Файл: ызылорда облысыны білім басармасыны армашы ауданды білім бліміні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы аудандық білім бөлімінің

«№ 277 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Бекітілді»

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары _____________Г.Амантаева

Қысқа мерзімді жоспар

Тарау немесе бөлім атауы:

Ғасырлық туынды

Мұғалімнің аты-жөні:

Абдикалиева Гулхан

Күні:

06.02.2023 жыл

Сынып: 11 «А», «Ә»

Қатысқаны – 15,19 Қатыспағаны: 0

Сабақтың тақырыбы:

«Абай жолы» романы. Өрде

Оқу мақсаттары:

11.2.5.1-әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау;

11.3.2.1-көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау.

Уақыты

Кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

5 минут


Ұйымдастыру

Амандасу. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Психологиялық ахуалды қалыптастыру. Бір-біріне жақсы тілек тілейді. Үй тапсырмасын талдайды. Өтілген тарауларды талдау.

Амандасады. Психологиялық ахуал қалыптастырады. Үй тапсырмасын талдайды.

Жарайсың!
Керемет!

суреттер, кесте, презентация, электронды құралдар, т.б

15 минут

Жаңа сабақ

Мағынаны тану

Халқымыздың біртуар перзенті Қ.Сәтпаев: «Егер сен XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ халқының өмірін, тіршілігін, тарихын, әдет-ғұрпын білгің келсе, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» оқы. Ол – шын мәніндегі энциклопедиялық шығарма», - деп бағалаған. Ойтүрткі сұрақтары: 1.М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы жанрлық ерекшелігіне қарай неге роман-эпопея деп аталады? 1-тапсырма. Роман, роман-эпопеяға тән 3 ерекшелікті атаңыз.

Романға тән ерекшелік

Роман-эпопеяға тән ерекшелік

1.Адамның жан-дүниесін, болмысын, тұтастай өмір белестерін кең ауқымда суреттейтін проза жанрының бір түрі.

1.Бүкіл бір дәуірді кеңінен қаптып бейнелейтін кеңтынысты, сан-саналы эпикалық шығарма.

2.Сюжеттік құрылымы шытырман оқиғаларға толы әрі көлемді болып келеді.

2. Белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларының кең көлемде суреттелуі. Бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырыптың арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын прозалық кесек туынды.

3.Жеке адам тағдыры арқау болады.

3.Жарты ғасырлық немесе бір ғасырлық қоғамдық өзекті мәселелерді қозғап, халықтың тұрмысы мен тіршілігінен сыр шертеді. Сондай-ақ кейіпкер сипаты байсалды түрде дараланады.

2-тапсырма. Оқиға желісіне композициялық талдау жасаңыз, оқиға құрылымын мазмұндаңыз.Шығарманың композициялық құрылысы–шығарманың сюжеттік дамуының кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе.

Сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті бақыланады.

1.Роман, роман-эпопеяны бір-бірінен ажырата алады;

2.Романға тән ерекшілікті атайды;

3.Роман –эпопеяға тән ерекшелікті атайды.


Шығарма мазмұнын біледі;Оқиға желісіне композициялық талдау жасайды.Оқиға құрылымын мазмұндайды

Марапаттау


Оқулық

Кесте





Талдау




  1. Оқиғаның басталуы.

Оқудан ауылына қайтқан бала Абай

  1. Дамуы мен байланысы.

Әкесінің жиынына қатысқан Абай

  1. Оқиғаның шиеленісі

Қодар мен Қамқаға берілген жаза

  1. Шарықтау шегі

Абайдың ауырып қалуы

  1. Оқиғаның шешімі

Абайдың үйіне келген қонақтар




Оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру.

Қолпаштау

Кесте







Уақыт пен кеңістік.Көркем шығармада уақыт пен кеңістік тұтасып келіп, белгілі бір оқиғалар тізбегін оқырманға айқындап көрсетеді. Көркемдік уақыт – шығармада суреттелетін оқырман назарындағы уақыт. Кеңістік – көркем шығармаға тән категориялардың бірі, ол баяндаудың нақтылығы мен шындығын қамтамасыз етеді, қатарлас нәрселердің орналасу тәртібін көрсетеді. Шығармадағы оқиғалардың бір-бірімен байланысы әрі жүйеленген сюжеті арқылы сипатталады. 3- тапсырма.Оқиға құрылымы бойынша уақыт пен кеңістік көрінісін талдаңыз.

Оқиғалар

Оқиға орын алатын уақыт

Оқиға орын алатын кеңістік

Оқудан ауылына қайтқан бала Абай

3 күндік жол

Жол бойы

Әкесінің жиынына қатысқан Абай

Ымырт шақ (кеш)

Қонақ (киіз үй) үй іші

Қодар мен Қамқаға берілген жаза

Көктем кезі

Қарашоқы деген жерде

Абайдың ауырып қалуы

1 айға жуық

Көлқайнарда

Абайдың үйіне келген қонақтар

Жазда

Жайлауда






Оқиға құрылымы бойынша оқиға өткен уақытты көрсетеді;

Оқиға құрылымы бойынша оқиға орын алған кеңістікті көрсетеді.


От шашу



Кесте-сызба





Қорытынды

Кері байланыс. «Зерде»

  1. Білім. Тақырып бойынша алған ақпараттарым.

  2. Эмоция. Сабақтағы көңіл-күйім.

  3. Баға. Өз жетістігіме беретін бағам.

  4. Сын. Өз бойымда нені дамытуым керек?

  5. Идея. Маған келген жаңа ой.

Кері байланыс. «Зерде»


Жарайсың!
Тамаша!







Үй тапсырмасы

Шығармашылық жұмыс. Абайдың әке алдындағы және аналар құшағында өзін қалай ұстағанын салыстырыңдар.



Үй тапсырмасын жазып алады.