ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дәстүрлі білім беру жүйесінің негізгі бағыттары
Заманауи білім берудің тұжырымдамасы
Тапсырма. Жоғарыда келтірілген екі кестені бірнеше рет оқып шығыңыз. Үшінші колонкаға №1 және №2 колонкаға қатысты өз ойыңызды қысқаша салыстыра жазыңыз (әрбір пунктке 3 сөйлемнен артық емес, мысал келтіруге болады).
Тапсырманы тек электронды түрде орындап, 2022 жылдың 10 қарашасына дейін тапсырыңыз. Аты-жөніңізді, оқу тобын жазуды ұмытпаңыз.
№ | Көрінетін белгілері | Сипаттамалары | Салдары |
1 | Обьективтілік | Адамға деген басым қарым-қатынас тіршілік иесіне және ойланатын, қынжылатын, күдіктенетін, жасампаздыққа және т.б. қабілетті күрделі био-психо-әлеуметтік-рухани жүйеге емес, атаусыз, жансыз, тіпті робот тәрізді, «өз пікірі болуға тиісті емес» ережемен өмір сүретін зат ретінде қарау. Басқаша айтқанда, бұл адамға ұқыпсыз, құндылықсыз қарым-қатынас. | Білім беру саласындағы барлық оқушылардың орташа бағалануы мен бір сыдырғы атаусыздық. Адамның заңды құқығының – таңдау құқығының жүзеге аспауы. Енжарлықты, әрекетсіздікті, масылдықты қалыптастыру. Педагогтар мен оқушылардың білім беру мәнін төмен дәрежеде сезінуі. |
2 | Авторитарлық | Субьект-обьектілік қарым-қатынасты (жоғарыдан төмен қарай жасалатын қарым- қатынас) абсолюттендіру. Бұл жағдайда қарым- қатынастың барлық көптүрлілігі тек бір нұсқаға – әкімшілік-бюрократтыққа (бағыныштылық қарым-қатынасқа) ұласады. | Күштеу педагогикасы, оның мәні «мәжбүрлеу», «жазалау», «қалыптастыру», «міндетті» сөздерінің және «осылай істе», «жатта», «қайтала» императивтерінің жиі айтылуымен ерекшелінеді. Қарапайым адами қарым-қатынастардың жоғалуы. Оқытудың монологтық тәсілі . Оқу ақпаратын жетік түсіне білуге емес, сөзбен баяндап айтып беруге бағдарлану. Денсаулық аздырушы орта (жағымсыз көңіл-күй, қорқыныш, үрейлі хал-ахуал). |
3 | Сциентизм | Адами табиғаттың біртұтастығының бұзылуы: оқытудың шектен тыс зияткерлендірілуі, білім берудің «сол жарты мишықтық» бағытталуының абсолюттенуі. | Оқушылардың «оң жарты мишығының» әрекетсіздігі. Білім берудегі музыка, бейнелеу өнері, еңбек, дене тәрбиесі сияқты пәндер мәнділігінің жеткілікті бағаланбауы. Оқушылардың дамуындағы руханилық пен нәзік сезімдіктің жоғалуы. Мидың оң жарты бөлігінің үйлесімділігінің бұзылуынан денсаулыққа зиян шегуі. |
4 | Бөліктенушілік | Білім беру үдерісіндегі біртұтастықтың бұзылуы: оқыту мен тәрбиелеудің, негізгі білім беру мен қосымша білім берудің, әдебиет пен тарихтың, математика мен физиканың, химия мен биологияның және т.б. жасанды бөлектенуі. | Оқушылардың білімінің және дүниетанымының бытыраңқылығы. Оқушылар денсаулығының оқу жүктемесінен және шаршап-шалдығудан азуы. |
5 | Ақпараттылық | Мұғалімнің басты назары оқу біліміне, бейімділігіне, дағдыға жинақталады, оның негізіне еске сақталуға тиісті ақпарат пен оның қолданудың дайын үлгісі жатады. | Білім беру үдерісінің дамытушылық бағытының тоқырауы. Зерделенуші материалдың күнделікті өмір проблемасынан аластатылуы. |
6 | Кадрларды дайындаудың қарапайымды лығы | Оқыту негізінен әдістемелік деңгейге бағдарланған. | Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби өсуі шектелген. Шығармашылықпен ойлайтын педагогты онша қажетсінбеу. |
7 | Білім берудің қарапайымды- лығы | Оқыту мен тәрбиелеуге атүсті қарау. | Оқу пәні әлеуметтік – мәдени құбылыстан ереже, деректер жиынтығына айналады. Тәрбие үдерісінің ақыл айту, үйрету, мораль оқу, адамгершілік идеяны мағлұмдау түріндегі тәртіптік іс- қимылға өзгеруі. Білім беру мазмұны оқушы үшін тұлғалық мәнін жоғалтады. Оқушылардың оқуға деген төмен ниеттілігі. Білім берудегі бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі. |
Заманауи білім берудің тұжырымдамасы
№ | Көрінетін белгілері | Сипаттамалары | Салдары |
1 | Субьективтілік | Адам құқықтарын мойындау:
| Білім беру қарекеті субьектілерінің қызығушылығын ескеру. Жекешеленген, дифференцияланған және проблемалық оқыту технологияларының басымдылығы. Әлеуметтік мәнді қасиеттерді (дербестікті, бастамашылдықты, жауапкершілікті, өзіне сенімділікті,шығармашылықты) дамыту. Психологиялық, валеологиялық, әлеуметтік- педагогикалық қызметті дамыту. Таңдау бойынша білім беруді кеңейту. Білім беру сұраныстарын қанағаттандыруға бағдарлану. |
2 | Диалогтылық | Субьект-субьектілік қарым-қатынасқа (бір | Проблемалық оқыту мен ұжымдық ойлау |
| | деңгейдегі қарым-қатынасқа) білім беру қарекетіне қатынасушылар арасындағы қарым- қатынастың ең ізгілікті тәсілі ретіндегі диалогқа бағдарлану. | қарекеттері технологиясының басымдылығы. Коммуникативтік қабілетті (есту мен тыңдау, төзімділік, ашықтық, шын пейілділік, әңгімелесушінің ерекшелігін ескеру) дамыту. Денсаулық сақтаушы ортаның (теріс көңіл-күйлік ширығудан, қысымшылықтан арылу) құрылуы. Ақпараттың үлкен мөлшерін еске сақтау арқылы емес, түсінумен қарқынды меңгеру. |
3 | Экзистенциалдық | Білім беру үдерісін адами табиғаттың біртұтастығын ескере тұрғызу: тек зияткерлік мүмкіндіктердің негізінде ғана емес, сонымен бірге бейнелі ойлау, интуиция, шығармашылық қиялдау, көңіл-күй, сезім және т.б. оң жарты мишықтың көріністері. | Оқушылардың «оң жарты мишығының» құқығын қалпына келтіру. Адам табиғатының біртұтастығын қамтамасыз ету. Оқушылардың рухани және сезімдік дамуы мәнінің артуы. Оқушылардың денсаулығына оң әсер етеді. Оқу пәндерінің тең құқылығы. Ақпаратты еске сақтауға емес, түсінуге баса назар аудару. |
4 | Кіріккендік | Білім беру үдерісінің біртұтастығы, ол оқу пәнін оқытуға кешенді тұрғыдан келуге негізделген. | Оқушылардың дүниетанымының біртұтастығы. Оқушылардың денсаулығына оң әсер етуі. Білім берудегі бәсекеге қабілеттілік. |
5 | Дамытуға бағытталушылық | Мұғалімнің оқу біліміне, бейімділігіне, дағдыға қарым-қатынасының өзгеруі: оқыту өзіндік мақсат емес, әлеуметтік-мәнді қасиеттердің (ойлау, сөйлеу, көңіл-күйлік- сезімдік, мінез-құлықтық, коммуникативтік, тәндік, шығармашылық) даму құралы. Оған дамытушы педагогикалық технологияларды қолданумен және оқу міндеттерін таңдап алумен қол жеткізіледі. | Тұлғаға бағдарланған және проблемалық оқыту технологияларының басымдылығы. Білім берудің практикалық, өмірге бағытталуының күшеюі, оның рухани-прагматикалық бағдары (дамыту+өмірге пайдалылығы). |
6 | Педагог кадрларды дайындаудың іргелілігі | Көп деңгейлі дайындық:
педагогикалық, ақпараттық, басқарушылық технологияларды меңгеру); | Педагогикалық қарекеттегі шығармашылықтың басымдылығы. Ойлаушы педагогтарға сұраныстың артуы. Бөгде тәжірибені көзсіз қайталаудан бас тарту. |
| | - әдістемелік (мұғалімнің өзінің оқыту мен тәрбиелеудің құралдары мен тәсілдеріне шығармашылығы). | |
7 | Білім берудің іргелілігі | Оқу пәнінің және тәрбиелік іс-шаралардың мазмұнындағы мән-мағынаның молдығы:
дамытумен байланысы). | Білім берудегі бәсекеге қабілеттілік. Ілім алуға ниеттіліктің артуы. Руханилықтың қажеттілігін сезінбеуді жеңу. |
Тапсырма. Жоғарыда келтірілген екі кестені бірнеше рет оқып шығыңыз. Үшінші колонкаға №1 және №2 колонкаға қатысты өз ойыңызды қысқаша салыстыра жазыңыз (әрбір пунктке 3 сөйлемнен артық емес, мысал келтіруге болады).
№ | Дәстүрлі білім беру жүйесінің негізгі бағыттары | Заманауи білім берудің тұжырымдамасы | Төменде сіздің пікіріңіз 3 сөйлемге дейін жазылады |
1 | Обьективтілік | Субьективтілік | 1) Оқушы білімді дайын күйінде олардың ақиқатын дәлелдеу жолдарын ашпай ақ үйренеді; 2) Адамның құқықтарын мойындай отырып, әлеуметтік мәнді қасиеттерін дамытады; 3) Білім сапасының төмендігі және алынған мамандықтың еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі; |
2 | Авторитарлық | Диалогтылық | 1) Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде мақсат қоюды, белсенділікті, өзін-өзі бағалау мен талап ету деңгейінің жеткіліктілігін сипаттайды;. 2) Ақылға қонымды субъектілік-объектілік өзара іс-қимыл барысында балалардың жағымды қасиеттері қалыптасады және бекітіледі(орындаушылық, тәртіптілік, жауапкершілік); 3) бала білім алу тәжірибесін жинақтайды, жүйені, іс-әрекеттің реттілігін меңгереді. |
3 | Сциентизм | Экзистенциалдық | |
4 | Бөліктенушілік | Кіріккендік | 1) Оқытудың бастапқы және соңғы кезеңдерінде білім мазмұнын, оқу пәндерін кіріктіру соңғы кезеңде қоғам үшін де практикалық жағынан маңызды мәселелрді дұрыс шешуге көмектеседі. 2) Оқу пәндерін кіріктіру жалпы білім мазмұнын, көлемін едәуір ықшамдауға, апталық оқу сағатын азайтып, эстетикалық тәрбие мен дене тәрбиесіне көбірек уақыт, көңіл бөлуге мүмкіндік береді. |
5 | Ақпараттылық | Дамытуға бағытталушылық | 1) Білім жүйесінде жаңа, шекаралық ғылымдардың пайда болуы, әр түрлі ғылым өкілдерінің ынтымақтастығын, ұжымдық шығармашылығын, кешенді зерттеушілігін дамытады |
6 | Кадрларды дайындаудың қарапайымдылығы | Педагог кадрларды дайындаудың іргелілігі | 1) Шығармашылық педагог — әрқашанда еркін, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын, бәсекелестікке қабілетті, құзіреттілігі мен белсенділігі жоғары тұлға. |
7 | Білім берудің қарапайымдылығы | Білім берудің іргелілігі | |
Тапсырманы тек электронды түрде орындап, 2022 жылдың 10 қарашасына дейін тапсырыңыз. Аты-жөніңізді, оқу тобын жазуды ұмытпаңыз.