласын ояту, оларды білім беру мекемелеріне тұрақтату; -
Мұғалімнің кәсіби тұрғыдан қалыптастыру процесін жеделдету және атқаратын қызметіне байланысты жүктелген міндеттерді өздігінен әрі сапалы етіп орындай білу қабілетін дамыту; -
Корпоративтік мәдениетке бейімдеу; мектеп ұжымының үздік дәстүрлерін, тәртіп ережелерін сақтауға, ұзтаздық міндетті саналы түрде және творчестволықпен орындауға баулу.
Тәлімгерлікке тәжірибелі адамның өзінен тәжірибесі аз адамға білімі мен машығын беру әдісі деп анықтама беруге болады. Кең, заманауи мағынасында тәлімгерлік - мекемеде жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар білікті маман. Ол:
-
жаңа қызметкерлерге ұйымда бейімделуіне көмектесетін; -
олардың кәсіптік дамуына, қызметтік өсуіне ықпал ететін; -
олардың іс -әрекеттерінің нәтижесіне баға беруге қатысатын адам.
Тәлімгер, бір жағынан,мекемеге қатысты қызметкердің қызығушылықтарын танытады, екінші жағынан, қызметкер үшін мекеменің өкілі болып табылады.
Тәлімгерлік жүйесін ендіру әсіресе қарқынды көтеріліп келе жатқан ұйымдар үшін маңызды. Алайда тәлімгерлік институты тегін болғанымен, барлық ұйымдар оны тренингтер мен тағылымдама т.б. сияқты белсенді қолдана бермейді. Көбінесе бұл түсінікті қызметкердің ұйымға келгендегі алғашқы 3-6 жұмыс жасау айымен байланыстырамыз. Қызметкердің ары қарай дамуы, оның мүмкіншіліктерінің ашылуы мақсатында бұл құрал ретінде кеңінен қолданыла бермейді. Кәсіби қызмет көрсетуге мамандандырылған ұйымдар үшін тәлімгерліктің нақты осы құрамдас бөлігі өзекті болып табылады. Кәсіпқойлар мансаптың дамуын мақсат тұтады, және олардың үздіксіз кәсіби дамуына тек тәлімгерлер көмектесе алады.
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы"
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20292 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5229 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 тамызда № 8 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Педагогикалық кеңес:
1) оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және іске асыру;
2) оқу жұмыс жоспарларын бекіту;
3) білім беру қызметтерін ұсыну сапасы;
4) инклюзивті, арнайы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) үлгерімі және психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері туралы алынған деректердің негізінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктері ескеріліп, оқу-тәрбие және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу;
5) білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу, оларды емтиханға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды емтиханнан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіру туралы аттестат, негізгі орта білімді бітіргендігі туралы аттестат, жалпы орта білімі туралы үздік аттестат, жалпы орта білімі туралы аттестат, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы шешімдер қабылдау;
6) мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы педагогтердің оқу жүктемесін бөлу, оларды аттестаттауға дайындау, марапаттау және көтермелеу;
7) білім беру ұйымының үш тілде оқытуға ауысуы;
8) экстернаттық оқыту нысанындағы білім алушыларға рұқсат беру, қорытынды аттестаттау жүргізу;
9) зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға, музыкалық-шығармашылық конкурстарға қатысушы білім алушыларға жеке жұмысты ұйымдастыру;
10) сабақ кестесін құрастыру;
11) білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) қабылдау, ауыстыру және бітіріп шығару;
12) білім алушының (тәрбиеленушінің) эмоциялық-ерік және жеке дамуын зерделеу;
13) оқуы мен тәрбиесінде тұрақты қиындықтарға шалдығатын балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтау үшін оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жолдау бойынша ұсынымдар беру;
14) кәсіби қызметке алғаш келген педагогке бір оқу жылы кезеңіне бекітілетін тәлімгерді анықтау мәселелерін қарастырады.".
4-тармаққа өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, мәтін қазақ тілінде өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі | А. Аймагамбетов |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК