ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Педагогтің Т.А.Ә.

Назерке Кистауова



Күні:

10.01.2023ж

Сынып: 8 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Роза Бағланованың 100 жылдығы

«Аты аңызға айналған Роза Бағланова»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1. Р. Бағланоавның ән репертуарымен таныстыру;

2. Тыңдау қабілеттерін дамыту;

3. Оқушыларды музыка мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың мақсаты

Жез көмей әнші Роза Бағланова туралы мәлімет беру


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен үш тілде амандасу.

Қайырлы таң!-добрый день!- good morning!

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз



1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысады.



Роза Бағланова суреті



Сабақтың ортасы

II. Жаңа тақырып

Әнші Роза Бағланова туралы видеоролик көрсеіледі

-Роза Бағланова 01.01.1922-08.02.2011жж.( Қызылорда облысы. Қазалы ауданы) — Роза Тәжібайқызы Бағланова – әнші, Қазақстанның халық артисі (1967), Халық қаһарманы (1996). Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзербайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылыМәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар менстуденттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтардостығы» ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған

Дәптермен жұмыс.

Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі

Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді..Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.

Топпен жұмыс

1-топ. Роза Бағланова апамыз жайында не білесіңдер?

2-топ. Әнші мамандығы қандай мамандық?

3-топ .Қай елдерге гастрольдік сапарда болған?

Оқушылар негізгі тақырыппен танысады

Мұғалімді тыңдайды

Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді


Білім алушылар пікірлерімен, мәліметтерімен бөліседі










көрнекіліктер

Сабақтың соңы

Қорытындылау: 

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?




Білім алушылар эссе жазады

Мұғалімнің қорытынды сөзін тыңдайды.

білім алушылар сынып сағатында алған әсерлерімен бөліседі, сұрақтарға жауап береді