Файл: Мазмны Кіріспе. 2 Тарау. Дегейді лшеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
өлшеуіштерге қалтқылы деңгей өлшеуіштер жатады.

2.1 а-суретте 4 сұйық бетінде жүзуші қалтқысы представлена бар механикалық деңгей өлшеуіштің құрылымы көрсетілген. Қалтқының жəне соған сəйкес онымен байланысқан теңдестіруші жүктің 2 шкалаға 3 қатысты орналасуы сұйықтың деңгейін анықтайды.

Кейде сұйықтыққа салынған шөкпелі қалтқы-буйкалар қолданылады (2.1 б-сурет). Тоқпақ 6 иінтірек 2 пен серіппеге 1 ілінген.

Сұйықтың деңгейі өзгеру кезінде буйканың шөгу жəне соған сəйкес буйка массасының əсерінен серіппенің 1 созылыңқы күшінің дəрежесі де өзгереді. Осының арқасында əрбір деңгейге буйканың белгілі орыны сəйкес келеді. Иінтірек 2 арқылы буйканың қозғалысы шкала бойынша 3 сұйықтың деңгейін көрсетуші тілше 4 орнатылған өске беріледі. Сызықтық немесе бұрыштық қозғалысқа түрлендірілген қалтқы немесе буйканың орыны көрсетуші құралға берілуі немесе қашықтықты беріліс үшін электрлік сигналға түрленуі мүмкін. 2.1 в-суретте қалтқылы электрлік деңгей өлшеуіштің сызбасы келтірілген. Онда сұйықтың белгілі деңгейі X қалтқының жəне өлшеуші көпіршенің R1...R4 түрлендіруші потенциометрі Rx көмегімен қарсылығы Rk1 жəне Rk2 болатын магнитті-электрлік логометрде тіркеледі. Деңгей өлшеуішті түрлендіруші көпіршелі жүйеге екі көршілес көпіршек иықтыра өзгеретіндей етіліп іске қосылады.

2.2 сурет. Манометрикалық деңгей өлшеуіштің сызбасы: R0

—R3 көпірше иықтарының қарсылығы; Д қозғалтқыш; У

—күшейткіш; Rx—тензорезистор

Мұндай сызбада температуралық компенсацияға қол жеткізіледі.

Деңгей өлшеудің манометрикалық əдісін қолданғанда резервуардағы сұйықтықтың бағаналық қысымы анықталады. Бу генераторларындағы, қазандық-утилизаторларындағы жəне буландыру суытушы жүйелеріндегі барабандардағы сұйықтықтардың деңгейілерін өлшеуде деңгей бірліктерінде градуирленген мембраналық дифманометрлер кеңінен қолданылады.

2.2-суретте сигналды түрлендірудің электрлік сызбасын қолдануы бар манометрикалық деңгей өлшеуіштің сызбасы келтірілген. Манометрдің қатаң ортасы шар арқылы көпірше иығына іске қосылатын тензорезисторға Rx басады. Сұйықтың Х деңгейінің өзгеруі кезінде тензоқарсылық та өзгереді, бұл өз кезегінде көпірше теңгерімінің бұзылуына əкеп соғады. Көпіршеден алынатын келісілмеу сигналы күшейткіште У күшейеді жəне қозғалтқышқа Д беріледі. Соңғысы көпіршені теңдестіреді жəне редуктор арқылы көрсетуші немесе сигналдаушы қондырғының тілшесін ауыстырады.

Деңгейді өлшеудің көлемдік əдісі сұйықтығы бар резервуарға орнатылған арнайы конденсатордың электрлік көлемі оның деңгейіне байланыстылығына негізделген.

Деңгейлері көлемдік əдіспен өлшенетін сұйықтардың электрлік сипаттамаларына байланысты олар электр өткізгіштік жəне электр өткізбейтін болып бөлінеді.


2.3-сурет. Электрөткізбеуші сұйықтықтың деңгейін өлшеуге арналған көлемдік түрлендірушінің қондырғысы (а) мен оның электрлік сызбасы (б):1 электрод; 2 түрлендіргіш корпусы; 3 төлке

2.3 а-суретте электр өткізбеуші сұйықтықтың деңгейін өлшеуге арналған
көлемдік түрлендіргішің қондырғысы көрсетілген. Ортаға корпустан төлкемен 3 бөлінген электрод 1 түсірілген. Екінші электрод ретінде түрлендіргіштің 2 жерлендірілген корпусы болып табылады. Осылайша, түрлендіргіш екі параллель жалғанған конденсаторлардан құралады: деңгейі өлшенетін сұйықтың – диэлектриктің жəне электрод бөлігімен түзілген конденсатордан Сж, жəне ауа-диэлектрик пен қалған электрод бөлігімен туындаған конденсатордан Св. Электрлік көлемнің өлшенуі Сд трансформатордың екі еселік орамасының индуктивтілігінен, конденсаторлар С1, С2 мен көлемнен Сд тұратын индуктивтік-көлемдік көпіршемен (2.3 б-сурет) жүзеге асады. Өлшенуші көпірше жиілігі 100 Гц болатын генератордан Г қоректенеді. Сұйықтың деңгейінің өзгеруімен электродтың тереңдеу деңгейі де өзгереді, бұл көлемнің өзгеруі Сд мен көпірше теңгерімінің бұзылуына əкеп соғады.

Сұйықтық деңгейіне пропорционалды теңгерім бұзылымының сигналы шығарушы кернеуі екіншілік құралмен ВП (потенциометр немесе миллиамперметрмен) өлшенетін күшейткіш кірісіне беріледі.

Өлшеу диапазоны электрод түріне, оның ұзындығына, өлшенуші сұйықтықтың сипаттамасына байланысты болады.

Ультраакустикалық əдіс. Ультраакустикалық деңгей өлшеуіштер улы жəне жарылғыш қауіпі бар орталарда, сонымен бірге, жоғары температура мен қысым жағдайларында орналасқан орталармен байланысты технологиялық үрдістерде қолданыс табуда.

Осы типтің деңгейін бақылау мен өлшеу əдістерінің əрекеті ультрадыбыстық тербелістердің кез-келген қалыңдықтағы резервуарлардың металдық
қабырғалары арқылы өтуіне жəне орталардың бөліну шекарасынан сəулеленуге негізделген.

Жабдықтың жұмыс істеу қауіпсіздігі шартында деңгейді белгілі бір жағдайда ұстап тұру және технологиялық процесстерді автоматтандыруда сұйықтың деңгейін өлшеу маңызды мәселе боп табылады.Деңгей өлшегіштер деңгейдің номинал шамадан ауытқуын бақылауда және (бұл кезде екі беттік шкала қолданылады.)сұйықтың сандық мөлшерін өлшеуде қолданылады (бір беттік шкала қолданылады.)Өлшеу шарттарына бақыланатын орта сипатына байланысты деңгей өлшеудің әр түрлі әдістері бар.

Егер көрсеткіштерді дистанционды беру қажеттілігі болмаса сұйықтың деңгейін визуалды санаушы бар деңгей өлшеуіштерімен өлшеуге болады. Дистанционды деңгей өлшеуде күрделі деңгей өлшеуіштер қолданылады:гидростатикалық(дифмонометрлі және барботамды), буйкалы және қалтқылы сыйымдылықты индуктивті ,радиоизотропты ,толқындық,акустикалық,термокондуктометрлік.

Қатты сусымалы материалдарды автоматты мөлшерлеу сусымалы материалдардың лездік мағынасын және массасын өлшеуге негізделген.Осыған байланысты мөлшерлегіштер үздіксіз жұмыс істейтін және порционды деп бөлінеді.Порционды мөлшерлегіштер салмақтық құрылғылар боп табылады,химиясы бар қалыптау әдісі бойынша олар рычакты,пружиналы,пневматикалық және тензаметрлік сезімтал элементтері бар,аралас боп бөлінеді. Өлшеудің жоғарғы дәлдігі талап етілген кезде салмақтық құрылғыларда қолданылатын пружиналы бір қалыптастыратын механизмдер жүзеге асады.Үздіксіз және автоматты порционды жүйелерде дистанционды беру көрсеткіші бар,электрлік немесе пневматикалық сигналдарды түрлендіретін күші бар құрылғылары мен қамтамасыз етіледі.Автоматты процесстерді мөлшерлегіштер рычакты салмақты базада орындалады,олар материалдық белгілі бір санын анықтауда керек.Сусымалы заттарды автоматты мөлшерлегіштер үздіксіз қозғалыста және олар қатты заттың лездік шығынын өлшеп тіркейді.Олар техникалық процесстердегі сусымалы заттардың ағындарының өзара қаттамасы мен белгілі бір ағымдарды тұрақтауда қолданылады.Олардың арасындағы ең көп таралған түрі автоэлекторлы металы салмақтық мөлшерлегіштер боп табылады.Мұнда материал үздіксіз түрде ленталы транспортта өлшеніп отырады,алынған нәтижелер оның мағынасын ашады.

13.3 суретіндегі үздіксіз қозғалыстағы ленталы автоматты мөлшерлегіштің принциптауды схемасы көрсетілген.Ленталы транспортир (1)2-4 салмақтық құрылғы рычак жүйелеріне ілінген .


Транспортир шамасындағы (5)редуктор мен элетрқозғалтқыш арқылы лента қозғалтқышқа келеді.(6)қоректендіргіш арқылы бункерден сусымалы материал қозғалып тұрған лентаға беріледі.Транспортирдағы материал салмағы (7)жүктеме арқылы қалыптандырылады.Материалдық салмағы өзгертілетін болса( 4 )рычакпен( 8) дифференциалды –трансфорталы типті датчигінің плунжері орын ауыстырады.Ол( 9 ) екіншілік аспапқа қосылған,аспаптық мағынасында салмақтау өзгерісіне пропорционал сигнал пайда болады.Бұл сигнал Gсалмақтық шығынның берілген мәні енгізілетін электрлік реттеуіш (10)-ға беріледі

Электровибрациялы қоректендіргішке реттеуші әсер етеді.Лентадағы материал салмағы азайтылса,реттеуіштегі ауытқу сигналы вибратордың тербеліс амплитудасын көбейтеді,осыдан тепе-теңдік жағдайға жеткенше материал беріле береді.Электровибратор 1 мм амплитудамен және 50 Гц жиілікте тербеледі.Вибратордың электромагнитіндегі катушкалардың тоқтарын өзгерту арқылы тербеліс амплитудаларының өзгеруін көруге болады.

Лентаның қозғалысының жылдамдығы тұрақты жағдайда Gt(кг/с) мөлшерлеуіш арқылы салмақтың шығын Gt=qr Vr zтең.

Мұнда qr-лентадағы ауыспалы материалдың ығыстыру массасы. Кг/м

V–лентаның қозғалу жылдамдығы. м/с

Әртүрлі автоматты ленталы мөлшерлегіштің өнімділігі сағатына бірнеше киллограмнан бірнеше тоннаға дейін болады,негізгі өлшеу қателігі 1-2% тен аспайды.

Деңгей датчиктер.

Ультрадыбысты деңгей датчиктері ДУУ2.,ДУУ4.

Датчиктер сұйық өнімдердің,қышқылдардың еріткіштердің және т.б агрессивті орталар мен температура,бақыланатын орталарды өлшеу және үздіксіз бақылау үшін қолданылады.

Олар сұйық өнімдерлі контактілі және автоматты түрде өлшей алады.Сонымен қатар бір нүктедегі бақыланатын ортаның температурасын өлшей алады.

Жұмыс істеу принципі.Өнімнің деңгейін өлшеу болат сым арқылы өтетін қысқа импульс уақытын өлшеумен жүзеге асады.Сымның ұзындығы бойынша катушка оралған,осы катушкада магнитті өрісті тудыра отырып,тоқ импульсі жүреді.

Датчиктер мынадан тұрады:

-сезімтал элемент (сэ)

-оған сезімтал элемент ілінген қалтқыдан.

-пьезоэлементті қосатын біріншілік түрлендіргіштен.

Датчиктер цангілі механизмдер көмегімен сезімтал элементтің ұзындығын қосымша реттейтін мүмкіндігі бар.

Қалтқылы деңгей өлшеуіштер. Атмосфералық қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардағы сұйық деңгейін өлшейтін қарапайым аспаптарға қалтқылы деңгей өлшеуіштер жатады. Олардың әрекет принципі бақыланатын сұйық бетіндегі қалтқының ыдыстағы сұйық деңгейі өзгерген кезіндегі ығысуына негізделеді (2.4 сурет). Ыдыстағы сұйық бетінде (1) жүзіп жүретін қалтқы (2) ролик (4) арқылы қалтқы мен тросты теңгеретін жүкке (6) троспен (3) жалғанған. Жүкке бекітілген стрелка шкаладан (5) ыдыстағы сұйықтың деңгейін көрсетеді. Қалтқылы деңгей өлшеуіштер өлшеу дәлдігі аса қажет болмаған жағдайда пайдаланылады.