Файл: Бір айнымалысы бар сызыты тесіздіктерді шешу таырыбындаы математика сабаы 6 сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу»

тақырыбындағы

математика сабағы

6 сынып

Түркістан облысы Төлеби ауданы Леңгер қаласы №3 П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Ибадуллаева Г.И.





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Мектеп:№3 П.Тәжібаева атындағы жом

Күні: 7.02

Мұғалімнің аты-жөні: Ибадуллаева Г.И.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.2.2.12теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу;

6.2.2.13теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу.

Сабақ

мақсаттары

Оқушылар:

  • түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шығарады;

  • теңсіздікті бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік түріне келтіреді;

  • теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндейді;

  • теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазады.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шығара алады;

  • теңсіздікті бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік түріне келтіре алады;

  • теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндей алады;

  • теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жаза алады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу алгоритмін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- теңсіздік;- қатаң теңсіздік;- қатаң емес теңсіздік;

- теңсіздіктерді шешу;- сызықтық теңсіздік.

Құндылықтар ды дарыту

Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік,қарым-қатынасты қалыптастыру

Бастапқы

білім

Сан аралықтары,олардың қиылысуы,бірігуі

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды атмосфера орнату.Стикерлер таңдау арқылы топтарға бөліну.Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Керемет Тамаша

Орташа

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.Сыныпты топтарға бөлу.

Білімге жетелейтін үш жол бар;

  Еліктеу жолы –ең жеңіл жол,

  Ойлау жолы- ең игілікті жол,

  Тәжірибе жолы – ең қиын ащы жол. (Конфуций)

Презентация

Сабақтың ортасы


Теңсіздікті шешу дегеніміз не?

« Не білемін»стратегиясы

Сызықты теңсіздікті шешудің алгоритмі

Мысал. Теңсіздікті шешу.

5(x – 3)  2x – 3

1. Жақшаны ашамыз.

5x – 15   2x – 3

2. x -і бар қосылғыштарды теңсіздіктің бір жағына, ал сандарды екінші жағына таңбаларын ауыстырып көшіреміз.

5x – 2x  – 3 + 15

3. Ұқсас мүшелерін біріктіреміз.

3x   12

4. Теңсіздіктің екі жағын да x -тің алдында тұрған санға бөлеміз (егер ол сан оң болса, онда теңсіздік белгісі өзгермейді; егер ол сан теріс болса, онда теңсіздік белгісі қарама-қарсыға өзгереді).

3x   12 : 3

x   4

5. Аналитиrалық модельден x   4 геометриялық модельге көшіреміз.

4 ////////////////////////

6. Осы теңсіздіктің шешімінің жиынтықтарын көрсетіп, жауабын жазамыз.

Жауабы:[4 ;+ )

Ал теңсіздіктің шешімдері болмауы мүмкін бе? Шексіз көп болуы ше? Қандай жағдайда?
«Кім жылдам» (жеке жұмыс)

№1. Теңсіздікті шешіңіздер :

а) 2х ≤ 12             д) у-4 ≥ 19

б) х+3 ≥ 9             е) −3у > −18

в) −4х <16             ж) 15< 9-х

г) -х <8

Жауаптар:

х ≤6    х ≥ 6    х > −4    х > −8х ≥ 23    х <6    х <-6   

Дескриптор 2

- теңсіздікті шешу алгоритмін қолдана алады

- теңсіздіктің шешімін дұрыс табады

№2. Координаттық түзуде көрсетілгенді аралық түрінде жазыңыз:



Жауаптары: [-6; 3,7) [5; 9] (-2,5; 4] (-7; -1)

Дескриптор:

-сан аралықтар түрлерін біледі

-оларды оқи алады

Бағалау әдісі: өзін-өзі бағалау

Презентация

Жұмыс дәптері





Топтық жұмыс.

«Түртіп алу» стратегиясы

1. «Қатені тауып, дұрыс жолын көрсет»

1)5у+9≤3-7у,   2)3х+1≤4х-5,   3)6-5у˃3у-2, 4)3-7у˃5у-3,

5у-7у≤3-9,       3х-4х≤-5-1,    -5у-3у˃-2-6,      7у-5у˃-3-3,

-2у≤-6,              -х≤-6,              -8у˃-8,         2у˃-6,

у 3.                х 6.                 у 1.               у˃-3.

Дескриптор 4

-қатені дұрыс табады

-теңсіздікті дұрыс шешеді

Бағалау: «Карусель»әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды

Жауаптары:

1)5у+9≤3-7у   2)3х+1≤4х-5   3)6-5у˃3у-24)3-7у˃5у-3

5у+7у≤3-9      3х-4х≤-5-1    -5у-3у˃-2-6      -7у-5у˃-3-3

12у≤-6             -х≤-6             -8у˃-8        -12у˃-6

у -0,5.              х 6.                 у 1.               у 0,5
2.Теңсіздіктерді шығару:

  1. 6у – ( у + 8 ) – 3( 2 – у )≤ 2;

  2. -3 ( х – 4 ) – 7 ≤ 3 + 2( х + 6 ).

Дескриптор 2

- теңсіздіктіңшешу алгоритмін қолдана алады- теңсіздіктің жақшаларын аша алады

-ұқсас мүшелерді келтіре алады

- теңсіздіктің шешімін дұрыс табады

Бағалау: «Карусель»әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды

Жауаптары:

1) у≤ 2 (- ; 2] 2) х -2 [-2; + )

Жалпысыныптық жұмыс (дәптерде)Екі қаланың арақашықтығы 300 км-ден кем болатын. Пойыз бір қаладан шығып, екінші қалаға қарай 3 сағат жүргенде екінші қалаға дейін 45км қашықтық қалды. Пойыздың жылдамдығын бағалаңыз. Дескриптор 3 :

- есептің шартына байланысты математикалық моделін құрады;

- теңсіздік құрастырады;

- өзінің құрған теңсіздігің шешеді

- есептің жауабын жазады

Бағалау: критерийлерге сәйкес (мұғалім)


Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық


Сергіту сәті «Айырмашылықты тап»




Сурет




Топтық жұмыс

Сәйкестендіру тесті:

р/с

Теңсіздік

Жауабы

Аралық

1

5(х-2)≥2х-1

A. х≤2

а (7;+ )

2

7х-8≤5х+2

B. х˃7

б (- ;2]

3

4(х-3)≤х-6

C. х˂-2

в (- ;5]

4

3+2(х-1)˃8+х

D. х≤5

г [3;+ )

5

2х+5˂х+3

E. х≥7

д [7;+ )

6

3х+4≥2х+11

F. х≥3

е (- ;-2)

Дескриптор:

- теңсіздікті шешу алгоритмін қолдана алады-теңсіздіктің жақшаларын аша алады

-ұқсас мүшелерді келтіре алады

- теңсіздіктің шешімін дұрыс табады

-жауаптарын дұрыс сәйкестендіреді

Бағалау әдісі: өзін-өзі бағалау кілт арқылы

Жауабы: 1-F,  2-D,  3-A,  4-B,  5-C,  6-E.







Деңгейлік тапсырма.

Шығармашылық жұмыс. «Мен саған, сен маған»

Тақырып бойынша топтар бір-біріне төмендегі берілген өрнектер,сандар және таңбалардан теңсіздікқұрастырып береді, ал қалған топтар соны шығарады, дұрыстығын сол топ мүшелері өздері тексеріп, бағалайды. Құрылған теңсіздіктіктердің күрделілігі және оның дұрыс шешілуі ескеріледі

3х , -5 , 9, -7у, 7х , + , - , ≥ , ˂ , ≤ , ˃, *, ( ) , 5у, 4, 3, 6х, 1, 9х, у, 15, 24




Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.

№954

Рефлексия. «Жетістік» баспалдағы.


Мен барлығын түсінгеніме сенімдімін. 
Мен барлығын түсінгеніме жартылай сенімдімін. 
Мен ештеңе түсінбедім.



Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Саралау , деңгейлік тапсырмалары топтық жұмыстарда беріледі. Топтық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады,өздерінің деңгейлеріне сай тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді

Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, оқушылардың киналатын сұрақтары анықталады. Өзін-өзі,бірін-бірі бағалау жүргізіледі.Ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды смайликтермен мадақтау

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай беріледі.Презентацияны қолдану уақытты тиімді пайдалануға ықпал етеді.

6>16>