Файл: Мазмны Кіріспе. 2 Тарау. Дегейді лшеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Электрлік деңгей өлшеуіштер. Мұндай деңгей өлшеуіштердің (кондуктометрлік және сыйымдылық) жұмыс істеу принципінің негізіне актив омдық кедергінің не сыйымдылықтың бақыланатын орта деңгейіне тәуелділігі алынған.




2.4 сурет. Мембранды деңгей өлшеуіш.
Бұл құрылғылар сусымалы заттардың және астықтың деңгейін өлшеуге қолданылады. Бункердің қабырғасына бекітілген астық деңгейінің мембранды сигнализаторында, астық қысымы қатты металл дискімені 2 иілгіш мембранаға 1 әсер етеді және оны серіппенің 3 күшімен алмастырады. Мембрананың астындағы астық биіктігі 150 мм болғанда контактінің іске қосылуы жүру керек.

Гидростатикалық деңгей өлшеуіш. Бұл құрылғының жұмыс принципі сұйыққа жүктелген денеге әсер ететін сұйық бағанының қысымын өлшеуге негізделген. Тамақ неркәсібінде буйкалы және пъезометрлік гидростатикалық деңгей өлшеуіштер кеңінен қолданылады.

Буйкалы деңгей өлшеуіштің жұмыс принципі сұйыққа жүктелген буйкаға әсер ететін итергіш күшті өлшеуге ненгізделген. Бұл күш ретінде серіппенің немесе оратылған торсинді түтіктің тығыз күші қолданылады.

Пъезометрлік гидростатикалық деңгей өлшеуіштерсұйық толтырылған резервуарға орналастырылған түтікті көрсетеді, оның деңгейі өлшенеді. Бұл түтік арқылы ауа үрленеді, ол сұйық арқылы көпіршік түрінде өтеді. Түтіктегі ауа қысымы ρ сұйық деңгейінің өлшемі болып табылады. Мұнда сұйық тығыздығының әсерін ρ ескеру керек, өйткені ρ=ρgH.

Электрлік деңгей өлшеуіш. Мұнда деңгейді өлшеу датчиктің сезімтал элементінің көмегімен электр сигналына түрлендіреді, ол қандай да бір электр өлшеу аспабымен өлшенеді. Мұнда ортаның электрлік қасиеттері қолданылады: электрөткізгіштік, диэлектрлік өтімсділік және т.б.

Акустикалық (ультрадыбысты) деңгей өлшеуіш. Бұл аспаптар дыбыстық тербеліс қасиетіне негізделген, ортаның бөлігінің шегінің түрлі акустикалық кедергісіне байланысты. Ультрадыбысты деңгей өлшеуіштің ерекшелігіне олардың өлшенетін ортаның қасиетінің өзгерісіне сезімталдылығының жоқтығын жатқызуға болады, мысалы, үлкен температуралық диапазон, жоғарғы сенімділік

Радиоизотопты деңгей өлшеуіш. Бұл аспаптарда сәулелену қабылдағышына (детекторға) берілетін иондалатын сәуленің ағынының қарқындылығына байланысты, өлшенетін ортаның деңгейіне байланысты.


3.ТАРАУ.ДЕҢГЕЙДІҢ СЫЙЫМДЫЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРГІШТЕРІ.

3.1.Сыйымдылық деңгейін өлшеуіштер.
Сыйымдылық деңгей өлшеуіштері шекті деңгейдің сыйымдылық түрлендіргіштері секілді жұмыс принципін қолданады. Аспатың активті зонды (өзек, трос, кабель) немесе сыйымдылықтың өткізгіш қабырғасы (екінші жерлестірілген зонд, егер сыйымдылық қабырғасы өткізбейтін материалдардан жасалса, онда зондты қаптайтын құбыр) конденсатордың пластиналарын жасайды. Бұл конденсатордағы оқшаулағыш ретінде ауа немесе қарапайым конденсатордың пластиналарының арасында диэлектрик болып табылатын 3 Құрылымдық сұлбаны жасап шығару және құрылғыны таңдау.

1.Құрылымдық сұлбаны жасап шығару.

Сұйықтықты өлшеуге арналған жүйенің жасап шығарылатын құрылымдық сұлбасы 3.1 сурет көрсетілген




3.1 Сурет Сұйықтық деңгейін өлшеуге арналған жүйенің құрылымдық

Сұлбасы.

Құрылымдық сұлбаны жасап шығару және құрылғыны таңдау.

2.Құрылымдық сұлбаны жасап шығару Сұйықтықты өлшеуге арналған жүйенің жасап шығарылатын құрылымдық сұлбасы 3.2 сурет көрсетілген



3.2 Сурет Сұйықтық деңгейін өлшеуге арналған жүйенің құрылымдық

сұлбасы

3.2.Сыйымдылық өлшейтін датчик.
Сыйымдылықтардың деңгейін өлшеуге арналған NivoCAP екі өткізгішті деңгей өлшеуіш. Ол өнімнің деңгейін, көлемін өткізгіш және өткізбейтін сұйықтықтарда өлшеуге арналған. Бұл деңгей өлшеуіштер 1-ден 20 метрге дейінгі деңгейді өлшеуге арналған.


Қоректену кернеуі: 12-36 V DC

Процестің температурасы: -30 °C -дан +200 °C дейін Қоршаған ортаның температурасы: -25 °C–дан +70°C дейін

Жылытқышты қолданған кездегі қоршаған ортаның температурасы: -70°С- дан +70°C дейін

Қысым: максимал шамасы 40 bar

Қосылу принципі: Бұрандалы 1", 1/2" немесе фланцті Қорғаныс деңгейі: IP 67

Берілген аспап деңгейді көлемге қайта есептейтін функциясы бар. Ол үшін аспапты қажет бағдарламалық қамтамасыздандыру, деңгейді көлемге қайта есептеуге арналған арифметикалық формуланың көмегімен бағдарламалауға болады. Аспаптың көрсеткіші деңгейді, көлемді өлшеуге байланысты 4-20мА арасындағы тоқ сигналына түрлендіріледі. Қосымша SAP-202 құрылғы көмегін қолданғанда өлшеу нәтижесі аспаптың экранына шығарылады және HART протоколды қолданғанда шығыстық драйвермен қамтамысыз етілуі мүмкін.



3.3 Сурет – NivoCAP деңгей өлшеуіші ...

Аспаптың активті зонды немесе жерлестірілген екінші зонд конденсатор пластиналарын құрастырады. Бұл конденсатордағы оқшаулағыш ретінде ауа немесе қарапайым конденсатордың пластиналарының арасында диэлектрик болып табылатын басқа материал болуы мүмкін. Сыйымдылық бос болғанда, конденсатордың бастапқы сыйымдылығы С0 тең, ал ауа үшін диэлектриктік коэффициент "ε" 1 тең болады. Ауа диэлектриктік коэффициенті ауаның диэлектриктік коэффициетінен жоғары өнімнің әсерінен ығыстырылынады яғни, сыйымдылықтағы өлшенетін өнімнің артуынан сыйымдылық шамасы өзгеріп отырады. Сыйымдылықтың бұл өзгерісі аспаппен деңгейдің өзгеру шамасына пропорцинал шама шығыстық сигнал мәніне турлендіріледі. Деңгей
өлшеуіштің көрсеткіші өнімнің деңгейінің өзгерісіне және конденсатор сыйымдылығының өзгерісіне тура пропорционал.



3.4 Сурет Деңгейді өлшеудің сыйымдылық әдісі
Сыйымдылық пластиналар арасындағы қашықтықтан тәуелді. Екінші зондтың қолданылуы ерекше формалы яғни, қабырғалары вертикаль емес сфералық формалар мен өткізгіштігі төмен немесе өткізбейтін материалдардан жасалған қабырғалар болған жағдайда қажет.

Деңгейді өлшеудің сыйымдылық әдісінің артықшылығы өнiмнiң деңгейiнiң

екi әр түрлi белгiлi нүктелерiнде өлшеу жіне сақтау қажет. Зондтың дұрыс таңдалмауы және өнімнің аз диэлектриктік тұрақтысы өлшеуге кедергі жасауы мүмкін.

Өткізгіш материалдар үшін (су, қышқыл, сілті, сулы қосылыстар) өнімнің диэлектриктік константасының мәні кез келген шамаға тең бола алатын оқшауланған зондты қолдану қажет. Өткізбейтін материалдар үшін оқшауланған немесе оқшауланбаған зондты қолдана беруге болады, тек диэлектриктік тұрақтысы 1,5-нан аспауы қажет.

4.Еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелі бөлімі

4.1 Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы заңы

Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы» Заңға сәйкес еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – еңбек қызметі барысында жұмысшы әрекетіне келетін зиян және қауіптерді шектей отырып , жұмысшының қорғалу жағдайы.

Еңбек қорғауы – жұмысшының өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуде хұқықтық , әлеуметтік - экономикалық , ұйымдастырушылық - техникалық , санитарлы - гигиеналық , емдік - профилактикалық , қалыптастыру сияқты шараларды қоса атқаратын жүйе.

ҚР электр қауіпсіздігі туралы заңнамасы, нормативтік құжаттар

Жалпы еңбекті қорғаудың және электр қауіпсіздігі бойынша барлық құқықтық мәселелері ҚР Коституциясымен шешіледі. ҚР Конституциясында (1995ж., 24 - бап, 31 - бап) еңбек жағдайларының қауіпсіздік талаптарына жауап беретін біздің еліміздің азаматтарының құқығы бекітілген. Еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне Мемлекет басшылары, Заң ұйымдары үлкен көңіл бөледі. ҚР еңбекті қорғау бойынша заңнаманы регламенттейтін негізгі құжат болып 2007ж. «ҚР Еңбек кодексі» табылады.


Электр қауіпсіздігі бойынша бірыңғай ережелер болып әдетте «Электр қондырғылардың құрылысының ережелері» (ЭҚЕ), «Тұтынушылардың электр қондырғыларды техникалық пайдалану ережелері» (ТПЕ), «Тұтынушылардың электр қондырғыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері (ҚТЕ). Бұл - іс жүзінде электр қауіпсіздігі бойынша Мемлекеттік стандарттар.

Электр қауіпсіздігінің нормалары МСТ 12.1.038-88 ЕҚСЖ «Электр қауіпсіздігі. Жанасу және токтар кернеулерінің шекті рұқсатты деңгейлері» стандартымен ұсынылады.

Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы» Заңға сәйкес еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – еңбек қызметі барысында жұмысшы әрекетіне келетін зиян және қауіптерді шектей отырып , жұмысшының қорғалу жағдайы.

Еңбек қорғауы – жұмысшының өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуде хұқықтық , әлеуметтік - экономикалық , ұйымдастырушылық - техникалық , санитарлы - гигиеналық , емдік - профилактикалық , қалыптастыру сияқты шараларды қоса атқаратын жүйе.

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы міндеттері:

  • еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

  • жұмыс орындарындағы және ұжым территориясындағы зиянды өндірістік факторлар туралы жұмысшыларға ақпарат беру;

  • жұмыс орындарындағы кез келген қауіптердің алдын алып, техникалық жабдықтарды қауіпсіз етуп жаңартаып отыруы тиіс;

  • жаңа технологияларды енгізу кездерінде жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясында нормативтер мен ережелерге сай оқытуды ұйымдастару;

  • еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға байланысты шаралар өткізуге қаражат бөлу;

  • жұмысшыларды өз қаражаты есебінен арнайы киімдермен, аяқкиімдермен және өзін өзі қорғаудағы жеке жабдықтармен қамтамасыз ету;

  • өнідірістік процестер мен жұмыстардың қауіпсіздігіне байланысты жұмысшыларды арнайы сақтандыру құжаттарымен қамтамасыз ету;

  • еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы жауапты қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға байланысты білімдерінөкілетті органдар бекіткен ережелерге сәйкес тексеру;

  • Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өз қаражаты есебінен мерзімдік бақылаулар мен медициналық тексеруден өткізу, сонымен қатар кәсіби ауырулар туындаған жағдайдағы басқа қызметке ауыстыру;

  • Жұмысшылардың санитарлы - гигиеналық жағдайын, профилактикалық жұмысқа қажетті жабдықтармен , медициналық аптечкамен, басқа да залалсыздандыру құралдарымен сонымен қатар арнайы киімдер мен аяқкиім жөндеуді қамтамасыз ету;

  • Ұйым территориясының еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың қауіпсіздік жағдайын бақылау үшін мемлекеттік өкілетті органдардың территориялық бөлімшелеріндегі заңды тұлғаларды ерікті кіргізуі тиіс, сонымен қатар өнідірсте болған сәтсіз жағдайларды , ауруларды зерттеу үшін;

  • өкілетті орган мен оның аймақтық өкілдіктерін ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы қауіпсіздігі туралы ақпараттандыру;

  • мемлекеттік еңбек инспекторларын қабылдау және орындау;

  • Өндірістегі болған қайғылы жағдайлар мен кәсіби аурулар туралы есеп , сараптама мен тіркеу жасау;

  • Мерзімдік қызметкерлердің қатысуымен бес жылда бір рет өндіріс нысандарын еңбек жағдайына байланысты аттестациялау, сонымен қатар жаңа технологиялар келіп, модернизация жүрген кездері міндетті аттестациялау;

  • Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес жұмысшы денсаулығы мен өміріне келген зияндарды өтеу;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы негізіндегі тәртіп бойынша өндірісте болған қайғылы жағдайларды зерттеуді қамтамасыз ету;

  • еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы ережесі мен нормаларына сәйкес эксплуатациядағы барлық негізгі қорларды әкелу;

  • еңбек міндеттерін атқару кезіндегі жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне келген зияндарға жауапкершілікті сақтандыру;

  • жұмысшылар мен мамандардың зиянды және қауіпті жағдайларында гигиеналық білімін арттыруды қамтамасыз ету ( жалпы және кәсіби аурулар жөніндегі санитарлық минимум );

  • басқа тұлғаларды жарақаттау факторлары мен апат жағдайларын алдын алулы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

  • зерттеу басталғанға дейін егер ол адам өміріне қауіпсіз болса, апат болған сәтті сақтау, егер сол жағдайды сақтау мүмкіндігі болмаса, сол сәтті есте сақтау үшін сызбалар немесе фотосуреттер пайдалану;

  • өндірістегі топтық қайғылы жағдайды тәулік ішінде сәйкес мемлекеттік органға хабарлау, ауыр жағдай немесе өлім туралы;

  • уланған туралы тиісті санитарлық - эпидемиология жөніндегі өкілетті органға хабарлау;