Файл: Таырыбы ыз еркем, кестесімен кркем, л еркем, нерімен кркем Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5-8 сынып оқушыларының ұлдары мен қыздары арасындағы технология пәні бойынша ұйымдастырылған сайыс

Тақырыбы: «Қыз еркем, кестесімен көркем»,

Ұл еркем, өнерімен көркем

Мақсаты: Оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін арттыру, шеберліктерін көтеру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, талғамдарының жоғары болуына, әдемілікке, сұлулықққа баулу.

Барысы:

І. Армысыздар ардақты көрерменім,

Көрсетеді өнерін өрендерім.

Біз сайысқа ктеміз қадам басып,

Алдыменен алайық амандасып.

ІІ.Қайырлы күн! Құрметті ұстазадр, оқушылар!

Бүгінгі«Қыз ерекм, кестесімен көркем,ұл еркем, өнерімен көркем» сайысына қош келдіңіздер! «Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық». Халқымқыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасын қастерлеп,үйреніп, әрі дамыту –бізідң міндетіміз. Ендеше бүгінгі сайыс та халқымыздың бүгініг күнде азық және жұтамас байлық екенін көрсету.

І. Қазақ халқы ұл бала мен қыз баланы еңбекке тәрбиелеп, өнерге баулып отырған. Өыз балаға ыждағаттылық пентөзімділікті талап ететін кесте тігу өнеріне бала кезінене үйреткен. Ұл баланы «Өнерлі бала елдің көркі, үкілі өамыс көлдің көркі», « жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» деп өнерлі болуға баулып, үйретіп отырған.

ІІ.Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімді деп ұққан Абай атамыздың

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған-деген қағидасын басшылыққа алып, бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

І. Өнер,білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таің қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын,-

дей келе сайыскерлеріміздің бағасын бертін әділқазылар алқасмен таныстырып өтейін.

ІІ. Сайысымызды бастамас бұрын,алдымен сайыстың шарттарымен таныс болайық.

  1. «Сөз анасы- сәлем» ( әр топ өздерін әртүрлі жанрда таныстыру)

  2. «Ою-ойғанның ойы ұшқыр» (қағазадн ою ойып беру)

  3. «Ас-адамның арқауы» (бутербродтар дайындау)

  4. «Мақал-сөздің мәйегі» (мақалды жалғастыру)

  5. «Адам көркі-шүберек» (әр түрлі материаллдардан ұлттық нақышта киім үлгісін көрсету)

  6. «Тапқыр болсаң, тауып көр» (сұрақ –жауап)

  7. «Шынайы сурет» (ертегі желісі бойынша сурет салу)

  8. «Қол өнер-мол өнер» (бір қолөнер бұйымын таныстыру)

І. Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген жұптар кезегімен,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз.


Сайысымыздың бірінші шарты «Сөз анасы- сәлем» ( әр топ өздерін әртүрлі жанрда таныстыру).

ІІ. Үйіңе айтшы керегін,

Ойыңның берші дерегін.

Оюмен-ақ сайратар,

Түскиіз, сырмақ, кілемнің-дегендей, келесі кезек «Ою-ойғанның ойы ұшқыр» (қағазадн ою ойып беру)

І.Ас-адамның арқауы дегендей өмір сүру үшін адамға тамақтану керек. Ал, тамақ дайындаушы үйде анамыз болады. Біздер аналарымыздың көмекшісіміз. Ал қазір тез жасалатын ас бутербротарды өздеріміз дайындаймыз. Әзірлеп әкелген азық-түліктерді пайдаланып, құнарлы, сапалы бутерброд дайындауларыңыз керек.

ІІ. Төтінші шартымыз «Мақал-сөздің мәйегі» деп аталады. Компютерде көрсетілген мақалдың жалғасын табуымыз керек.

1.Еңбегің қатты болса,

Тапқаның тәтті болар.

2.Байлықтың атасы- еңбек, анасы –жер.

3. Рахаттың түбі кеңіс,

Еңбектің түбі жеңіс.

4.Еңбексіз тапқан мал, есепсіз кетеді.

5. Жан қиналмай жұмыс бітпес,

Талап қылмай мұратқа жетпес.

6.Тіліңе сүйенбе, күшіңе сүйен,

Күшіңе сүйенбе, ісіңе сүйен.

7.Еңбекке үйренем десең, ерінбе.

Өнерге үйренем десең, жерінбе.

8.Еңбегі аздың, өнбегі аз.

9.Біткен іске сыншы көп.

10.Ерінбеген етікші болады.

11.Не ексең соны орасың.

12. Екпей егін бітпес,

Үйренбей білім бітпес.

І. Аппақ көйлек киемін,

Қос етегі бүрмелі.

Кестелеген жиегін,Кең даламның гүлдері.

Жарасады бөркіме,

Үкілерім үлпілдеп.

Ел қарайды көркіме,

-Неркен әсм, шіркін!-деп.

Бесінші шартымыз «Адам көркі-шүберек» деп аталады. (әр түлі материалдардан ұлттық киім үлгісін көрсету.)

ІІ. Ақылдылық бәріне жарасады,

Көзі ашық, кім бүгін санасады.

Тапқыр болсаң тауып көр сайысында,

Ақылды ды өнерлі ұландарың.

Сыналар білімі мен парасаты.

Алтыныш шартымыз «Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады. (сұрақ-жауап)

  1. Тігін машинасында қандай қозғалтқыштарды білесіңдер? (қол, аяқ, электр)

  2. Ине іс машинасына қалай орналастырылады? (ұзын ойық арқылы)

  3. Жіп, инені таңдау неге байланысты? (матаның түріне, қалыңдығына байланысты)

  4. Ине қалай таңдалады? (сапалы, тік,ұшы өткір)

  5. Машинаны пайдалану ережесін бұзу кезінде қандай жағдайлар болады? (иненің сынуы,жіптің үзілуі,тігістің аттап кетуі)

  6. Мата неден жасалады? (талшықтан)

  7. Стиь дегеніміз не? (мәнер, сипат, ерекшелік)

  8. Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? (үтәктеу)

  9. Талшықтар шығу тегіне қарай қандай болып бөлінеді? (табиғи және жасанды)

  10. Тігіс дегеніміз не? (бөлшектердің біріккен орны)

  11. Ежелгі ұлттық ою қалай аталады? (қошқармүйіз)

  12. Жіп иіретін құрал қалай аталады? (ұршық)


І. Кел тыңдайық ертегі,

Естіген жанды елітеді.

Талай ғажап оқиға,

Қызық сырын шертеді- деп келсі шартымыз «Шынайы сурет» деп аталады. Бұл бөлімді ертегі желісі бойынша сурет саласыздар.

ІІ. Қолөнер тәрбиенің құнды құралы. Қолөнер балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра, қолөнер-кәсіп, қолөнер-қол еңбегі,қолөнер ғасырлар бой дамып келе жатқан халық шығармашылығы.

Сегізінші шартымыз «Қол өнер-мол өнер» (бір қолөнер бұйымын таныстыру)

Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын айту кезегін әділқазы алқаларына берейік.