Файл: ыса мерзімді саба жоспары за мерзімді жоспар блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1бөлім. Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары

25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есемханова Ж

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ақпаратты өлшеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.2.1.1-ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:

Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік тәсілін қолдана білу.

Оқушылардың басым бөлігі: Ақпараттың көлемін анықтауда алфавиттік тәсілмен есеп шығарудың жолдарын түсіну.

Кейбір оқушылар: Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік тәсілді пайдаланып есептер шығара алу.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

  • Ақпарат көлемін өлшеудің алфавиттік әдістерін қолдануды біледі.

  • Ақпараттың көлемін анықтауда алфавитік тәсілін белгілі бір есепті шешуде қолдануды түсінеді.

  • Берілген ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік тәсілін қолданып, есептер шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады

Aқпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби ) тәсілді қолданып есептер шығара алады.

Пәндік лексика және терминология:

Бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт,...Йоттабайт

- Unicode, ASCII, екілік код

- Алфавит қуаттылығы, ақпарат салмағы, алфавиттік тәсіл, Хартли формуласы

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Aлфавит дегеніміз не?

Aлфавит қуаттылығы нені өлшейді?

Aлфавиттегі символдың ақпараттық салмағы дегеніміз не?

Aлфавиттік тұрғыдан қарағанда мәтіннің ақпараттық көлемі қалай, қалай өлшеуге болады?

Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби ) тәсілінде қандай формулалар мен шамалар қолданылады?

Бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт дегеніміз не?

Құндылыққа баулу

Өмір бойы білім алу. Жaлпыға бірдей еңбек қоғамы. Oқушыларды адал еңбекке, шығармашылыққа, білім алуға баулу.

Пән аралық байланыстар

Орыс тілі, ағылшын тілі, математика

Алдыңғы оқу

Ақпаратты өлшем бірліктері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

3 мин

«Өрмекші торы» әдісі

8 мин


Сабақтың ортасы

7 минут
«Джигсо» әдісі

5 мин


5 мин

6 мин

Сабақтың аяқталуы

4 минут

Кері байланыс

2 мин


Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал орнату мақсатында топтағы оқушылар сағат тілі бойынша бір-біріне жақсы тілектер айтады. Оқушыларды жасыл және көк түсті қима қағаздар арқылы 2 топқа бірігеді.

І топ: Aлфавит қуаттылығы

ІІ топ: Ақпарат көлемі

Өткен сабақты пысықтау «Өрмекші торы» әдісі арқылы сұрау. Жіптің басын мұғалім ұстап сұрақ қояды, оқушыға бағыттайды, сұрақ бағытталған оқушы сұрақтарға нақты жауап береді, жауап бере алмаған жағдайда шешімін табуға бағыт бағдар беріп оқушыны өзін-өзі реттеуге бағыттап қалай оқу керек стратегиясы жүзеге асырылады. Интербелсенді тақтада сұрақтар көрсетіледі.

1.Ақпарат дегеніміз не?

2.Ақпараттың қандай түрлерін білесің?

3.Ақпараттың өлшем бірліктерін ата.

4.Берілген «Информатика» сөзінің ақпараттық көлемін анықта.

5.1 байт неше битке тең.

ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бағалау

«Джигсо» әдісі бойынша Bilimland.kz сайтынан бейнетаспаны көрсетемін. Оқулықтан тақырыпты бөліп беремін.

1 топ. Aлфавит, aлфавит қуaттылығы ұғымдарының сипатын беру.

2 топ. Алфавит cалмағы ұғымдарының сипатын беру.

Дескриптор:

-Aлфавит, aлфавит қуaттылығы ұғымдарының сипатын береді.

-Алфавит cалмағы ұғымдарының сипатын айтады.

ҚБ : «Бағдаршам»

1-тапсырма . «Түртіп алу» әдісі

Aлфавит қуаттылығы мен ақпарат көлемін aнықтайтын формулаларды нақтылап түсіну.
І топ: 32 символдық алфавит көмегімен жазылған хабар 40 символдан тұрады. Хабардың ақпараттық көлемі қандай?
ІІ топ:Компьютерде терілген кітаптың 150 беті, әр бетте 40 қатар, әр қатарда 60 символ бар. Кітаптағы ақпарат мөлшерін анықтаңдар.
Дескриптор:

-Aлфавит қуаттылығы aнықтайтын формуланы нақтылап түсінеді.

-Ақпарат көлемін aнықтайтын формуланы нақтылап түсінеді.

ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бағалау

2-тапсырма

1 топ. Оқушыны қызықтырған кітап 5 сөреде орналасқан деген хабар 3 бит ақпарат болды. Стеллажда қанша сөре бар?

2-топ. Қанат көп қабатты үйдің 3 қабатында тұрады деген хабар 4 бит ақпарат береді. Қанат тұратын үй неше қабат?

Дескриптор:

-Aлфавит қуаттылығы aнықтайтын формуланы қолданады.

-Ақпарат көлемін aнықтайтын формуланы пайдаланады.

ҚБ: «Бағдаршам» арқылы

3-тапсырма . «Кім жылдам» әдісі

2048 символдан тұратын хабардың көлемі, Мбайттың 
1/512  бөлігін  құрады. Хабарды  жазу үшін  қолданылған  алфавиттің өлшемі (қуаттылығы) қандай болғаны?
 



Шешуі: Хабардың  ақпараттық  көлемін  мегабайттан  битке 
аударайық. Ол үшін берілген шаманы екі рет 1024 (байтқа ауда-рамыз) және бір рет 8-ге көбейтеміз: 
I =1/512* 1024* 1024*8 =16 384 бит. 
Ақпараттың  мұндай  қөлемін  1024  символ (К) әкеледі,  онда  бір символға:  
I = I / K= 16384/1024 = 16 бит келеді. 
Бұдан,  хабарды  жазу  үшін  қолданылған  алфавиттің  өлшемі 
(қуаттылығы) – 216= 65536 символға тең шығады. 
Дәл  осындай  алфавит,  компьютерде  символдық  ақпаратты 
ұсыну үшін, халықаралық стандарт (Unicode кодтауы) қолданы-лады.  
Дескриптор:

Хабардың көлемін есептеп шығарады.

Хабарды  жазу  үшін  қолданылған  алфавиттің өлшемін (қуатты-лығы) есептеп шығарады

«Бағдаршам» арқылы бағалау, өзара бағалау.
«Серпілген сауал» әдісі  арқылы оқушыларға сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды береміз.

1.Aлфавит дегеніміз не?

2.Aлфавит қуаттылығы нені өлшейді?

3.Aлфавиттегі символдың ақпараттық салмағы дегеніміз не?

4.Aлфавиттік тұрғыдан қарағанда мәтіннің ақпараттық көлемі қалай қалай өлшеуге болады?

5.Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби ) тәсілінде қандай формулалар мен шамалар қолданылады?

6.Бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт дегеніміз не?

ҚБ: «Бағдаршам» арқылы.
Кері байланыс. Оқушылар кері байланыс парағын сөйлемдермен жалғастыра толтырады: «Бүгінгі сабақта...»

  • Мен мынаны қайталадым........

  • Мен мынаны білдім...................

  • Мен мына нәрсені білгім келеді..........

Стикерлерге жазып біреуіне іледі

Үйге тапсырма: «Ақпаратты өлшеу» тақырыбын оқу.Есептер шығару.

1.Оңтүстік Американың өзен бойында үндістердің бүгінге дейінгі белгісіз болған тайпасы табылды. Тайпа алфавиті бар болғаны 8 әріптен тұрады.Сонда бұл алфавиттің бір әрпі қанша ақпарат мөлшерін береді?

2.Жер ғаламшарының дамуы кезеңдерінде бірнеше өркениеттер өмір сүріп, жоғалған. Бізге келіп жеткен ақпарат бойынша сол өркениеттердің бірде бір хабардың бір символының ақпараттық көлемі 5 бит екені белгілі. Жоғалған өркениет алфавитінде қанша символ бар екенін анықта?


Қима қағаздар
АКТ, Интербелсенді тақта, А4 формат, маркер, постер, түрлі-түсті маркер.

АКТ,оқулық ,

Дескриптор жазылған парақша,

Bilimland интернет

Дескриптор жазылған парақша

А4 формат, маркер
Дескриптор жазылған парақша

Интернет

АКТ

Жұмыс дәптері

А4 формат, стикерлер


Оқулық




Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Оқушылардың алдынғы білімдерін еске түсіру мақсатында «Өрмекші торы» әдісін қолданамын, СТО (сын тұрғысынан ойлау) қалыптастыруда бұл әдіс тиімді. Бұл әдістің артықшылығы берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын береді, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Жаңа тақырыпты меңгеруде «Джигсо» әдісін қолданамын, бұл әдіс оқушыларды ынтымақта, бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді. Материалды оқушылар басқаға үйрете отырып, өздері үйренеді. Деңгейлік тапсырмалар яғни бірлескен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке жұмыс орындауда, есептеулер шығаруда формуланы қолдану, ақпарат өлшемдерін анықтауда қолдау көрсетемін. «Серпілген сауалдар» әдісі арқылы қорытындылаймын, кері байланыс аламын:
«Бүгінгі сабақта» әдісі арқылы оқушылар сабақ туралы маңызды ақпараттарды өз бойында қалдырады.


Тапсырмаларды орындаған кезде сұрақтарды пайдаланамын.

Оқушылардың тапсырмаларды орындағандағы нәтижелерін/жетістіктерін түсіну үшін шолу сұрақтарын пайдаланамын.

Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды жүргіземін. «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі, бір-бірін, топты бағалау жүргіземін.


Бір-біріне тілек айту арқылы психологиялық ахуал тудыру.

Оқушылардың компьютер алдында отыру ережесін сақтауын қадағалау. Көзге жаттығу жасау.


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қол жетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?