Файл: Дріс 3 Жыныспен тіркескен белгілерді тым уалауды задылытары. арастырылатын сратар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау құбылысын алғаш рет Морган дрозофила шыбыны көз түсінің ұрпаққа тұқым қуалауын реципрокты будандастыру нәтижесін зерттеу барысында ашты. Реципрокты будандастыру дегеніміз- генотипі әртүрлі дарақтарды екі бағытта шағылыстыру: ♀Х(А) Х(А) x ♂ Х(а)У және ♀Х(а) Х(а) x ♂ Х(А)У

Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауындағы тағы бір ерекшелік – еркек жыныс хромосомаларының ұрпаққа берілуі. Аналық шыбынның Х-хромосомасы келесі ұрпаққа кездейсоқ берілсе, аталық шыбынның Х-хромосомасы келесі ұрпаққа кездейсоқ берілсе, аталық шыбынның Х-хромосомасы тек ұрғашы ұрпаққа тұқым қуалайды. Сондықтан да Х-хромосомада орналасқан гендер анықтайтын белгілер айқас тұқым қуалайды. Хромосомалар диплоидты болғанымен гетерогаметалы еркек жынысты ген жалғыз күйде болады. Мұндай генотипі бар организм гемизигота деп аталады.

2. Жынысты ерте анықтаудың генетикалық әдістері.

Жынысты анықтаудың кейде реті келеді. Мысалы бройлерлік (ет үшін) балапандарды өсіру үшін тек әтештерді пайдаланады. Бірақ ерте күннен шібилермен қораздарды айыру өте қиын. Бұл мәселені шешу үшін 20-30 жылдардың өзінде жыныспен тіркес тауықтардың қауырсын бояуларын бір күндік балапандардың анықтау үшін қолданған. Мысалы, "алтын шашақ" әтештерді күміс түктес тауықтармен шағылыстырған. Бұлардан бірі сары, екіншісі ақшыл-жасыл балапандар шыққан, біріншілері – шібилер, екіншілері – қораздар.

Жыныспен тіркес белгінің тұқым қууын пайдаланып, Англияда Пеннет тауықтың камбар тұқымын шығарған. Бұл тұқымның жаңа шыққан балапандарының әтештері әлде қайда ақшыл түсті, ал шібилерінің түбіті қара теңбілді болған.

А.С.Серебровский тауықтардың жолақтығын зерттеп, оларды жыныс хромосомасында орналасқан геннің анықтайтынын ашқан. Сондықтан белгілі бір шағылыстыруларға гомозиготалы әтештерде ол түс өте сирек кездеседі. Шағылыстырудың басқа варианттарында барлық әтеш балапандардың желкесінде ақ дақ, ал шібилерде ол болмаған немесе әтештерде қара дақ болса, шібилерде ол болмаған. Бұл айырмашылықтар X – жыныс хромосомасында орналасқан доминантты B – генімен анықталады. Тұқым қуалайтын түс өзгешелігі ұрғашы ұрпақтарында да табылған, бір жынысы – ақ, екіншісі – сұр. Қазіргі кезде балапандардың жынысын клоакасын (нәжістік органы) арқылы анықтау әдісі қолданылады. Ірі дара ұрықты малдарда (ірі қара, жылқы) ұрықтың жынысын ерте айыру үшін эмбрионның трофобласт клеткаларын микрохирургиялық жолмен немесе амниондық сұйық затты (қағанақты) цитогенетикалық талдау жүргізеді.


3. Партеногенез – организмнің ұрықтандырусыз дамуы. Ұрпақтардың бір ғана жынысын алу эмриондар ұрығының аталық (андрогенез) немесе аналық гаметаларынан (гимогенез) дамуына байланысты. Мысалы, Б.П.Астауров жоғары температурамен әсер ету арқылы тұт көбелегінде партеногенез туғызды, мұнда мейоз болған жоқ, ұрпақ 100% ұрғашы болды.

Андрогенезде бүкіл ұрпақ тек қана аталық жынысты болды. Ұрықтанбаған тұт көбелегінің жұмыртқасын ыстық температурамен және рентгенмен сәулелендіру арқылы цитоплазманы бүлдірмей ядроларын өлтіреді. Содан кейін бұл жұмыртқаларды ұрықтандырады. Зигота жұмыртқаға енген екі сперманың қосылуынан түзіледі. Партеногенездік (еркексіз) даму табиғи немесе спонтанды жағдайларда құстарда кездеседі. И.В.Кудрявцев, З.А.Ощепкова, А.К.Голубаев және басқалары тауықтардың әр түрлі тұқымдарына эксперимент жүргізу арқылы өмір сүре алатын партеногендердің генетикалық селекциясының мүмкіндігі бар екенін және партеногенезге бейімді минияларды жасауға болатынын көрсетті. Бірақ балапандардың барлығы әтештер болады. Партеногенездің жиілігін жоғарлату үшін жасалған сұрыптауда күрке тауықтардың екі линиясы мынандай нәтиже берді. Жұмыртқалардың партеногенездік қабілеті 1,1-ден 18,6% -ке дейін бір линияда 21,1% дейін өсті. Партеногенездің маңызы тек қана бір жынысты ұрпақ алу үшін ғана емес, бұл құбылысты пайдалана отырып аталық-аналықтың біреуінің ғана генотипіне ұқсас алуға болатындығында.

Табиғи партеногенез – сирек кездесетін құбылыс. Төтенше жағдайларда партеногенез көбею әдісі деп саналады. Мысалы: су шаяны (ракообразные), ара. Партеногенез көбеюдің жалғыз әдісі болмайды, ол жыныс көбеюімен кезектестіреді.

Қолдан (жасанды) партеногенез – барлық жануарлардың түрлерінде болуы мүмкін. Бірақ олардың жұмыртқаларының даму қабілеті ұрықтанусыз бөлек.
Әдебиеттер

  1. С.Ж. Стамбеков. Жалпы генетика. А., Ана тілі 1993.

  2. Б.К. Бегимкул Генетика А., 2000.

  1. Ф.Айала . Кайгер Дж. Современная генетика I - III том М., Мир,1987

  2. М.М.Гершензон, Основы современной генетики. Киев,1983