Файл: за мерзімді жоспарды блімі 3Блім рекеттегі маркетинг.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№38 сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 3-Бөлім Әрекеттегі маркетинг | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы | SWOT- талдау. Бизнес кейс | ||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.4.1 SWOT талдаудың тағайындалуын түсіну; 10.3.4.2 зерттелетін өнімнің күшті және әлсіз жақтарын бағалау кезінде SWOT-талдауды тәжірибеде қолданады | ||
Сабақтың мақсаты |
| ||
Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер) | Барлық оқушы:
Олардың ішінен көбісі:
Олардың ішінен кейбірі:
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар жұмыс барысында қысқа мазмұнды жазбалар жасап отырады (ауызекі тіл және жазбаша тіл, тыңдай білу дағдылары) Пәнге сәйкес келетін лексика және терминология: SWOT-талдау, ішкі орта, сыртқы орта, күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер Диалог және жазба жасауға арналған сөйлем жинағы: Менің ойымша….., мен ……. келісемін, мен……….келіспеймін | ||
Құндылықтарға баулу | Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі барлық құндылықтар – сыйластық, достық, толеранттылық, махаббат және өзара көмек, көмек беріге дайындылық | ||
Пән аралық байланыстар | Экономика. Риторика. Математика, География, Тарих | ||
Алдыңғы білім | Кәсіпкерлік қабілет, бастапқы капитал, ақша, маркетинг, маркетинг-микс, маркетингтік зерттеулер |
Сабақ барысы
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс –әрекеттер | Ресурстар | |||
Сабақтың басы
Сабақтық ортасы 20 минут |
«Жетістіктер ағашы» ойыны. Саламатсыздар ма оқушылар! Сіздердің жақсы көңіл күймен келгендеріңізге қуаныштымын! Балалар, мына жалғыз тұрған ағашқа көңіл аударсаңыздар (тақтада жапырақтарысыз ағаш бейнеленген ватман ілінген). Әрқайсыңызда әр түрлі түстегі жапырақтар бар (парталарының үстінде). Сіздер осы жапырақтарды алып, біздің жалғыз тұрған ағашты түрті-түсті жапырақтармен толтырсаңыздар (әр оқушы өзіне ұнаған түстегі жапырақты таңдап, ағашқа бекітеді). Оқушылар жапырақтарды бекіткеннен кейін: - жасыл түсті жапырақтарды таңдағандарыңызға, бүгінгі сабақ табысты болады деп күтеміз. Кызыл түсті жапырақ таңдағандар – қарым-қатынас орнатқысы келеді. Сары түсті жапырақ таңдағандар – белсенділік танытады деп күтеміз. Көк түсті жапырақ таңдағандар – табандылық танытады деп күтеміз Жалғыз ағаш жапырақтармен жамылды, сіздердің арқаларыңызда әр түрлі түске боялды. Ағаштың әдемі безендірілуі сіздердің күтулеріңіз және ұмтылыстарыңызға байланысты болды. Осылайша, сабақтың жақсы өтуі және тапсырмалардың жақсы орындалуы да сіздерге байланысты болады ма? Бүгінгі сабақта барысында сіздер табандылық, белсенділік танытып, бір – біріңізбен жақсы қарым-қатынаста болсаңыздар, сабақ табысты деңгейде өтеді деп үміттенемін!
SWOT-талдау – бұл нарықтағы өнімнің күшті (Strengths) және әлсіз (Weaknesses) жақтарын, мүмкіндіктерін (Opportunities) және қауіпті жақтарын (Threats) зерттей отырып, кешенді бағалауда қолданылатын маркетингтік инструмент. Мұның мәні барлық мүмкін болатын шынайы тұжырымдарды санамалап: әрбір мүмкіндіктердің дәлелі нақты қауіпті жақтың дәлелін жаба алады ма, соны әрбір жолда талдау. Сізде әрбір қауіпті жақтың дәлеліне осы жағдайды жабатын нақты күшті жақтарыңыз бар ма? Сонымен қатар әрбір әлсіз жақтарының дәлелі қандай да бір мүмкіндіктермен жа былуы тиіс. Егер сізде қамти алмай тұрған әлсіз жақтарыңыз немесе қауіп болса – сізде әлеуетті мәселе бар, оны шешу үшін – жаңа мүмкіндіктерді іздестіру немесе күшті жақтарды қалыптастыру қажет. Бұл құрал әрқашан нақты (біреуге) бір нәрсеге қатысты (біреуді) бір нәрсені бағалау үшін қолданылады. Талдаудың бұл түрін жайдан жай мағынасыз бір нәрсені бағалау үшін қолдануға болмайды. Мысалы, біз өнімді бәсекелеске қатысты бағалай аламыз. Бұл құралмен өзімізді де болашақта кім болуымызға байланысты бағалай аламмыз. Мына сұрақтарды назарға ала отырып оқушыларға кәсіпкер болуға қатысты өзін бағалауын тапсырма ретінде беруіңізге болады. Оқулық бойынша жаттығулармен жұмыс жасау. Тапсырма 1 Үйге тапсырыспен тағам жеткізумен айналысатын компаниялардың күшті жақтары қандай болу керек деп ойлайсың? Олардың бәсекелік қабілетін әрі қарай ненің көмегімен дамытуға болады? 2-тапсырма Неге Қазақстанның өзінде көптеген адам Canada Goose мамық сырткиіміне арнайы тапсырыс беруге дайын? Бұл марканы еске алғанда сіздің басыңызда қандай бейнелер пайда болады? 3-тапсырма Әлем үнемі өзгерістерге ұшырап отырады. Қалай ойлайсыздар, болашақта қандай өзгерістер компанияның дамуына ықпал ететін болады? Даму дың жаңа серпініне немесе сәтсіздікке ұшырауға не себеп болуы мүмкін, нақты қандай жағдай? Мәселен, мұндай факторларға ақпараттандыру, цифрлау тенденцияларын жатқызуға болады. Бұл бір жағынан зор мүмкіндік, екінші жағынан қауіп. Ойланып көріңізші, неліктен? БИЗНЕС-КЕЙС Компанияның сыртқы және ішкі ортасы туралы теориялық материалдарды зерттеу барысында сіз SWOT-талдау сияқты құралмен таныстыңыз. Нақты нарықта бизнес-жоспарлаудағы кез келген қате компанияның миллиондаған пайдасын жоғалтуға және тіпті шығынын ақтамай толық жабылуға дейін апаратынын түсіну қажет. TURAN бренді де осыны ескеру керек, яғни компания басшылығы мен маркетологтар компания әрекет ететін барлық бизнес-үдерістер мен ортаны мұқият талдау қажет. Жылдық өндіріс 100 миллион литр кезінде арнайы жабдықтар, көлік, буып-түю өндірісі үшін шикізат және т. б. алдын ала сатып алынады. Брендті басқаруда қателік жасауға құқығымыз жоқ. Маркетингілік зерттеулер нәтижесінде алынған деректер жинағында сенімді бағдарлауға мүмкіндік беретін TURAN брендіне арналған нарықтық жағдайды талдаудың ең тиімді нысандарының бірі SWOT-талдау болып табылады. Ол нарықта табысты әрекет етуді қамтамасыз ететін брендпен жұмыс істеудің ең маңызды мәселелерін нақты анықтау үшін ақпаратты құрылымдауға мүмкіндік береді. Әрбір жаңа бренд стратегиясы SWOT-талдаудан басталады. Әдетте SWOT-талдау ғана нені түсіну қажет және маркетингілік зерттеулер арқылы қандай деректерді алу қажеттігін көрсете алады. Маркетингілік зерттеулер жүргізілгеннен кейін SWOT-талдау түзетіледі. | «Жетістіктер ағашы» ойыны. Флипчарт немесе ватман (Жапырақтарысыз ағаш суретін салыңыз). Әр түрлі түстегі жапырақтар. Сабақ презентациясы «Ми шабуылы». Сабақ презентациясы 10 сыныпқа арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығы. Авторлары; Е.С. Дуйсеханов, С.А. Щеглов, Д.Ханин, А.А. Сейтенова. 1-бөлім | |||
Сабақтың соңы 10 мин | Отандық өндірушінің өнім жобасын жасауға қатысты оқушыларға бәсекелестердің өнімдеріне байланысты таңдалған өнімнің SWOT талдауын қалыптастыру ұсынылады. Аяқталу формасы – өнім атауы және өндіруші #хэштегі жазылған ғаламтордағы пост. | | |||
Рефлексия | Көңіл-күй және эмоциональды жағдайдың рефлексиясы: Парталас көршіңізге арналған үш сөйлемнің біреуін таңдаңыз: -Жарайсың, -Бүгінгі сабақтағы жұмысың мені қанағаттандырады, -Өзіңді бүгінгі сабақта жақсы көрсетуіңе болар еді | | |||
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникаларын қадағалау | |||
1. Диалог құра отырып оқыту 2. Топтардағы жұмыс 3. Жаңа ақпарат көздерімен жұмыс жасау бойынша саралау жаңа материалды игеру кезеңінде жұргізіледі. 4.Әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды оқушыларға ұсынылатын сабақты бекіту кезеңінде саралау жүргізіледі. Топтарда әр оқушыға роль беру, топ іщінде әр оқушының белсенділік танытуын, өзара көмек және өзара қолдау жасауға дайындығын болжайды | Бағалау формасы «Ду қол шапалақ», «Лайк» ( ). Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, ұжымдық бағалау | Денсаулық сақтаушы технологиялар. Физминуттар қолдану. Белсенді іс-әркет түрлері. Қауіпсіздік техникасы тәртібі. |