Файл: Python тілінде алгоритмдерді программалау Педагогты атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Python тілінде алгоритмдерді программалау

Педагогтың аты-жөні

Кәрім Мөлдір

Күні

10.01.2023ж

Сынып 8б

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

For циклі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.3.1 орындалу саны белгілі for операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану

Сабақтың мақсаты:

Python программалау тілінде параметрлі цикл операторы қалай қолданылатынын біліп, есеп шығарып үйрену.

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3. Жаңа тақырыпқа шолу.

Ақпарат –қоршаған ортада болып жатқан құбылыстар мен хабарлар туралы мәліметтер, ал қоршаған орта-ақпарат көзі.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады






Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады.

Ал кімде-кім ақпаратты қабылдап алса, онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады.

сағат, сигнал, бағдаршам, телефон, теледидар, Интернет,  т.б. болуы мүмкін.

 Ақпарат бізді қоршап қана тұрған жоқ. Онымен адам тікелей жұмыс істейді.  Мысалы, оқушы кiтап оқыды, ол жөнінде дәптерге жазды. Мұндай жағдайда қандай әрекет  жүзеге асырылды. Бұл кезде де ақпаратты қабылдау және беру iсi атқарылады. Кітап ақпарат көзі ал оқушы оны қабылдаушы, дәптер ақпарат қабылдаушы. Сабақ кезiндегi ақпарат көзi -  мұғалiм, ал оқушылар – оны қабылдаушы болып табылады.Бiр ақпарат түрi ақпараттың көзі де және оны қабылдаушы да бола алады. Ал қабылдаушылар көп болуы мүмкін.

Ақпарат арнайы сигнал /белгі/ арқылы беріледі. Сигналдар әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, біздің көзіміз жарықты көреді, құлағымыз дыбысты естиді, радиоқабылдағыш, теледидар тодқындарын қабылдайды. Ең бастысы-ақпарат қабылдаушылар берілген сигналды қабылдап, оны түсінетіндей болуы керек.Сигнал қандай да бір ақпаратты беру үшін өзгеріп, ауысып тұрады. Сол сигналдың өзгеруі арқылы біз ақпарат беріп, қабылдай аламыз.

Ақпарат арналары биологиялық және техникалық екіге жіктеледі. Биологиялық ақпарат арналарына адамның сезім мүшелері, ал техникалық ақпарат арналарына телефон, радио, теледидар, компьютерлік желілер жатады.

Ақпарат көзі табиғи және жасанды болып екіге жіктеледі.

Жасанды ақпарат көзіне адамның қолымен жасалған теледидар, компьютер, домбыра сияқты заттар жатады.Ал табиғи ақпарат көзіне күн, су, ауа, жел және т.б. жатады.
Топтық жұмыс. 1-тапсырма. «Жікте» әдісі

Төмендегі әрекеттердің қайсысы ақпарат көзіне, қайсысы ақпарат қабылдаушыға тиесілі?

Жікте: тасымалдайды, сақтайды, қабылдайды, береді, өңдейді, таратады.
Дескриптор:

-әрекеттерді жіктейді.
ҚБ: смайлик / 2балл/
Топтық жұмыс. 2-тапсырма.

Ақпаратты қабылдау түріне қарай ақпарат көзі болатын заттарды ата. Мысалы,

магнитофон- естуге арналаған ақпарат көзі.
Дескриптор:

-ақпаратты қабылдау түріне қарай ақпарат көзі болатын заттарды атайды.
ҚБ: смайлик /2балл/

Топтық жұмыс. 3-тапсырма.

Оқулық § 1.2, 14-бет, 8-сурет.

Суреттен табиғи және жасанды ақпарат көзі болатын заттарды топтастырыңдар.
Дескриптор:

-табиғи және жасанды ақпарат көзі болатын заттарды топтастырады.
ҚБ: смайлик /3балл/
Жеке жұмыс. 4-тапсырма.

-Ақпарат көздері мен қабылдағыштарға қандай мысалдар келтіруге болады?

Дескриптор:

-ақпарат көздері мен қабылдағыштарға мысалдар келтіреді.
ҚБ: смайлик /3 балл/

Мұғалімді тыңдайды


Дәптерге «Ақпарат көзі» анықтамасын жазады

Дәптерге «Ақпарат қабылдаушы» анықтамасын жазады

сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп,ортақ ойларын жазады, пікірлерін қорғайды
сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп, пікірлерін қорғайды

сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп, пікірлерін қорғайды
Тапсырманы орындайды


Смайлик

2балл

Смайлик

2балл
Смайлик

3балл

Смайлик

3балл


Карточка


Карточка


Оқулық

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:



Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

§ 1.2, 13-бет «Талдау» тапсырмасы