Файл: ыса мерзімді саба жоспары Сабаты таырыбы Бала ытарыны оралуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 34

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы Бала құқықтарының қорғалуы

Бөлім:

Адам құқығы мен бостандығы.
Синтаксис


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

Тулеулиева Аида Бейскуловна

Күні

22.12.2022ж

Сынып 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бала құқықтарының қорғалуы


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау

9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру.

Сабақ мақсаты

Қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдап, орта көлемді монолог дайындайды;

салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі, түрлендіреді.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 - мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды психологиялық ахуал.

Оқушылар тұрған орындарында шынжыр бойымен санайды, құрамында 3 саны бар сандарға келгенде оқушылар бала құқығын сақтау туралы, қалай қорғауға болатындығына қатысты сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер айтады.

Оқушылар ой тұжырымдайды, өз пікірлерін білдіреді.

Оқу мақсатын таныстыру.

Оқушылар оқу мақсатын талқылайды. Талқылау үшін сұрақтар:

  1. Оқу мақсаты түсінікті ме?

  2. Оқу мақсатына жету үшін қандай қадамдар жасаймыз.

Оқушыларда оқу мақсаты туралы түсінік қалыптасқаннан кейін топқа бөлу әрекеті жүзеге асады.

Оқушылар тұрған орындарында шынжыр бойымен санайды, құрамында 3 саны бар сандарға келгенде оқушылар бала құқығын сақтау туралы, қалай қорғауға болатындығына қатысты сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер айтады.


9-сынып «Қазақ тілі» оқулығы


Сабақтың ортасы

30 мин





ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ

«Кроссенс» әдісі. Топтық жұмыс.


ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. Жұптық жұмыс.

4-тапсырма. Аудиожазбадан (10. mp3) «Балаларды қорғау күні» мәтінін тыңдап, қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдап, орта көлемді монолог дайындаңдар.

  1. Мәтінді тыңдап, тақырыпқа қатысты тиісті сөздер мен фразаларды теріп жазыңыз.

2. «Балалар құқығы» деген тақырыпта монолог құрастырып айтыңыз. Монолог құрастыру барысында таңдап алған тиісті сөздер мен фразаларды қолданыңыз.

3. Анықталған түйінді ойларыңды «Еркін микрофон» әдісімен баяндаңдар.

.

Жеке жұмыс. ӘТН. Салалас құрмалас сөйлем. 5-тапсырма

Тыңдалым мәтінін негізге алып, тақырып бойынша қарсылықты салалас құрмаластың жалғаулықты және жалғаулықсыз түрлеріне сөйлем құрастырыңдар, жасалу жолдары мен тыныс белгілеріне түсінік беріңдер.

Жалғаулықты

Жалғаулықсыз











ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН

3-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыппен байланыстыра талдаңдар.

«Бала Қасымның тағдыры» әңгіме


Оқушылар ойтүрткі сұрақтарға жауап береді.


Тапсырма орындайды.

Тыңдалым мәтінін негізге алып, тақырып бойынша қарсылықты салалас құрмаластың жалғаулықты және жалғаулықсыз түрлеріне сөйлем құрастырыңдар, жасалу жолдары мен тыныс белгілеріне түсінік береді

Мәтінді оқып, тақырыппен байланыстыра талдайды



Дұрыс тұжырым жасайды-1б

Топта белсенділігі үшін-1б


Мәтінді мұқият тыңдап, оның мазмұнын түсінеді-1б

Сөздер мен фразаларды теріп жазады-1б

Жағдаятқа сай монолог құрастырады-1б

Тиісті сөздер мен фразаларды қолданады-1б

Тақырып бойынша жалғаулықты қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жазады-1б

жалғаулықсыз түрлеріне сөйлем құрастырады-1б

жасалу жолдары мен тыныс белгілеріне түсінік береді-1б
Мәтінді оқып, тақырыппен байланыстыра талдайды -2б




(09. mp3)


Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Кері байланыс:

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша сабақтың қызықты болған екі тұсы, алдағы уақытта «орындасақ» деген бір әрекет түріне ұсыныс білдіреді.
Үйге тапсырма: 8-тапсырма