Файл: Краткосрочный план.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Краткосрочный план




Алгоритмдеу және программалау

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 10

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

ФАЙЛДАРМЕН ЖҰМЫС

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


10.5.1.3 Ақпаратты оқу және жазу үшін файлдарды пайдалану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Python программалау тілінде файлдардың түрлерін

анықтайды

Көптеген оқушылар:

Файлмен жұмыс істеу кезеңдерін қолданады

Кейбір оқушылар:

Файлдармен жұмыс істеудің тиімділігін тұжырымдайды


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Жаңа тақырыпқа шолу

Өткен сабақты пысықтау: «Кубизм» әдісі

Оқушылар текшенің алты қырындағы тапсырмаларды

орындайды

1. Жолдық әдіс түрлерін салыстыру

2. Сөзді ауыстыру

Бірінші қатарда латын әріптерінен құралған жол берілген.

Осы жолда 2 үтірдің арасындағы орналасқан сөзді басқа

сөзбен ауыстыр. Ауыстыратын сөз екінші қатарда берілген.

3. Байтқа ауыстыру

Екілік санау жүйесінде берілген сандарды байтқа толтыру

үшін санның алдын 0-мен толтыратын программа жаз. Бір

байт 8 биттен тұрады. Мысалы, 1012=000001012

4. Сөзді қысқарту

N жол берілген (0
сөздердің әріптерінің саны 6-дан көп сөздерді қысқарт. Ол

үшін сөздердің бірінші және соңғы әріптерін және

олардың арасына өшірілген әріптердің саны жазылу

керек. Мысалы, «экспорт-тау» сөзі «э8у» деп

қысқартылады. Ұзындығы 6 және 6-дан кіші сөздердің

өзін баспаға бер.

5. Санға айналдыр

N жол берілген (0
жолдардің арасында тек цифрлардан тұратындарын санға

айналдырып, 100 санын қосып, баспаға бер. Санға

айналдыру мүмкін болмаса, онда 1 баспаға бер.

6. Санға айналдыр

Латынның үлкен және кіші әріптерінен тұратын жол

берілген. Осы жолдағы барлық «z» әріптердің санын тап.

Оқушылардың жауаптарын ауызша мадақтау.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.






Сабақтың ортасы


«Миға шабуыл» әдісі

- Программалау үдерісінде файлдан оқу немесе файлға

жазуды не үшін пайдаланады деп ойлайсың?

- Программалау үдерісінде ақпаратты файлдан оқудың

немесе өңделген ақпаратты файлға жазудың қандай

маңызы бар?

Тақырыпты слайд көрсетілімімен демонстрациялау.

Оқушылар тақырыпты топта талқылайды.

Мұғалім білімдерін толықтырады.

1-тапсырма.

5-программа кодын талдаңдар. Егер output.txt файлын

қайта ашып, әртүрлі әріптер санынан соң оған t жолын

жазу керек болса, осы программа кодына қандай

өзгерістер енгізу қажет? Анықтаңдар.

Дескриптор:

Python программалау тілінде файл түрлерін анықтайды.

Фигуралар арқылы бағалау

2-тапсырма.

Сөздерді қосу*

Кіру файлында (input.txt)) латын әріптерінен тұратын екі сөз жеке қатарларда берілген. Осы екі сөзді кіру файлынан

оқып, шығу файлына (output.txt) қосып жаз.

input.txt output.txt

Үsh

burysh

Үshburysh

Дескриптор:

Файлмен жұмыс істеу кезеңдерін қолданады.

3-тапсырма.

output.txt файлына өз атың мен жасыңды жазып қою

үшін программа кодын құрастырып, ұсыныңдар.

Дескриптор:

Файл түрлерін қолданып есеп құрастырады.

Оқушылардың жұмыстарын бағалау парақшасына балл

қою арқылы бағалау

Мұғалімді тыңдайды


1-тапсырманы орындайды

2-тапсырманы орындайды


3-тапсырманы орындайды



Стикер

4 балл

Стикер

3 балл

Стикер

3 балл




Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:



Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы қосымша сұрақтар бойынша дайындалып келу