Файл: зынааш ауылындаы орта мектебі кмм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ұзынағаш ауылындағы орта мектебі» КММ

Жылдық есеп

Бастауыш пән бірлестігінің жылдық есебі.

«Алтын күз» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында «Экибана және сурет» байқауы өтті. Байқау жеімпаздары марапатталды.

Тәуелсіздіктің 30жылдығына орай желтоқсан айында Бәйтерек көрмесі өткізілді. Оқушылар өз қолдарымен бәйтерек жасап әкелді. Сарапшылар бәйтеректерді саралап, бағалап оқушыларды марапаттады.

Тақырыбы: «Білім- теңіз шегі жоқ, өнер байлық теңі жоқ».

Апталықтың мақсаты: Оқушылардың пәндерден алған білімдерін өнер, шығармашылықпен ұштастыра отырып, жан-жақты функционалды сауатты тұлға қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:Білімді шығармашылықпен ұштастырады. Қызықты тапсырмалар орындайды. Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады. Алған білімдерімен өмірде қолданады. Апталықтың ерекшелігі аяламалардан тұрды, атап айсам «Ұшқыр ой», «Зерек бала», «Өнерлі бала сүйкімді», «Театр- өмір айнасы»

Бастауыш сынып әдістеме бірлесиігінің онкүндік жоспарына сәйкес «Ұшқыр ой» аялдамасы бөлімінде ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына орай «Алып тұлға» тақырыбында 4-cынып оқушыларымен ақынның өмір баянымен таныстыру және шығармашылығын насихаттау мақсатында интелектуалды сайыс өтті. Сонмен қатар 4-cыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» тақырыбында зияькерлік ойыны өтті.Ойын «Бәйге», «Жорға», «Дода» «Жүйрік»атты төрт кезеңнен болды. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанған 4 «Ә» сынып оқушысы Байжұма Айша марапатталды. І орын 4 «Ә» Шүкірбаев Абдулла, ІІ орын 4 «Б» Біржан Құлшын, ІІІ орын 4 «Б» Жұманәлі Сымбат алды.

«Зерек бала» аялдамасы бөлімінде ғасыр ақыны Жамбал Жабаевқа арналған «Халық қазынасы» тақырыбында мектепалды дайындық, 1- сынып жіне 2- сынып сонымен қатар 3-4 сыныптар арасында Жамбыл оқулары өтті.

«Театр – өмір айнасы» аялдамасы бөлімінде мепткпалды дайындық және 1-сынып оқушылары «Ертегі еліне саяхат» тақырыбында сахналық қойылым қойды. Оқушылар «Шалқан», «Бауырсақ» және «Мақта қыз бен мысық» ертегілерін сахналады. Әр оқушы рөлін жақсы сомдап шықты. Ертеңгіліктің соңында белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

«Зерек бала» аялдама бөлімінде 4 «А» сынып оқушылармен «КІТАП ЖӘНЕ ҚАЛАМГЕР» тақырыбында автормен кездесу кеші өтті. Кездесуге Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. «Сары гүл», «Жүректегі ағыстар», «Көңіл көктемі» атты жыр кітаптарының авторы ақын, аудармашы Саят Қамшыгеры келді.Кездесу өте қызықты, тартымды өтті.


«Ұшқыр ой» аялдамасы бөлімінде ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында 2-сынып оқушылармен ақынның өмірбаянымен таныстыру және шығармашылығын насихаттау мақсатында ашық тәрбие сағаты өтті. Сайысқа параллель сыныптр бойынша 4 оқушыдан қатысты. Оқушылар өлеңдерін жатқа айтып, мысалдарына сахналық қойылым көрсетті.

«Өнерлі бала -сүйкімді»аялдамсы бөлімінде 1- наурыз Алғы айту күніне орай ұйымдастырылған «Екі жұлдық» ән кешінде бастауыш сынып ұстаздары оқушыларымен, ата-аналары өз өнерлерін көсетті.Кешке қатысқан барлық өнер иелері алғыс хаттарымен марапатталды.

Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 3-сыныптар арасында «Үш бақытым» атты еске алу әдеби кеші өтті. Іс шара барысында оқушылар ақынның өз дауысында оқыған өлеңдерін тыңдапды. Кеш соңында белсене қатысқан оқушларға «Алғыс хат» берілді..

Математика пәнінен дарыны бар оқушыларды анықтап, қолда көрсету, математикалық сауаттылықтарын анықтау мақсатында мектепішілік «Бастау» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 3-4 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды іріктеу және қорытынды. Олмпиада тапсырмалары оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды. Әр сыныптан, математикаға құштар, дарындылығы жоғары 3 оқушыдан қатысып, өз білімдірін сынады.

Бірінші кезеңде жалпы математика бағдарламасындағы, оқушылардың сабақ барысында өткен күрделі оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмамен жұмыс жасады. Бірінші тапсырма барсы тест сұрақтары ретінде берілді.Бұл кезеінен 4- сыныптар арасынан 7 оқушы, 3- сыныптар арасынан 8 оқушы іріктеліп кезеңге өттң. Екінші кезеңде 5 логикалық тапсырма берілді.

Бастауыш сыныптар арасында «Эстафеталық сабақтар» жобасы бойынша мұғалімдер 3 ашық сабақтан өтті.

Хажығали Дәметкен 1«В» сыныбында әліппе, ана тілі, математика пәндерінен ашық сабақтар өтті. Ой қозғау мақсатында оқушыларға «И» дыбысынан басталатын сурет тер беру арқылы өткен білімдерін еске түсіріп, «Жасырынған бейне» ойыны арқылы сабақ тақырыбын ашты. Сабақ барысында оқушылар жұптық, топтық және жеке тапсырмалар орындады. Сюжетті суретпен жұмыс жасау арқылы іс- әрекетті зерттеу сұрғына арналған тапсырмаларды да қамтыды.Ана тілі пәнінен «Балақайлар әні». Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар тақырыбында сабақ өтті. «Кестемен сурет», «Ойлан, жұптас, бөліс» әдістерін сабақ барсында қолданды. Математика пәнінен «Кері есептер» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ барысында мақсатқа бағытталған тапсымалар берілді.


Ордабева Сандуғаш 1 «Ә» сыныбында әліппе, ана тілі, жаратылыстану пәндерінен эстафеталық ашық сабақтар өтті. Сабақ барысында оқушылар жұптық, топтық және жеке тапсырмалар орындады. «Суреттер сөйлейді», «Мезгілдер жұмбағы», «Ойлан, жұптас, бөліс» әдістері арқылы жұмыс жүргізді.

Жамалова Іңкәр апай математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен үлгілі сабақтар көрсетіп,біраз тәжірибесмен бөлісті.

Аккалиева Гульназ қазақ тілі, математика пәндерінен эстафеталық ашық сабақтар өтті. Қазақ тілі пәнінде ой қозғау мақсатында «құпия ұяшықтар» сұрақ-жауап арқылы сбақтың тақырыбан ашты. «Саяхат» әдісі арқылы оқушылардың сабақты қаншалықта түсінгендіктерін байқады. Математика пәнінде PLIKERS бағдарламасы арқылы кері байланыс алынды.

Омирсерик Индира қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен эстафеталық ашық сабақ өтті. Сабақ барысында мақсатқа бағытталған тапсырмалар берілді. Оқушылар сбаққа белсенді қатысып, тапсырмаларды жылдам, әрі дұрыс орындағандарын байқадық.

Алпысбаева Жадыра Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушыларға түрлі тапсырмалар берілді.Оқушылар жұптық, топтық және жеке тапсырмалар орындады. Оқушылар сұрақтар құрастырып, өлең құрастырып айтып берді.

Райсова Динара Қазақ тілі пәнінен эстафеталық ашық сабақ өтті. Оқушылар тірек сөздерден мақала жазып тапсырмаларын жақсы орындап шықты. Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды.

Сонымен қатар айына бір рет бастауыш сынып оқушыларынан диктан және оқу жылдамдықтарын тексреу жұмыстары жүріп отырды. Нәтижесінде қолдауды қажет ететін оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізілді.

Оқушылардың дәптерлері тесеріліп отырды. Оқушылардың талапқа сай жазуы, мұғалімнің жазған комментариялары қаралып, әр мұғалімне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жыл соңында бастауыш сыныптарының оқу сапасын айтып өтетін болсам,

2 Ә









3 Ә









4 Ә









58%

70%

65%

62%

65%

67%

66%




64%

58%




62%

62%




64%