ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.03.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Бөлім: | Python тілінде программалау (информатика, 6-сынып) |
Педагогтің аты-жөні | Батырбек Бекжан Асылжанұлы |
Күні: | 06.02.22 |
Сынып: | 6 «Ә» |
Сабақтың тақырыбы | Деректердің типтері. |
Оқу мақсаты: | 6.3.3.1 деректер түрлерін жіктеу; |
Сабақтың мақсаты: | – Деректер типтерін жіктейді; – Программалауда деректер типтерін қолдануды меңгереді. |
Сабақтың кезеңі | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру | Тақырып: Деректердің типтері Сабақтың мақсатымен таныстыру. – Деректер типтерін жіктейді; – Программалауда деректер типтерін қолдануды меңгереді. | Сабақта меңгеретін мақсаттарды білу | | Презентация (1-3 слайдтар) |
Жаңа сабақ | Жаңа сабақты түсіндіру Дерек (мәлімет) – өңделмеген әртүрлі фактілер, цифрлар, яғни өңдеудің нәтижесінде белгілі бір мағынаға ие болған ақпарат. Деректер типі – тұрақты, айнымалы мен өрнектер қабылдай алатын мәндер және олармен орындауға болатын амалдардың жиынтығы. Python-дағы деректер типтерінің негізгі операциялары: сандар (integer(бүтін), float(нақты); тізбектер (list, string); сөздіктер (dict); объектілер (функциялар, генераторлар, әдістер); модульдер; файлдар; арнайы және қосымша типтер. | Жаңа тақырыпты меңгеру | | Презентация (4-8 слайдтар) |
Практикум | | Жаңа тақырыпты мұғаліммен бірге практикада қолдану арқылы меңгеру | Бағалау критерийлерін ұсыну | Презентация (9- слайд) |
Бекіту | Тақырыпты меңгергенін анықтау Тапсырма. Деректер типтерін және олар қабылдайтын мәндерді сәйкестендіріңіз. Бекіту сұрақтары №1. Деректер типі дегеніміз не? №2. float() типі қандай мәндерді қабылдайды? №3. Айнымалылардың типін қандай функцияның көмегімен анықтайды? | Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау | Бағалау критерийлерін ұсыну | Презентация (11-13 слайдтар) |
Қорытынды | Сабақты қорытындылау, рефлексия | | | Презентация (14 слайд) |