Файл: Азаматтыыты міндеттемелерді ксіпкерлік ызмет саласында олданылу ерекшеліктері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2 коллоквиум сұрақтары:

  1. Азаматтық-құқықтық міндеттемелердің кәсіпкерлік қызмет саласында қолданылу ерекшеліктері.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында көптеген азаматтық-құқықтық міндеттемелер жасалып жүзеге асады. Кәсіпкерлер өндірістік қызметті жүзеге асыру барысында өзара міндеттемелік қатынастарға түседі. Ондай міндеттемелік қатынастарды реттеуде азаматтық, кәсіпкерлік заңнамамен қатар іскерлік айналым дәстүрлері де қолданылады. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы міндеттемелерді реттеу жалпы азаматтық-құқықтық міндеттемелерді реттеумен салыстырғанда тараптарға жоғары дәрежеде жауапкершілік жүктейді. Оның бір сипаты – кәсіпкер өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жалпы азаматтық-құқықтық тәртіппен кінә негізінде емес, тәуекел негізінде жауап береді. Ол кәсіпкердің өзі сататын өнімінің, көрсететін қызметінің сапасын үнемі қадағалап отыруға міндеттейді.

  1. Міндеттеме түсінігі және түрлері.

Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы — несие беруші мен борышқордың субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды.

Сонымен міндеттеменің мазмұны қатысушылардың құқығы арқылы, сондай-ақ, міндеті арқылы айқындала алады. Борышқордың міндеті әдетте белгілі бір әрекетті жасауға келіп тіреледі (мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т.б.). Азаматтық кодекстің 268-бабында көрсетілген тізімнен соны көруге болады. Борышқордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асырудан да білінеді, мысалы, несие берушінің тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір міндеттемеге сәйкес несие беруші борышқордан белгілі бір әрекеттерге бармауын талап ете алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті пайдаланбауын талап етуге құқылы. Мүлікті жалға алушы (борышқор) оны басқа бір адамға жалға бермеуге міндеттенеді.

  1. Міндеттемеге қатысушылар.

Міндеттеменің қатысушылары болып тараптар, яғни борышқор мен несие беруші және үшінші жақ саналады.

  1. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.

Белгіленгендей несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше тұлға қатысқан ретте міндеттемедегі тұлғалардың көптігі болады. Оның белсенді көптік, пәс көптік және аралас көптік түрлері бар.

Тұлқалардың көптігі кезінде міндеттеменің түрлері: 1)үлесті, 2)ортақтасқан, 3)субсидиялы міндеттеме. Жалпы ереже бойынша үлесті міндет пен үлесті талап белгіленеді, ол теңдей үлес принципінен шығады.

Егер заңдармен немесе міндеттеме шарттарынан өзгеше белгіленбесе, тұлғалардың көптігі кезіндегі кез келген міндеттеме үлесті беп саналады. Үлесті міндеттемеде несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені орындауды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы оған түсетін үлесте міндеттемені орындауға міндетті. Егер өзгеше белгіленбесе үлестер тең деп есептелінеді (АК 266-бап).


Шартпен немесе заңдармен, соның ішінде міндеттеме нысанасының бөлінбеуіне орай ортақтасқан міндеттер немесе талаптар белгіленуі мүмкін.

  1. Міндеттемені орындаудың түсінігі және принциптері.

Міндеттемені орындау – оны несие беруші талап етуге құқығы болатын, борышқордың тиісті әрекеттерді жасауы(тауарларды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету, шығындарды өтеу және т.с.с.). Міндеттемені орындау міндеттеме түріне байланысты және әдетте белсенді әрекеттер жасау арқылы орындалады.

Міндеттемені орындаудың негізгі принциптері:


Міндеттемені тиісінше орындау принципі, яғни тиісті борышқормен, тиісті несие берушіге, тиісті мерзіде, тиісті жерде, тиісті нысанаға қатысты және тиісті әдіспен орындау. Осы талаптардың барлығы сақталса міндеттеме тиісінше орындалды деп есептелінеді. Тиісінше орындамау несие берушіге реалды орындауды талап етуге және азаматтық-құқықтық жауапкершілік шараларын қолдануға негіз береді.

  1. Міндеттемені орындау нысанасы және тәсілі.

Міндеттеменің нысаныі - бұл. Белгілі бір жақсылық, белгілі бір объект гр.міндеттемені орындау үшін несие берушіге беріледі. Нысанды тек заттар ғана емес, сонымен қатар барлық басқа заттар да жеке және жалпы белгілермен анықтауға болады.

  1. Міндеттемені орындау мерзімі және орны.

Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күні немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс.

Егер мiндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгiленбесе немесе мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет Әрiсiндегi Әдеттегi құқықтардан көрiнбесе, ол: 

1) мiндеттеме бойынша қозғалмайтын мүліктi беру - мүлік орналасқан жерде; 

2) мiндеттеме бойынша тауарды немесе Өзге де мүліктi тасымалдауды пайдалана отырып беру - мүліктi несие берушiге жеткiзу Үшін оны бiрiншi тасымалдаушыға тапсыратын жерде; 

3) егер бұл жер мiндеттеме пайда болған кезде несие берушiге белгiлi болса, кәсіпкердiң басқа мiндеттемелерi бойынша тауар немесе Өзге де мүліктi беру - мүлік дайындал¬ан немесе сақталатын жерде; 

4) ақшалай мiндеттеме бойынша - несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұл¬а болса - мiндеттеме пайда бол¬ан кезде оның бол¬ан жерiнде; егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу кезiнде тұрғылықты жерiн немесе тәр¬ан жерiн Өзгертiп, бұл туралы борышқорға хабарласа - орындалатын жердiң Өзгертiлуiне байланысты барлық шы¬ындарды соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тәр¬ылықты жерiнде немесе тәр¬ан жерiнде;


5) басқа да барлық мiндеттемелер бойынша - борышқордың тәрғылықты жерiнде, ал егер борышқор заңды тұлға болса - оның орналасқан жерiнде орындалуға тиiс.

  1. Лизинг түсінігі, мазмұны.

Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы белгілеген сатушыдан мүлікті меншікке алып, лизинг алушыға уақытша кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді. Лизинг беруші мүлікті өз қажеттері үшін емес, жалға беру үшін сатып алады. Әдетте, сатушының міндеттерін орындауы жөнінде лизинг беруші лизинг алушының алдында жауап бермейді. Шарт заты жылжымайтын мүлік болса ол мемлекеттік тіркеуден өтеді, жылжитын заттың лизингі жылжитын мүлік кепілін тіркеу органдарында міндетті тіркеуден өтеді.

Лизинг беру қызметін жүзеге асыратын банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын басқа ұйымдар ҚР Ұлттық Банкінен лицензия алуы тиіс. Басқа тұлғалар лизингті лицензиясыз жүзеге асырады.

Лизингтің нысандары:

- ішкі лизинг – шарттың тараптары түгелдей ҚР резиденттері болады;

- халықаралық лизинг – лизинг алушы немесе лизинг беруші ҚР резиденті емес.

  1. Факторинг және франчайзинг шарттары.

Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты (факторинг) бойынша бір тарап (қаржы агенті) екінші тараптың (клиент) билігіне ақша береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент өзіндегі үшінші тұлғаға деген талап ету құқығын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді. Қаржы агенті клиенттің алдында шарттың пәніне байланысты бухгалтерлік есептеуді жүргізу, басқа да қаржылық қызметтер көрсетуге міндетті болуы мүмкін.
Шарт екі жақты, ақылы, реалды немесе консенсуалды болады және оның нысаны талап ету құқығына негіз болған міндеттеменің нысанына сәйкес болуы қажет. Шарттағы негізгі қатынастар қаржы агенті мен клиент арасында қалыптасады. Қаржы агенті болуға банктер немесе лицензиясы бар басқа коммерциялық ұйымдар құқылы. Қаржы агенті мен үшінші тұлға (борышқор) арасындағы қатынастарды туынды деп атауға болады. Олар факторингтің пәніне жатпайды.

Шарттың пәні қаржы агентіне берілетін ақшалай талап. Талап ақшалай болмаса, факторинг шартының ережелерімен реттелмейді.

Факторинг пәнінің екі түрі бар:

- орындалу уақыты орнаған ақшалай талап. Ол қаржы агентіне шарт жасалған кезде ауысады;

- болашақта пайда болатын ақшалай талап. Ол қаржы агентіне талап ету құқығы пайда болған кезде ауысады

  1. Стандарттаудың жалпы мақсаттары.

Жалпы мақсаттар ең алдымен "стандарттау" түсінігінен туындайды. Стандарттауға арналған жалпы мақсаттардың нақтылануы міндетті болып табылатын стандарттар талаптарының орындалуымен байланысты.


Оларға:

-өнімнің қауіпсіздігің, процесті, (жұмысты), адамдардың өмірі мен денсаулығына қызмет көрсетуді, мүлікті, қоршаған ортаны сақтауды;

-саудадағы техникалық кедергілерді, ішкі және сыртқы нарықтағы өнім және қызмет бәсекелестігі қабілеттілігін жоюды;

-техникалық және ақпараттық сәйкестік, сонымен қатар өнімнің өзара алмастырылуын;

-ғылыми - техникалық прогресс дамуының деңгейіне сәйкес өнім, процесс және жұмыс сапасын;

-өнім, процесс (жұмыс) қызмет сапасы және қауіпсіздігі мәселесіндегі тұтынушылар мүдделерінің қорғалуын;

-өлшем бірлігін;

-қордың барлық түрлерінің тиімді пайдаланылуының сақталуын;

-табиғи және техногенді сипаттағы, сондай - ақ басқа да түрлі төтенше жағдайдағы апаттардың пайда болу мүмкіндігімен байланысты шаруашылық нысандардың қауіпсіздігін;

-елдің қорғаныс қабілеттілігі мен мобильдік дайындығын қамтамасыз ететін норма, ереже және сипаттамалардың жасалуы кіреді.

  1. Стандарттаудың объектілері.

Стандарттаудың объектілеріне жататындар: нақты өнімдер, нормалар, ережелер, талаптар, әдістер, терминдер, белгілеулер және өндірістік технология тағы басқа ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық сипаттағы, сонымен қатар халықаралық сауда-саттықта көп рет қайталанып қолданылатындар.

  1. Сертификаттау қызметін атқаратын ұйымдардың қызметі.

Сертификаттау (куәландыру) - азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және айналадағы ортаға өнімнің қауіпсіз болуы талаптарына сай келуін тексеру. Мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар жүргізеді.[1] Сертификаттау деп сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсімді де атайды.

  1. Стандарттау, метрология және сертификаттау органының құзіреті.

мемлекетаралық стандарт – өңірлік стандарттау ұйымы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі қабылдаған өңірлік стандарт

  1. Лицензияның түсінігі.

Лицензия (лат. licentia — рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат.

  1. Лицензияның түрлері.

Лицензияның екі түрі бар: ерекше және ерекше емес.

  1. Лицензияланатын қызмет түрлері.

Алым мөлшер-лемелері (АЕК)


Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері:

Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің кезеңдерімен байланысты жұмыстарды орындау

Ядролық материалдармен жұмыс істеу

Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

Иондандырушы сәулені генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

  1. Лицензия алу тәртібі.

  2. Лицензияның мерзімі.

Лицензияның жарамдылық мерзімі бес жылдан кем болмауы керек

  1. Лицензия бермеудің, қайта шақырудың шарттары мен тәртібі.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тіркеу орны бойынша беріледі.

Лицензияны және лицензияға қосымшаны (лицензияланатын қызметтің кіші түрлері болған жағдайда) алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) өтініш;

2) заңды тұлға үшін - Жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;

  1. Лицензиялаушы органдардың жүйесі.

Құқық қорғау органдары құзыретті және қадағалау функцияларын орындауына байланысты өзге де мәселелер бар. Қазіргі заманғы қоғам үшін іргелі маңызы бар қауіпті объектілердің айналымы және пайдалану үшін процедуралар реттейтін нормативтік-құқықтық ережелер елемеушілік, ауыр зардаптарға заттар, іс-шаралар жүзеге асыру, алдын алуға бағытталған

  1. Монополиялық қызметтің түсінігі және түрлері.