ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Сынып сағаттарын ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер»
Сынып жетекші — тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік пен шәкіртіне үлкен сеніммен қарайтын жан.
Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты.
Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды мақсаты деп біледі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті.
Бала тәрбиелеу – нағыз өнер, ал бұл өнердің бастауы – бала мектепке келетін отбасыдан басталады. Отбасыда баланың тұлғалық жеке қасиеттері, өзгелермен қарым–қатынасы, белгілі бір мінез бен әдеттері қалыптасады. Әрбір баланы тануға, оны жақсы көріп,оның қызығушылықтарын оятуға әрбір сынып жетекшіге тиісті.
Сынып жетекшілерге көмек ретінде сынып сағаттарын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынбақпын.
Қазіргі таңда тәрбие жұмысы сабақ процесімен бірге жүргізілуі тиіс. Қандай пәнді оқып жатсада оқушылар тәрбиелік мәні бар дүниелерді игеруі тиіс. «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», деп данышпан әл-Фараби айтқандай, өркениетті елдердің қатарына «буынып-түйінген» мемлекеттің көшбасшы шыңына шығуы – бүгінгі ұрпақ бейнесімен айшықталады.
Әр сынып жетекшінің сынып сағаттарын ұйымдастыруға төмендегідей міндеттерді басшылыққа алған жөн.
Сынып сағатын ұйымдастырудағы мынадай міндеттерді басшылыққа аламын.
І. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын таңдау.
ІІ. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Ол үшін психологиялық тренингтер өткізу.
ІІІ. Сынып сағаттарының мақсаттары қол жетімді «SMART» (ақылды) болуы шарт.
І. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын таңдау.
10-11 жастағы 5 сынып оқушыларына кейбір күрделі тақырыптарды өткізуде қиындықтар туындайды, өйткені ол жастағы оқушылар бұл материалды қабылдауға таным түсінігі жетпейді. Мысалға, «Діни экстримизм» тақырыбында, «Мамандық таңдау» «»Мен елімнің патриотымын т.б. 5 сынып оқушыларына мысалы мынадай тақырыптарды алуға болады: «Дін туалы білесіңбі?», «Мен өскенде кім боламын?» Мен өз елімді сүйемін- деген тақырыптар, бұл жас ерекшеліктегі оқушыларға тез ұғынады.
-
2. 14-15 жастағы яғни 8-9 сынып оқушыларына мысалы, «Діни экстримизм», «Мамандық таңдау» — тақырыптарында сынып сағаттарын өткізуге болады. 14-15 жастағы оқушылар бұл тақырып туралы мазмұнды теледидар, ғаламтор т.б сол сияқты ақпарат көздерінен біледі.
ІІ. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Ол үшін психологиялық тренингтер өткізу.
Бірінші, тренинг өткізерде сыныптың көңіл күйін білу. Егер оқушылар шаршаңқы көрінсе, көңіл көтеретін тренинг өткізу. Себебі, балалар шаршап отырғанда сабаққа белсене ат салыса алмайды. Мысалы, түрлі билер, гимнастика т.б.
Екінші, оқушыларды ынтымақтастыққа, достыққа шақыратын бір-бірімен қарым- қатынаста болуға үйрететін тренингтер өткізу. Мысалы,
Шаттық шеңбер
«Мен неге қол жеткізгі келеді»
«Мақсатқа жету»
«Аутотрениг»
ІІІ. Сынып сағаттарының мақсаттары қол жетімді «SMART» (ақылды) болуы шарт.Берілетін материал балаға қол жетімді мақсатта болуы керек. Оларға:
Сынып сағаты бала ұғымына сай болуы керек.
Бала оны өмірде қолдана білуі керек.
Қоршаған ортада болып жатқан оқиғадан алу керек.
Сынып сағаттарын өмір тәжіребиесінен алуы керек.
Оған көмек баспа сөз материалдары, кино немесе түрлі видео
материалдар.Осыған сай өз сыныбымда өткізіліп жатқан сынып сағаттарына тоқтала кетсем:
8 Б сыныбында қазіргі заманның өзекті тақырыбы Зорлық зомбылықсыз балалық шақ туралы тренинг сағаты өтті,Осы сынып сағаты арқылы оқушылардың отбасына деген қарым қатынасын,отбасындағы тыныс тіршіліктің қалай өрбитіндігіне көз жеткіздік. Бұл сынып сағатының мақсаты балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық туралы сынып сағатының мақсаты оқушыларды білімге ұмтылуға,жалқаулықтан сақтануға,өз елінің патриоты болуға үндеу .Сонымен қатар ұлт зиялылары,көсемдері,ағартушы ғалымдардың еңбектерін үнемі жаңғыртып отыру мақсатында арнаулы сынып сағаттары да өтеді.Атап айтсақ Ахмет Байтұрсынұлы,Абай Құнанбайұлы тб. Бұл сынып сағаттарының мақсаты тарихи тұлғаларымыздың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.Олардың өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу және оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.Адамгершілік асыл қасиет атты тәрбие сағатын өткіздік.Яғни
баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Діни экстремизм туралы сынып сағатында оқушыларға экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру
Сынып сағаттарын тиімді әрі қол жетімді болу сынып жетекшінің уақытын үнемдейді.
Әр сынып жетекші сынып сағаттарын ұйымдастыра отырып, балаға дұрыс жолды көрсете білуі қажет.
«Білім мен тәрбие» егіз. Тәрбиесіз берілген білім оқушыларды ізгіліктен тайдырып, жауыздыққа, озбырлыққа, өзімшілдікке, өктемдікке жетелейді. Сондықтан әрбір ұстаз, балалардың жүрегіне ізгілікті ұялатуды, ұлттық өнегені, өнерді үйретуді ұмытпау керек. Оқыта отырып тәрбиелеу – бұрыннан қалыптасқан әдіс — тәсілдің бірі.Қорыта айтсақ сынып сағаты арқылы мынадай нәтижелерге қол жеткіземіз:
Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді. Оқушы тұлғасын және оның қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық-психологиялық ахуал жасайды. Қарым — қатынастың дамуына ықпал етеді. Баланың өз құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасында пайда болатын проблемаларын шешуге көмектеседі. Оқушы тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуға бағыттайды. Оқу іс-әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме, клуб, спорт секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға қосымша білім алуға ықпал етеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық талаптарына сәйкес сынып жетекшісі сынып ұжымы өміршендігінің мазмұнын жаңартады. Оқушылардың құқықтары мен бостандығын сақтайды, олардың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді.
Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің
«№11 Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Сынып сағаттарының өту формасы мен нәтижесі
Орындаған:
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Бөленді Ә.С.
Семей,2023 жыл