Файл: Математика пнінен жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 86
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Математика» пәнінен жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
4 сынып
«Жиынтық бағалау тапсырмалары» жинағы мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Математика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқужетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтықбағалауды өткізуүшін спецификациядатапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Оқу мақсаты Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі Орындау уақыты | 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 1.2 Сандармен амалдар орындау 1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері 4.3 Тізбектер 4.1.1.3 Көптаңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу 4.1.2.8 Көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану 4.1.3.5 Уақыт өлшем бірлігінің үлесін табу ( 1/60 сағ ═ 1 мин; 1/2сағ ═ 30 мин;1/7 апта= 1 күн) 4.4.3.1** 1000 000-ға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылықтарын анықтау Білім алушы
Білу және түсіну. Қолдану 20 минут |
І – нұсқа
1 тапсырма. Құрамы бойынша сандарды жаз :
• екінші кластың 705бірлігі, бірінші кластың 4 бірлігі бар сан _____________
• екінші кластың 725бірлігі, бірінші кластың 28 бірлігі бар cан ____________
b) Кіші санда барлығы неше ондық бар? _____________________________________
c) Үлкен санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсет
2 тапсырма. Баған түрінде жазып есепте:
579 – 429 : 3 + 287
655 + 225 : 5 – 36 ∙ 4
3-тапсырма Өрнекте.
7 тәул = сағ
5 мин 15 с. = с
455 ж. = ғ . ж.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор Білім алушы | Балл |
Разрядтық және кластық құрамы бойынша көптаңбалы сандарды атайды Разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтайды Көптаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктейді | 1 | разрядтық құрамы негізінде көптаңбалы сандарды жазады: - бірінші санды; - екінші санды; -кіші сандағы ондықтардың жалпы санын анықтайды; -үлкен санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсетеді | 1 1 1 1 |
Көптаңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдерін қолданады | 2 | -көптаңбалы сандардың қосындысының мәнін табады; -көптаңбалы сандардың айырмасының мәнін табады; | 1 1 |
Уақыт бірліктерінің үлесін анықтайды | 3 | - уақыт өлшем бірліктерінің үлесін анықтайды: - сағаттың минуттық үлесін; - аптаның тәуліктік үлесін; | 1 1 |
Белгісіз сандарды анықтайды | 4 | -көптаңбалы сандардың қосындысының мәнін табады; -көптаңбалы сандардың айырмасының мәнін табады; | 1 1 |
Барлығы | 10 |
«Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Оқу мақсаты Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі Орындау уақыты | 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 1.2 Сандармен амалдар орындау 1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері 4.3 Тізбектер 4.1.1.3 Көптаңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу 4.1.2.8 Көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану 4.1.3.5 Уақыт өлшем бірлігінің үлесін табу ( 1/60 сағ ═ 1 мин; 1/2сағ ═ 30 мин;1/7 апта= 1 күн) 4.4.3.1** 1000 000-ға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылықтарын анықтау Білім алушы
Білу және түсіну. Қолдану 20 минут |
ІІ – нұсқа
1 тапсырма. Құрамы бойынша сандарды жаз :
• екінші кластың 803 бірлігі, бірінші кластың 3 бірлігі бар сан _____________
• екінші кластың 361 бірлігі, бірінші кластың 44 бірлігі бар cан ____________
b) Кіші санда барлығы неше ондық бар? _____________________________________
c) Үлкен санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсет___
2 тапсырма. Баған түрінде жазып есепте:
1000 – 156 ∙ 4 + 598
990 – 229 ∙ 4 + 779
3-тапсырма Өрнекте.
6 тәул = ... сағ
9 мин 35 с. =... с
506 ж. = ...ғ .. ж.
4 тапсырма. Цифрларды тауып қой
4...4 5 9...0...
+...17... -...6...4
9 4...3 2 5 6 7