Файл: Дрідрмектермен, есірткі заттарымен, саыраулатармен, ауыр металл тздарымен, бояыштармен улану кезіндегі алашы кмек. Алкогольмен улану. Жедел кмек.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дәріс тақырыбы: Дәрі-дәрмектермен, есірткі заттарымен, саңырауқұлақтармен, ауыр металл тұздарымен, бояғыштармен улану кезіндегі алғашқы көмек.
Алкогольмен улану. Жедел көмек
Алкогольді ішімдіктерден улану
Қазіргі уақытта медициналық жедел жәрдем қызметінің мәліметтері бойынша тұрмыстық уланулардың жиірек кездесетін түрі – алкоголь және оның суррогаттармен уланулар.
Алкогольмен улану
Алкогольмен улану этил спиртін немесе 12%- тен жоғары этил спирті бар сусындарды қабылдағанда дамиды.
Этанол – өзінің психотропты әсеріне байланысты, орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) тежелу процесстерін төмендетеді.
Ал ауыр түрдегі улануларда- ми клеткаларының метоболизмінің өзгеруіне қарай және оттегінің жетіспеуіне байланысты, қозу процесстері тежеледі.
Алкогольды кома қандағы этанолдың құрамы шамамен 3 гл-ге жеткенде дамиды, ал 5-6 гл-ге көтерілгенде өлімге душар етеді. Ал 96% 300 мл-дей этил спирті ашқарынға қабылданса, өлімге әкелуі мүмкін.
Клиникалық көріністері: Науқас есінен танады. Тері жамылғыларынан суық, жабысқақ тер шығып, беті қызарады, дене қызуы төмендей түседі, құсады. Зәрі мен нәжісі еріксіз бөлінеді. Ауыртқыш тітіркендіргіштерге реакциясы төмендейді. Патологиялық рефлекстер пайда болады. Қарашығы тарылады, ал тынысы бұзылған сайын, қарашығы кеңейе түседі. Тынысы сиреп, пульсі жиіленеді, әлсіз болады. Кейде тырысулар байқалып, құсығын жұтып қояды, ол ларингоспазмға әкеліп соғады.
Механикалық асфиксияның эсерінен тыныс тоқтап қалады. Ары қарай, жүрек – қантамыр жүйесінің қызметі әлсірей түседі.
Жедел жәрдем шаралары.
Асқазанды жуу;
Ауыз қуысын тазалау, жұтқыншақтағы кілегейді сорып, тазалап отыру, тілді бекіту;
Бронхорреяны азайту үшін – 0.1 % 1 мл атропин ерітіндісін тері астына енгізу;
Бұзылған тыныс жүйесін қалпына келтіру үшін – 2мл кордиамин, кофейн ерітіндісін т/а, к/ т;
40% 40мл глюкоза ерітіндісін, 10-16 Б инсулин ерітітіндісімен қосып к/т;
Жұтыну рефлекстері сақталмаса – жасанды аппаратпен тыныс беру және интубация жасау:
Ацидозды төмендету үшін 4% 500-1000 мл натрий гидрокарбонатын к/т тамшылатып енгізу;
Вит В6 2мл, В1 5мл б/е енгізу;
Зеңбілге жаткызып, аурухананың токсикология бөліміне тасымалданады.
Алкоголь суррогаттарымен уланулар. (метил спирті, этиленгликоль, одеколон, лосьон) психотропты, нейротоксикалы, нефротоксикалық әсері бар) өлімге әкелетін мөлшері-100 мл.
Клиникалық көріністері:
жүректің айнуы, құсу, көз алдында «шіркейлердің» елестеуі, бастың, іштің ауруы. Тері жамылғылары мен кілегей қабаттары кұрғап, қарашықтары кеңейе бастайды. Сан еттері тартылып, ауырады. Тырысулар басталып, желке тұсының еттері керіледі, қан қысымы алғашында көтеріліп, сонан соң төмендейді. Жүректің соғуы жиілеп,тынысы бұзылады. Науқаста алдымен психомоторлы қозу басталып, содан соң есінен танады. 2-3 тәулік өткен соң көру қабілеті нашарлап, соқыр болып қалуы мүмкін.
Айқын метоболикалық ацидозға ұшырайды.
Жедел жәрдем шаралары:
асқазанды жуу;
30% 50 мл этил спиртін, әр 3 сағат сайын ішкізу керек; ал егер коматозды күйде болса,
5% этил спиртін көк тамырға тамшылатып немесе 33% этил спирті көк тамырға енгізіледі;
25-30 мг преднизолонды к/т;
5% 2 мл глюкоза еріт к/т;
4% 50 мл натрий гидрокарбанаты;
форсирленген диурез; перитонеальды диализ; гемодиализ;
көру қабілеті бұзылса – атропин, гидрокортизон ерітінділері суборбиталды енгізіледі;
зеңбілге жатқызып, аурухананың токсикология бөліміне тасымалданады.
Дәрі дәрмектермен улану
Дәрі – дәрмектермен улану
Ацетил салицил қышқылымен улану
Ацетил салицил қышкылы – аскофен, асфен, цитрамон, натрий салицилаты сияқты дәрі – дәрмектердің құрамына кіреді.
Психотропты, гемотоксикалық (антикогулянтты) әсері бар;
Өлімге әкелетін мөлшері: 30 – 40 мг, балалар үшін: 10 мг;
Клиникалық көрінісі: қозу, эйфория. Бастың айналуы, кұлақта шудың естілуі, есту және көру қабілетінің нашарлауы. Тыныс жиілейді. Сандырақтап, есеңгіреп комалық күйге енеді. Кейде тері астында геморрагиялар пайда болып, мұрыннан, асқазан – ішек жолдарынан қан кетуі мүмкін. Ары қарай метгемоглобинемия, токсикалық нефропатия, метоболикалық ацидоз дамиды.
Жедел жәрдем шаралары:
Асказанды жуу, 50 мл вазелин майын ішке қабылдау;
Қан кеткенде- 2 мл дицинон ерітіндісімен, 10% 10 мл кальций хлориді ерітіндісін к/т енгізу
Қозуларда – 2.5 % 2 мл аминазин ерітіндісін б/е;
Аурухананың токсикология бөліміне жеткізіледі;
Антигистаминді дәрі -дәрмектермен улану
Антигистаминді дәрілердің (димедрол, супрастин, пипольфен т.б) нейротоксикалы, психотропты әсері бар. Өлімге әкелетін мөлшері – 40 мг/кг шамамен;
Клиникалық көріністері: Ауыздың, жұтқыншақтың құрғауы, ұйқышылдық, жүректің айнуы, бастың айналуы, көру қабілетінің бұзылуы, тахикардия. Тері жамылғылары құрғап, бозғылттанады. Қарашықтары кеңейеді. Ары қарай қимыл және психикалық қозулар, тырысулар байқалып, науқас есінен танып қалуы мүмкін. Қан қысымы төмендеп, тынысы әлсірейді.
Жедел жәрдем шаралары:
Егер дәрі ішке қабылданған болса, онда асқазанды зонд арқылы жуу қажет;
0.1 % 1 мл физостигмин ерітіндісін тері астына, қайталанып салынып отырады. Егер қатты қозу күйі байқалмаса, 1 % 1 мл пилокарпин ерітіндісін қайта салуға болады.
Ал қозу күйінде болса -2.5 % 2 мл аминазин ерітіндісі енгізіледі;
Тырысулар байқалса -5 -10 мг седуксен к/т ;
Науқас аурухананың токсикология бөлімшесіне жеткізіледі;
Психотропты дәрі дәрмектермен уланулар
Барбитураттармен улану дәрігерлер тәжірибесінде жиі кездесетін уланулардың бірі болып табылады. Барбитураттар көп жылдан бері суицидалдық әрекеттер үшін қолданылып келген дәрілердің қатарына жатады.
Токсикалық әсер ету механизміне қарай оларды 3 топқа бөледі:
ұзақ әсерлі (8-12 сағат) – барбамил, этаминал натрий, фенобарбитал;
орташа әсерлі (4-6 сағат )- барбамил, этаминал, натрий;
қыска әсерлі (1-2 сағат)- гексенал, тиопентал натрий;
Өлімге әкелетін мөлшері шамамен 1 – 2 гр.
Клиникалық көріністері:
4 сатыдан тұрады:
Ұйқыға бату сатысы. Ол ұйқышылдық, апатия, атаксиямен сипатталады.
Беткейлік кома сатысы. Есінен танады. Қарашықтары тарылады. Қарашық рефлекстері сақталады. Ауыру тітіркендіргіштерге реакциясы болады. Бұлшық ет гппотониясы және де патологиялық рефлекстер пайда болады. Гиперсаливация, бронхоррея, құсық массасының аспирациясы салдарынан тыныс бұзылады.
Терең комаға бату сатысы. Қарашықтары кеңейеді, тынысы – сирейді. Пульсі әлсізденіп, тері жамылғылары көгереді. Диурезі азаяды. Рефлекстері жоғалады.
Комадан кейінгі күй. Тұрақсыз неврологиялық симптоматика (птоз, атаксия т.б). Депрессия, тромбоэмболиялық асқынулар дамуы мүмкін.
Жедел жәрдем шаралары:
Жуан зонд арқылы асқазанды жуу, 6 сағат сайын қайталап отыру
Сифондық клизма;
40 % -500 мл глюкоза ерітіндісін, 5 мл аскорбин қышқылын,
8 Б инсулинді қосып көк тамырға енгізу,
4 % 500 мл натрий гидрокарбонатын к/т тамшылатып енгізу,
лазикс 4-6 мл көк тамырға енгізу,
тыныс аналептиктерін (20 % камфора, кофеин, бемегрид) тек беткейлік кома сатысында ғана енгізуге болады ;
Зеңбілге жатқызып, аурухананың токсикология бөліміне тасымалданады.
Жіктемесі:
- жіті улану, созылмалы улану;
- кездейсоқ улану, əдейі улану;
- тұрмыстық улану, өндірістік улану;
- жекебастық улану, топтық улану, жаппай улану;
- удың организмге түсу жолы бойынша – тері арқылы улану, ауыз арқылы улану, инъекциялық улану, ингаляциялық улану жəне т.б;
- ауырлық дəрежесі бойынша – жеңіл дəрежелі улану, орташа дəрежелі улану, ауыр дəрежелі улану.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар: психикалық жəне наркологиялық аурулар, психоэмоциялық ауытқымалылық, химиялық заттектермен, өнімдермен жұмыс істегенде сақтық техникасын орындамау.
Диагностикасы
Диагностика критерийлері
Бензодиазепиндерден улану
Науқастың шағымдары: əлсіздік, ұйықтағысы келе беру (ұйқы басу), бас ауыру, тəлтіректеп жүру. Токсикологиялық анамнезіндегі мəліметтер.
Клиникалық əйгіленістер: тілі күрмеліп баяу сөйлеу, атаксия (тəлтіректеу), уланудың бастапқы кезінде миоз (қарашық кішірейіп кету), есеңгіреу, есінен тану, рефлекстері əлсіреп кету. Ауыр жағдайларда: тыныс алуы тежелу, брадикардия, шок дамуына ұласқан гипотензия, гипотермия, мидың гипоксиялық зақымдануынан туындаған мидриаз.
Нейролептиктерденулану (фенотиазин туындылары; тиоксантен туындылары, бутирофенон туындылары)
Науқастың шағымдары: əлсіздік, ұйқысы келе беру, бас айналу, енжарлық, жүрек айну, құсу, асқазан тұсын ауыр сезіну.
Клиникалық əйгіленістер уланудың ағымы бойынша 2 типке бөлінеді:
- тыныс орталығы функциясының тежелуі басым болып білінетін улану;
- экзоуыттық шокқа ұласатын қантамырлық коллапс басым болып білінетін улану.
1-ші тип 2-ші типке ауысып кетуі де мүмкін. Клиникалық əйгіліністерінде енжарлық, адинамия, ұйқышылдық, жүрісі бұзылу байқалады. Бұлшықет тонусы нашар. Бара-бара ұзақ ұйқы басады. Қарашықтары үлкейген, кейде кішірейіп кетуі мүмкін. Денесі (терісі) жəне сілемейқабықтары құрғақ. Орташа дəрежелі улану кезінде нерв жүйесінің функциясы əлсіреу фонында антихолинэргиялық синдром белгілері пайда болады. Желке тұсы бұлшықеттерінің сіресуінен, қарысып қалуынан мəжбүрлі тыжырыну, мойны қисаю, қол-аяқ тартылу т.б. арқылы əйгіленетін бұлшықеттік дистония белгілері болуы мүмкін.
Атетоз тəрізді құрысқақ болуы мүмкін. Жүрек-қантамыр жүйесінде (ЖҚЖ): ЭКГ-де Т-ирек инверсиялануы, ST жылжып кетуі, артық иректер пайда болуы, кейде экстрасистола шығуы, АВ блокада пайда болуы мүмкін. Тахикардия – 1 минутта 120 рет жүрек соғуы, АҚ (артериялық қысым) төмен, тынысы əлсіреген, ентікпе болуы мүмкін.
Ауыр дəрежелі улану кезінде кома дамиды, тыныс бұзылады, түсі бозарған, көгерген, жабысқақ мұздай тер басқан, қарашықтары жарық түсіргенде реакция бермейді, жүрек жұмысы əлсірейді, АҚ түсіп кетеді, тамыр соғуы жиі жəне клонустық құрысқақ ұстайды.
Өлімнің басты себебі тыныстық орталықтың салдануынан жəне жүректің функциялық жіті жеткіліксіздігінен болады. Ауыр дəрежелі улану кезінде көп жағдайда өкпе ісінуі, кейде ми ісінуі болады. Уланудың асқынуынан нефропатия, қуық бұлшықетінің салдануы, ішектің динамикалық түйнегі, рабдомиолиз, уыттық гепатопатия, өкпенің салдарлық инфекциялық қабынуы дамиды.
Ацетилсалицил қышқылынан улану
Науқастың шағымдары: құсу, кейде кофе тұнбасы тəрізді құсық шығу, ентігу, тершеңдік, құлағы шулау, мазасыздық, енжарлық.
Клиникалық əйгіленістер: организмдегі ҚСТ бұзылуы - алғашқы кезде компенсациялық тыныстық алкалоз дамиды, кейін компенсациялық мүмкіншілік таусылған кезде метаболизмдік (алмасымдық) ацидоз дамиды.
Уланудың клиникалық көрінісі екі фазалы болып өтеді:
1-ші фазасы: дəрі қабылдағаннан кейін кем дегенде 6 сағат өткесін бас ауырады, құлақ шулайды, жүрек жиі соғады, ентігеді дем алуы минутына 50 ден асып кетеді, жүрегі айниды, құсады, психомоторлық қозу (еліру) пайда болады.
2-ші фазасы: 12 сағат өткеннен кейін – сопор, кома ауыр ентігу, гиперемия, гиповолемия, құрысқақ пайда болады, ішек функциясы бұзылады, гемокоагуляция бұзылады, асқазан мен ішектен қан кетеді, өкпенің кардиогендік емес ісінуі, коллапс дамиды.
Парацетамолдан улану
Науқастың шағымдары: іші ауыру, жүрек айну, құсу, тəбет жоқтығы, əлсіздік, ұйқысы келе беру.
Клиникалық əйгіленістері: парацетамолдан уланудың клиникалық ағымын 3 сатыға бөлуге болады:
I-сатысында бейспецификалы (телімсіз) симптомдар парацетамолды қабылдағаннан кейін 14 сағат ішінде білініп əрі қарай бірнеше тəулік бойы сақталуы мүмкін. Көп жағдайда асқазан-ішек бұзылыстары басым болып білінеді. Орталық нерв жүйесі (ОНЖ) функциясы айтарлықтай əлсіремейді. Бауыр зардапталу белгілері жоқ, аминотрансферазалардың деңгейі қалыпты шамада болады.
II-сатысында олардың деңгейі жоғарылайды, сонымен қатар билирубин деңгейі жоғарылауы, протромбиндік уақыт ұзаруы мүмкін. Егер 2 тəуліктен кейін бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпты деңгейде қалса, көп жағдайда, бауырдың айтарлықтай зардапталмағандығын білдіреді.
III-сатысында ЛДГ, АЛТ, билирубин деңгейі жоғарылайды, ең айқын байқалатыны үшінші-бесінші күндер аралығы. Протромбиндік уақыт ұзарады, соның салдарынан қан ағу болуы мүмкін. Миокард жəне бүйрек зардапталуы мүмкін, бірақ бұл ағзалардың зардапталуы бауырдыкімен салыстырғанда əлдеқайда жеңілдеу. Ауыр жағдайларда бауырдың некроздық зақымдану симптомдары білінеді: сарғаю, гипогликемия, қан ұйығыштығы бұзылу, энцефалопатия.