Файл: Кні 02. 02. 2023 ж. Сынып 6.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Python тілінде программалау

Педагогтың аты-жөні

Сахиева А.

Күні

02.02.2023 ж.

Сынып 6

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Python-да арифметикалық өрнектерді орындау ережелерін біледі

Көптеген оқушылар:

Өрнектің программалау тілінде жазылуын біледі

Кейбір оқушылар:

Өрнектің мәнін табатын программа құрастырады

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Үй тапсырмасын тексеру

«Сұрақ менен жауап сенен» әдісі

1. Дерек дегеніміз не?

2. Деректер типі дегеніміз не?

3. Деректер типі қанша түрі бар және оларды айтып шық

4. float() деректер типі қандай қызмет атқарады?

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

«Басбармақ» әдісі

арқылы

бағалау

Интербелсенді тақта, слайд, кітап, дәптер

Сабақтың ортасы

28 мин


Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Python-да арифметикалық өрнектерді орындау ережелері:

  • Өрнекте жақша болған жағдайда жақша ішіндегі амал бірінші орындалады.

  • Егер өрнекте бірнеше жақша болса, онда амалдарды орындау ішкі жақшадан басталады.

Амалдардың орындалу реті.

Оқулық § 3.4, 86-бет,1-кесте

Кестеден көрініп тұрғандай, дәрежеге шығару амалы мен көбейту бір өрнекте келсе, онда бірінші дәрежеде көтеру амалы орындалады.

Арифметикалық амалдарды орындаудың тағы бір ережесі-өрнектер бір қатарға жазылуы тиіс. Өрнекте кездесетін бөлшек сызығы жақшалар арқылы бір қатарға жазылады.
Инкремент және декремент.

Программаны жазу кезінде ең көп қолданылатын амалдардың бірі- айнымалының мәнін белгілі бір санға арттыру немесе кеміту. Python тілінде мұндай амалдарды орындау үшін (+ =) инкремент (арттыру) және ( - =) декремент (кеміту) операциялары қолданылады.

Амалдарды орындау барысында айнымалыларға басқа айнымалылардың мәнін жүктеуге болады. Python тілінде арифметикалық амалдарды жазу мүмкіндігінше қысқартылған.

Амалдардың программада қысқартылып жазылуы. Оқулық § 3.4, 87-бет,2-кесте

Амалдарды орындаудың қарапайым стандартты функцияларын қарастырайық. Оқулық § 3.4, 88-бет, 3-кесте.

1-практикалық тапсырма.

у мәнін табуға болатын программа құрастыр



Дескриптор:

-у мәнін табуға болатын программа құрастырады.
2-практикалық тапсырма

Өрнектің мәнін табатын программа құрастыр (2-код).




Дескриптор:

-берілген өрнектің мәнін табатын программа құрастырады.
3-тапсырма. Төмендегі математикалық өрнекті программалау тілінде жаз.




Мұғалімді тыңдайды


Арифметикалық өрнектерді орындау ережелерін дәптерге жазады

Анықтамасын дәптерге жазады

Кестемен танысады

1-тапсырманы орындайды

2-тапсырманы орындайды

3-тапсырманы орындайды



«Басбармақ» әдісі

арқылы

бағалау

«Басбармақ» әдісі

арқылы

бағалау
«Басбармақ» әдісі

арқылы

бағалау




Жұмыс дәптері

Кесте

Кесте

Интербелсенді тақта, слайд, кітап, дәптер


Сабақтың соңы

7 мин

1. Кері байланыс: «Телеграмм» әдісі

1. Программалау тілінде арифметикалық амалдарды жазудың қандай ережелері бар?

2. Арифметикалық амалдарды орындауда олардың бір-бірінен қандай артықшылығы бар? 3. Амалдарды жазу ережелерін не үшін сақтауымыз кажет?

4. int () және round () функцияларының қандай айырмашылығы бар?

2.Рефлексия:
барлығын түсіндім


менде сұрақтар қалды

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Өзін-өзі бағалау.

«Басбармақ» әдісі

арқылы

бағалау

Интербелсенді тақта, слайд


Үй тапсырмасы 2 мин

§ 3.4, 89-бет, 2-тапсырма**

Тапсырманы жазып алады




Интербелсенді тақта, слайд,