ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.03.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| «Астана медицина университеті» АҚ | Үлгі № ДК -07.1.7 | |
Шығарылған күні: | |||
В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы | Тексеріс күні: | ||
Тексеріс #: | бет 3 |
ДӘРІСТІК КЕШЕН
Патологиялық физиология бойынша PF– 1 2211
Мамандығы 051301 «Жалпы медицина»
Тақырыбы: Өспелер -1.
Сағат саны: 1 с
Курс - 2
Семестр - 4
Құрастырушы:__________ Тәжібаева Д.С.
Астана, 2012 ж.
| «Астана медицина университеті» АҚ | Үлгі № ДК -07.2.7 | |
Шығарылған күні: | |||
В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы | Тексеріс күні: | ||
Тексеріс #: | 2 бет 3 |
1.Тақырыбы: Өспелер -1
2.Мақсаты: Студенттерді өспелік өсудің этиологиясымен, даму жолдарының, тетіктерімен таныстыру.
3.Дәріс тезистері:
-
Өспе– жасушалық элементтердің пісіп-жетілуінсіз шексіз өсіп-өнуімен сипатталатын біртектес дерттік үрдіс. Ол зақымдалған ағзалардың жалпы құрылымы мен және қызметтерімен байланысты емес, тіндердің реттеуге келмейтін, шексіз өсуімен сипатталады. Өспелік өсу- жергілікті, автономды, реттеуге келмейтін тіндік өсу. Қатерлі өзгерген жасушалар өздерінің қасиеттерін сақтайды да ұрпақтарға береді.
-
Канцерогенез (онкогенез) – реттеуші ықпалдардың бұзылуымен және шексіз өспелік өсуімен байланысты жағдай. Онкогенездің маңызды ықпалдарына жатады: 1) химиялық канцерогендер (шамамен обырдың 80-90 %); 2) физикалық; 3) онкогендік вирустар. Өспелік өсудің жалпы патогенезінде бірнеше сатыларды ажыратады:
1. Инициация – қалыпты жасушаның өспелік жасушаға айналуы (трансформациясы). Инициацияның мәні: жасушалар көбеюін реттейтін бір геннің түрлі канцерогендердің әсерінен мутациясы (онкогендердің белсенуі, яғни протоонкогеннің онкогенге айналуы; ген-супрессорлардың бейтарапталуы, апоптозды реттейтін гендердің зақымдалуы, репарация гендерінің зақымдалуы).
Протоонкогендер – пролиферацияны ынталандыратын гендер. Протоонкогендердің онкогендерге айналу механизмі: протоонкогеннің нүктелік мутациясы, протоонкогендердің транслокациясы, протоонкогеннің амплификациясы – әдетте белсенділігі айқын емес протоонкогендердің санының өсуі, промотордың, яғни жанында орналасқан бөлігінің енуі (қосылуы).
2. Промоция (белсену) өспелік жасушалардың көбеюімен байланысты.
3. Өспелік прогрессия – өспенің өсуі барысында өспенің сапалық өзгерістері малигнизацияға қарай бағытталады, өспелік жасушалардың метастазалануы байқалады. Метастазалану – өспенің бөлек жасушаларының басқа ағзаларға тасымалдануы және онда гистологиялық құрылысы дәл сондай екіншілікті өспелік түйіндердің дамуы. Өспелік жасушалардың метастазалану жолдары: лимфогендік, гематогендік, гематолимфогендік, «қуыстық», имплантациялық.
Метастазаланудың лимфогендік және гематогендік жолдардың сатылары: 1. Инвазия сатысы – қан немесе лимфа тамырларының кемерінен солардың қуысына өспелік жасушалардың өтуі. 2. Жасушалық эмболия сатысы – өспелік жасушалардың тамырлар бойымен тасымалдануы және жасушалық эмболдардың пайда болуы. 3. Өспелік жасушалардың қалыпты тінге енуі сатысы, олардың көбеюі және жаңа өспелік түйіндердің пайда болуы.
| «Астана медицина университеті» АҚ | Үлгі № ДК -07.2.7 | |
Шығарылған күні: | |||
В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы | Тексеріс күні: | ||
Тексеріс #: | 3 бет 3 |
4.Иллюстрациялы материалдар: презентация (Power Point).
5.Әдебиет:
1. Патофизиология . Оқулық //Ә. Нұрмұхамбетұлы.-Алматы, 2007.-326-351 бб.
2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология. Учебник для ВУЗов. Том 1. – М: Гэотар-Медиа, 2002 – С. 586 - 623.
3. Патофизиология //Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. – Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006 - С.358-403.
4. Агапова Л.С., Копнин Б.П. Прогресс в изучении молекулярных основ онкогенеза и новые способы контроля опухолевого роста //Вестник РАМН. - 2007. - № 11. - С. 3-9.
5. Копнин Б.П. Нестабильность генома и онкогенез //Молекулярная биология. - 2007. - Т. 41, № 2. - С. 369-380.
6. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: учебник + СД. - М: Гэотар-Медиа, 2008 – С.238-254.
7. Патофизиология. Основные понятия //Под ред. Ефремова А. В. - М: Гэотар-Медиа, 2008. - С. 77-80.
8. Патофизиология //Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И. –М: Гэотар-Медиа- 2009.- С. 366-400.
6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Өспелереге тән алғашқы, түбегейлі белгіні атаңыз.
2. Онкогендер дегеніміз не?
3. Онкоақуыздар қандай қызметтерді атқарады?
4. Өспенің өсуі барысында өспенің қатерлілігінің күшеюі қалай аталады?