Файл: замерзімді жоспар тарауы 2блім. Ойын ру (орта таырыптар Уаыт, Сулет).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

2-бөлім. Ойын құру (ортақ тақырыптар: «Уақыт», «Сәулет»)

Педагогтің аты-жөні:

Жантакбаева Арайлым Мелисовна

Күні:

13.12.2022ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Менің ойыным

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл);

3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкермен жұмыс істеу;

3.4.2.2 программалау ойын алаңында бірнеше көрініспен жұмыс істеу; 3.4.2.4 . программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:




Программалау ойын алаңында цикл, костюм, көріністі пайдаланып, ойын құруды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының ісәрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту. «Жеміс себеті» ойыны

Топ шеңбер құрып орындықта отырады. Жүргізуші әр қатысушыға жеміс аттарын айтып шығады. Мысалы, алма, алмұрт, лимон, жүзім, апельсин, анар, банан т.с.с. Жүргізуші екі жемістің атын айтқанда, олар орын ауыстыруы керек. Ортадағы адамның міндеті – орын ауыстырушылардың бірінің орнына орналасу. Ол енді екі-үш жемістің атын бірге немесе «жеміс салаты» деп бәрін бірге айтуына болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде

білгендері

бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Еліміздегі сәулет өнерінің туындылары жайында қандай деректер

білесің? (1сурет) Әңгімеле.

  • «Ойын

сценарийі» дегеніміз не?

Есіңе түсір.

  • Қандай ойын сценарийін жоспарлауды үйрендің?

  • 1-сурет негізінде қандай ойын идеясын ұсынған болар едің? Ойыңды ортаға сал.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне және сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы!

Талпын!



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Сабақтың ортасы

(26 мин)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу. «Баяндама» әдісі







Мұғалім оқушыларға мәтінді оқып, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша баяндама жасайды. Баяндама мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.



Топтық жұмыс

1-тапсырма Жобаның 1кестедегі сценарийі мен скриптерін салыстырыңдар. Жоба скриптері ойын сценарийіне толық сәйкес келе ме? Талдау нәтижесі бойынша шағын есеп жазыңдар.

Дескриптор

  • Жобаның 1кестедегі

сценарийі мен скриптерін салыстырады.

  • Талдау нәтижесі бойынша шағын есеп жазады.



Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Жарайсың!

Жақсы! Талпын!



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері



Жұптық жұмыс

2-тапсырма

«Сен білесің бе?» ойын жобасының

6, 7, 8, 9, 10суреттердегі скриптілер бойынша төмендегі сұрақтарға жауап жазыңдар. Скриптіде: 1) Цикл блогы қандай қызмет атқарады? 2) Координаттар не үшін қолданылған?

Дескриптор

 «Сен білесің бе?» ойын жобасының 6, 7, 8, 9,

10-суреттегі

скриптілері

бойынша берілген сұрақтарға жауап жазады.

Қалыптастырушы бағалау

Жұптағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Жарайсың!

Жақсы! Талпын!



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері



Жеке жұмыс

3-тапсырма 1.Ребусты шешіңдер.

2. Scratch-те жоғарыда берілген ребус үшін «Ребус» шешу ойынын қалай

құрастыруға

болады?Ойын жобасының сценарийі мен скриптісін құру бойынша қандай ұсыныстар бересің?

Дескриптор  Ребусты шешеді.

 Берілген сұрақтарға жауап береді.



Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Сабақтың соңы 7 мин.

Сабақты бекіту.

Рефлексия.

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс

«Кері байланыс бутерброды» әдісі Кері байланыс әртүрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!.