Файл: ЛЕ Сзді патшасы, Сз сарасы .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.






Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

8




Абайтану

10








Сабақтың тақырыбы: Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы

Сабақтың жалпы мақсаты: өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы, ақындықтың мұрат-мақсаты туралы, поэзияның қоғамдық мәні мен міндетіне зор маңыз беруі, аят, хадис, бәйітсымал, мешіт, мінәжат, уәли сынды дін деректерімен өлеңнің бағасын халық ұғымына түсінікті етіп айтып беруі, сөздің асылы ретінде поэзияны жоғары бағалауын ұғындыру.

Сабақтың түріі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

  1. М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж

  2. Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

  3.  Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;


I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.
II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ
«ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ...» - Абайдың 1887 жылы жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 5 тармақты 15 жолдан тұрады. Ол – қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Бұған шейін ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған жоқ-ты. Ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты туралы қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын өзге де жырлаушы, жазушы болмаған.

Ең алдымен, бұл өлеңде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді. Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт-санасын танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы - поэзия екенін биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де даналықтың айғағы дейді. Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең бұны қанағат еткізе алмайды. Айтушы да, тындаушы да надан болғандықтан поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді.


Келесі бір-екі шумақта Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дәледцейді. Мұсылманшылық ұғымынша ең беделді деген жайларды дәлелдейді. Тәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға ұстаздықе туші әулие ғұламасы – бәрі де өлеңді қадірлейтін боп аталады. Бірақ қатты ескертетін нәрсе, Абай бұл жерде ислам дінін мадақтау үшін жаңағыларды сөз етіп отырған жоқ. Тек хат танитын қазақ оқушысының көпшілігі мойындаған дін ұғымдарын, өзіне шартты түрде керекке жаратады. Өлеңнің сол ортадағы беделін көтеру үшін пайдаланады. Болмаса, исламның анық дін басы үгітшілерінің – имам, сопыларының, молда, ишандарының көзімен қарағанда, Абай өлең сөз туралы жариялап отырған жаңалықты түгелімен күпірлік деп санар еді.

Өзі бағасын көтермек болған өлеңді құдай айтқан құранмен, пайғамбар айтқан хадиспен теңеу артық дін бұзарлық болмас. Абай ол арасын жақсы ұғынса да, мына тұста сол дін авторитеттерін өз керегіне жаратады. Онысы және өзінің терең нанымы емес, халық ұғымына берілген баж деп танылу керек. Осыдан ары Абай эстетик, принцип жариялайды.

«... Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?» -

дегенде, жаңа ғана осының алдында аталған исламияттік норманың барлығын оп-оңай атап өтіп, тура 1860 жылдарда Н. Г. Чернышевский Н.А. Добролюбовтай рев.-демократтар әдебиет үшін жариялаған эстетикалық негізге ден қояды.

«Іші – алтын, сырты - күміс» демек, мазмұн мен түр мәселесіне Абайдың өз көзқарасын анықтайды. Тұрден мазмұн қымбатырақ, бағалырақ дегенді анық танытады. Дәл осындай озғын оймен Абай орыстың классикалық әдебиетінің ішіндегі ең биік шындығын танып, талғап алғанын көрсетеді... Осыдан кейінгі көп шумақтарда айтылатын ойларының барлығымен Абай ақындықтың, соның ішінде өз ақыңдығының жаңа платформасын, үлкең декларациясын жариялайды. Бұл жөнінде Абайдың толғаулы ойы, диалектикалық отрицание дәрежесіне, философиялық биікке өрлейді. Өткен тарих қалдырған әдебиетке тарихтық, философиялық қатты сынмен, қатал соқтығады. Бұрынғы қазақтың «жүйрігі, шешені» деген ескі биін мақал көлеміндегі жаттанды шешендіктен аспаған арзан ойдың көзқарасын көрсеткендер деп біледі. Әсіресе бұрынғы ақындардың кейбір топтарына ерекше қатты соқтығады.

Сатымсақ ақынды - жағымпаз, жанын жалдаған жексұрын ақын етіп, өнер ұстап жүрудің орнына қайыршылыққа кеткен сорлылықты әшкерелейді Сонымен қатар өзінің ендігі сөзі қоғамды, халықты түзейтін үлкен күш деп түсінеді. Өсиет өлең халық дертінің, тарих қайшылықтарының бәрін емдеп, тазартатын өзгеше құрал деп біледі. Ал, Абайдың үгіттейтіні зор адамгершілік пен халықшыл, тазалық жолдар болғандықтан, өз заманындағы барлық мінді, сорақылықты сол тура жолдағы жақсы өсиетпен түгел жойып, жоғалтуға болады деп иланады...


Абай «сөз түзелді, сен де түзел» дегенде, бір-ақ ауыз етілу сөзді айтып отырған жоқ. Осыда бұрынғы жазылған және кейін жазылатын барлық шығармаларында, жаңағы сияқты өзгеше нанымд көп таратып танытады. Өзінің барлық шыншыл, әділетшіл қажырлы еңбегімен, өлең ұстаздығымен заманын түзеп алады екенмін деп түсінген. Абай енді өлеңдік шығарманың өзін де жанр мен түр жағынан іріктеп, таңдап алады.

«...Батырды айтсам ел шауып алған талап,

Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап.

Әншейін күн өткізбек әңгімеге

Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап», -деген толғауда үлкен мән, терең сыр бар.

Халықты тәрбиелейтін анық ұстаздық сөз өзіне бөлек бір алуан болсын. Онда терең оймен, ашық шындықпен аралас үлкен тәрбиелік мән, мағына болсын дейді. Ал осылай талап қойған Абай ақындықтың көпшілігі тудыратын әңгімелі поэзия, уақиғалы, қызық сюжетті поэмаға сынмен қарайды. Оны өзі жазуда тартынады. Себебі, батырлық пен қыз, қызықты жазу, - оқушының көңілін ақын өзібаулып, бастаймын деп отырған тәрбиелік жолдан алаң етіп, аударып әкетеді. Ондай шығарманы оқушы ойланып, тәлім алатын боп оқып тындамай, әншейін арзан қызық, болымсыз ермек ретінде тамашалап кетеді деп біледі...

Бұрын қазақ тарихында, әлеуметтік санасында болмаған жаңалықты әкелуші ақын ең әуелі өз алдындағы тарихи ескілікпен қатты шайқасады. Ескіріп, тозып, енді өмірге жарамсыз, көне боп қалған дәстүрлерден өзінің негізін аулаққа салады. Іргесін ажыратып алып, тың дүниені тарихтық жаңа жолдан іздейді. Осылайша, ақын мен ақындық туралы, олардың қоғам тірлігіндегі міндет, мүддесі туралы өзініңүлкен өріс арнасын саралап алып, бұдан кейінгі шығармаларында дәл осы бір өленде қалыптаған негіз бойынша әрекет етеді...

Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған.

III. Ойтолғаныс сатысы

Екі түрлі түсініктеме күнделігі үш қатарға таратылады.

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі.

үзінді

пікір

Сөз түйін, мақал-мәтел.

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.


Өлең-сөздің патшасы екенін, сөздің құдіретті күш екенін айта келе өлеңді тек ер, дана адам ғана шығара алатынын айтады. Өлең деген тілге жеңіл, жүрекке жылы естілуі керек.

Өлең-сөздің патшасы.

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,

Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.

Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,

Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.

Ат шапан үшін немесе болмашы тиын тебен, сауын үшін ақындық өнерді саудаға салу, сөз қадірін кетіру арсыздық деп қарады.

Ақын деген- киелі аққу самғаған. (М.Шаханов)

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел,

Сендерге де келейін енді аяңдап.

Өлеңді түсініп қабылдап, өресіне жетер тыңдаушының білім мәдениетіннің деңгейіне көз жіберді. Абай нағыз ақынды ұлттың ұстазы, заманның шындығын ашып беріп, ұлттық сананы оятушы санаткер деп, ақынға жоғары талап қояды.

Поэзия – ол асыл ойдың биігі.


«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін талдау.

2 2 3 1 3 11а

Өлең – сөздің / / патшасы, / / сөз сарасы,

3 4 1 3 11а

Қиыннан / / қиыстырар / / ер данасы.

2 2 3 2 2 11ә

Тілге жеңіл, / / жүрекке / / жылы тиіп,

1 2 2 2 4 11а

Теп-тегіс / / жұмыр келсін / / айналасы.

Бұл өлең 4 тармақтан, 1 шумақтан, 3 бунақтан, 11-12 буынды қара өлең ұйқасына жатады.

Сабақты қорыту.

  1. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» , - дегенде ақынның поэзияға қояр талабы қандай?

  2. Абай өлеңді неліктен үлкен өнер деп таниды?

  3. Абай «Қазаққа өлең деген бір қадірсіз» деп неге айтқан?

  4. Өлеңдерінде Абай өзінің ақындық биік мақсатын қалай түсіндірген? Оның «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деуінің мәнісін қалай ұғасыңдар?

Үйге тапсырма : Абай Құнанбайұлының өміріне хронологиялық кесте жасау. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінің 7 шумағын жаттау.