Файл: 1848 ж революциялар Еуропада андай саяси идеяларды алыптастырды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Бозғұл Ақниет

Пән/Сынып:

Дүние жүзі тарихы, 7 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІІ- тоқсан, 5апта, 5 -сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:




Сабақтың тақырыбы:

1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды? (2-сабақ)

Оқу мақсаты:

  • Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;

  • экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау;

  • К. Маркстың көзқарастарын және марксизмнің қоғамдық өмірге ықпалын түсіну;

тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану.

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийлері:

Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттайды;

Елде қалыптасқан саяси ағымдар мен ұйымдарды анықтап талдайды.


Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма


Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сабақтын тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру







слайд 1-2

15минут


Жаңа сабақ

Сәлемдесу. Сыныпқа жағымды ахуал орнату:

Тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіріп өту.

Революциялық жағдайдың туындауы. 1848 жылдың басында Еуропа революциялық қимылдардың қарқынды кезеңіне кірді. Оның

негізгі себебі саяси мәселелердің шешілмеуі, халық жағдайының төмендеп кетуі болды. Осы жағдайлардың барлығы 1848 жылы Еуропада жаңа, әлдеқайда күшті революциялық толқулардың негізіне айналды. Революциялық оқиғалардың әр елде өзіндік ерекшеліктері болса да, қимылдардың басым көпшілігі Француз

революциясымен рухтанған либералды зиялылар тарапынан басқарылды. Халық бұқарасы революцияның негізгі қозғаушы күшіне айналды.

Франциядағы революция.

Революциялық оқиғалардың басын Париждегі көтерілістер бастады. Олардың басты себебі экономикалық дағдарыс болды. Дағдарыс қолөнершілердің кедейленуіне, жұмыссыздықтың көбеюіне, қымбатшылыққа және өмір сүру

жағдайының төмендеуіне алып келді. 1848 жылы 22 -24 ақпанда Парижде көтеріліс басталды.

Король Луи-Филипп тақтан кетті. Қаруланған париждіктердің талаптары бойынша Уақытша үкімет құрылды, республика жарияланды және Құрылтай жиналысына сайлау өткізу белгіленді.

Уақытша үкімет Францияны республика деп жариялауға және ақсүйектік ошақтарды жоюға мәжбүр болды. 21 жасқа толған ер азаматтар үшін жалпыға бірдей сайлау құқығын енгізу туралы

декрет шығарылды. 25 ақпанда жұмысшыларға еңбек құқығына кепілдік беретін декрет қабылданды. Жұмыссыздықпен күрес жүргізу үшін ұлттық шеберханалар құрылды.

Франциядағы революция нәтижесінде республика жарияланды. 1848 жылы Конституцияға сәйкес Францияны президент басқарды.

Ол дауыс беру арқылы 4 жыл мерзімге сайланды, 1848 жылдың желтоқсандағы президент сайлауында Луи Наполеон жеңіп шықты. Луи Бонапарттың сайлануы француздардың республикадан көңілі қалғандығын көрсетті.

Жаңа Конституция Наполеон Бонапарт кезіндегі тәртіптерді қайта қалпына келтірді. 1852 жылы Луи Наполеон ІІІ Наполеон есімімен

француздардың императоры болып жарияланды.

1848-1849 жылдары Германиядағы революциялық қозғалыс.

Франциядағы республиканың жариялануы туралы хабар Германиядағы революциялық қозғалыстарға түрткі болды. 1848 жылы Берлин және Мюнхен көшелерінде баррикадалар басталды. Көтерілісшілер Конституция қабылдануын, феодалдық міндеткерлікті, цензураны алып тастауды, салықтардың біркелкі үлестірілуін,

жалпыгермандық парламенттің шақырылуын т.б. талап етті.

Король министрліктер тағайындады және Ұлттық жиналысқа сайлау жариялады. Оның жұмысы 1848 жылы мамырда Майндағы Франкфуртте жиналыстың бірінші мәжілісі басталды. 1849 жылы мамырда Ұлттық жиналыс Конституция қабылдады. Ол Герман империясының құрылуын қабылдады. Императорлық тақ пен атқарушы билік басшылығы Пруссия королі IV Фридрих Вильгельмге ұсынылды. Бірақ IV Вильгельм тәжден бас тартып, конституцияны жоққа шығарды.

Италиядағы революция. Наполеондық соғыстар Италияда ұлттық қозғалыстардың күшеюіне түрткі болды. Вена конгресінің шешімі бойынша Солтүстік Италияның екі облысы - Ломбардия және Венеция Австрияға берілді, бұл елдің бірігуіне кедергі туғызды.1831 жылы Джузеппе Мадзини елді азат ету және біріктірудегі күрес үшін «Жас Италия» ұйымын құрды. Ол күреске итальяндық ұлттық идеяның символына айналған Джузеппе Гарибальдиді шақырды.

Итальяндықтардың негізгі талабы австриялық үстемдіктен азат болу және бірыңғай мемлекетті құру болды.

Италияның барлық жерлерінде еріктілер жасақтары құрыла бастады. Олардың бірін болашақ ұлт қаһарманы Дж. Гарибальди басқарды.

Итальяндық монархтар халықтың патриоттық көңіл күйін мән-жайсыз қалдыра алмады. Әскери тұрғыдан әлдеқайда мықты Сардин корольдығы Австрияға соғыс жариялады.


Не меңгеретінін білу үшін
Жаңа тақырыпты меңгеру




слайд 3 -19


1 минут


Қорытынды

Сабағымызды қорытындылайық.

1848 - 1849 жылдардағы революциялық қозғалыстар Батыс Еуропаның елдеріне жеңіс әкелді.Олар феодалдық қатынастарды және кейбір елдердегі ескілікті бұзды, капитализмнің орнауына және әрі қарай дамуына, халықтың ұйымшылдығына себеп болды. Шешімі белгілі тарихи мәселелер (Италияның ұлттық

бірігуі және Германияның ұлттық бірігуі сияқты) маңызды болды.







Презентация № 20бет