Файл: ыса мерзімді жоспар Сабаты таырыбы Тiзбек блiгi шiн Ом заы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы

Мектеп׃

«Успен мектеп бөбекжай-балабақша кешені» КММ

Бөлімі:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:

Оразакаева Г.У

Күні:

26.01.2021

Сыныбы: 8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.2.6 – Тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолданады;

8.4.2.7 - Тізбектегі ток күші мен кернеу арасындағы тәуелділіктіӊ графигін білу және түсіну;

Сабақтың мақсаты

  • - тізбектегі ток күші мен кернеу арасындағы тәуелділіктіӊ графигін білу және түсіну;

  • - тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану;

Бағалау критерийі

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау
Жинақтау
Бағалау




  • Ом заңының тұжырымдамасын біледі;

  • Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділігін түсінеді;

  • Ом заңының формуласын есептер шығаруда дұрыс қолданады;

  • кедергініӊ ток күші және кернеуге тәуелді еместігін тізбек арқылы анықтайды.

  • электр тізбегі арқылы өткізгіштің ұштарындағы ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділігін зерттейді. Ом заӊын тексереді.

  • берілген есептердің алгоритмін құрады, шығару жолын түсіндіреді;


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Оқытушының іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал орнату.
Еске түсіру стратегиясы бойынша оқушыларға Kahoot бағдарламасы арқылы

сұрақтар қойылады

Мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін қайталау, жаңа тақырыпты өтуге дайындау.

1.Ток күшінің өлшем бірлігі?

2.Кернеудің өлшем бірлігі?

3. Ток күшінің формуласы?

4.Ток күшін өлшейтің құрал?
5.Кернеуді өлшейтің құрал?

б) Электр тізбегін сөйлетейік. Термин сөздермен жұмыс

Мақсаты:құралдардың схемалық белгілерін қайталау, термин сөздермен жұмыс.



Оқушылар сұрақтарға kahoot бағдарламасы арқылы жауап береді.

Оқшылар электр құралдарының схемалары арқылы атауларын анықтайды

Ынталандыру


«жақсы», «өте жақсы», «керемет», «талпын»

оқушылар өзара кері байланыс жасайды, өзін-өзі бағалау


ДК экран

Оқулық

Слайд

Көрнекілік

құралдар


Сабақтың ортасы

25 минут


Жаңа сабақты түсіндіру. Зерттеу жұмысы.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Видеоролик арқылы жаңа тақырыпқа ену.

1.bilimland.kz сайтынан тапсырмалар орындау, оқушылардың ойын талқылау


2.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.Тізбек бөлігіндегі ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділігін зерттеу.

Мақсаты: Электр тогын сипаттайтын физикалық шамалар арасындағы тәуелділікті зерттеу .

Өзіндік зерттеу жұмысы барысында, ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділігін анықтау. Кернеу мен кедергі бойынша ток күшінің графиктерін салу, оларды талдау.

Кері байланыс: Сұрақтар.

  1. Тізбек бөлігіндегі I мен U арасында қандай тәуелділік бар?

  2. Кедергі артқан сайын ток күші қалай өзгереді?

  3. Ом заңының тұжырымдамасы қандай? Формуласы.

  4. Графиктің I-U траекториясының көлбеулігі резистордың электр кедергісін көрсетеді. Көлбеулік бұрышы артқан сайын кедергі қалай өзгереді?

  5. I мен U өзгертетін болсақ кедергі өзгере ме?

3.Графиктік есептер шығару.Ом заңын тексеру.

Мақсаты: тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану.

Қарапайым схеманы пайдаланып оқушылармен Ом заңын зерттеуді ұсынады.Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді. Кедергісі белгілі резисторды пайдаланып I мен U бірнеше мәндерін өлшейді. График сызады.

Оқушы іс-әрекеті: өз нәтижелері бойынша сызықтық графикті сызулары қажет (I-U). Графиктің I-U траекториясының көлбеулігі резистордың электр кедергісін көрсетеді.

Cипаттама:

Ток көзі, кедергі, кілт, вольтметр, амперметр құралдарын пайдаланып экспериментатор оқушы зерттеу жүргізеді. Екінші оқушы алынған мәндер бойынша тақтада график сызады. Ом заңының тұжырымдамасын жазу, формуласын қорытып шығару.

Қорытындылау: I= Ток күші кернеуге тура пропорционал, кедергіге кері пропорционал.


Оқушылар бейне жазба көру арқылы бүгінгі тақырыппен танысады.
жеке зерттеу жұмысын орындайды, кестедегі мәліметтерді пайдаланып график салады
бір оқушы тақтаға графиктік есепті шығарады.

Оқушылар деңгейлік есептер шығарады.

Дескриптор:

-Ом заңын біледі және қолданады.

-Ом заңына байланысты есептер шығарады.

Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Барлық мәндердің салынуы

- График сызығының ең жақсы сәйкестігі

- Ток күшінің кернеуге,кедергіге тәуелділігін анықтайды

- Ом заңының тұжырымдамасын қорытындылайды.

Жалпы балл-4


Дескриптор:

- Графиктен I, U мәнін дұрыс алады

- Ом заңының формуласын қолданады

- Дұрыс есептеулер жүргізеді

- Кедергінің өлшем бірлігін жазады

Жалпы балл-4



Дәптер,

bilimland.kz




ДК экран,

Семантикалық карта

Семантикалық карта,

Тақта


Сабақтың соңы.

5 минут

Бағалау


Үй тапсырмасы

Кері байланыс׃

Ауызша. Бүгінгі сабақта не үйрендің? Сабақтағы қай тапсырма сен үшін қызықты болды?
«Рефлексия».

барлығы түсінікті болды
қажетті деңгейде түсіне алмадым
түсінбедім

§38 тақырыпты оқу, 18 ж/у 4-6


Оқушылар сабақтағы оқу іс әрекетін бағдаршам түстері арқылы бағалайды.



Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл


Стикерлер