Файл: Информатика 5сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Асан Елдос Талапбекұлы (№74 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі)

Пән/Сынып:

Информатика 5-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3 тоқсан 20 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Роботтардың жарысы

Сабақтың тақырыбы:

Роботтың сызық бойымен қозғалысы

Оқу мақсаты:

5.3.3.3 – робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигін қолдану

Бағалау критерийі:

робот қозғалысын ұйымдастыруда түс датчигін қолдана алады

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

0-1 минут

Ұйымдастыру

Тақырып: Роботтың сызық бойымен қозғалысы

Мақсат: робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигін қолдану.

Бүгінгі сабақта:

  • түс датчигін еске түсіру;

  • сызық бойымен қозғалыс;

  • робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигін қолдану.




Не меңгереті

нін білу үшін




Презентация № 1-2 беттер

2-10 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру.

Жаңа сабақтағы негізгі ұғымдарды презентация бойынша түсінік беру


Жаңа тақырыпты меңгеру




Презентация № 3-10 беттер

10-17 минут



Тәжірибе

Старт блогына Цикл блогын жалғаймыз.

2. Цикл блогына Өшіріп-қосқыш блогын жалғаймыз.

3. Датчиктен мәліметтерді алу үшін оның режимін ауыстырамыз:

Түс датчигі Өлшеу Түс.

4. Өшіріп-қосқыш блогының үстіңгі жағына Рульдік басқару блогын жалғап, Қосу режимін таңдаймыз. Рульдік басқару күйін 50-ге келтіреміз. Түсін қараға өзгертеміз.

5. Өшіріп-қосқыш блогының төменгі жағындағы түсті «ақ түске» өзгертуді ұмытпау керек. Рульдік басқару блогын жалғап, Қосу режимін таңдаймыз. Рульдік басқару күйін (–50)-ге келтіреміз.

6. Программаны роботқа жүктейміз.


Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру


Бағалау критерийлерін ұсыну:
Жоспар бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді

Презентация № 9 бет

17-19 минут



Бекіту

Жеке тапсырма ұсыну.

Тапсырма 1

Сұрақтарға жауап бер

1. Түс датчигі қанша түсті таниды?

2. Старт блогы қай палитрада орналасқан?

3. Робот сызық бойымен қалай қозғалады?

4. Түс датчигі не үшін қажет?
Тапсырма 2

Программа бойынша робот қандай түстерді көреді? Робот қандай сызық пен қозғалыс жасайды




Тақырыпты меңгергенін анықтау

Бағалау критерийлерін ұсыну:
Берілген кестеге гироскопиялық датчиктің режимдерін жазады

Презентация № 11-12 беттер

19-20

Қорытынды және Рефлексия

Сабақты қорытындылау, рефлексия








Презентация № 13 бет