Файл: Малімні атыжні Каржаубаева Н. И сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мұғалімнің аты-жөні:

Каржаубаева Н.И

Сынып:

5 а ә б е и қ л

Тарау немесе бөлім атауы:

4-бөлім. Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер.

Сабақтың тақырыбы:

Табиғаттағы зат айналымы.

Оқу мақсаты:

5.4.1.1 Өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер).

Сабақ мақсаты:

Барлығы: өлі табиғатта болатын үдерістерді атау ;

Көпшілігі: өлі табиғатта болатын үдерістерді сипаттау;

Кейбіреулері: өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістерге) мысал келтіру;

Сабақтың мазмұны

Оқушының іс әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатысын тексеру.

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Табиғаттағы зат айналымы».

«Миға шабуыл»

Проблемалық жағдаят туғызу:

  1. Топырақ пен шөпті салыстыр? Нені байқадың?

  2. Өсімдіктің тірі ағза екенін қалай білуге болады?

Сабақтың тақырыбы және оқу мақсатымен танысады

5.4.1.1 Өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер).
Сұрақтарға жауап береді.

Слайд 1

Сабақтың ортасы

Табиғаттағы зат айналымы – өте күрделі құбылыс. Тірі ағзалар мен қоршаған орта арасында энергияның айналымы қалыптасқан, энергия бір түрден екінші түрге өтіп, пішінін ауыстырады, сөйтіп, бастапқы қалпына келеді. Табиғатта негізгі зат айналымына: су айналымы, геологиялық (үлкен) және биологиялық (кіші) айналым жатады.

Геологиялық зат айналымы тау жыныстарының түзілуімен, үгілуімен және бұзылған өнімдердің – сынықтардың басқа жерге ауысуымен байланысты.

Биологиялық айналым – заттар топырақтан түскенде топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарлардың қорегіне өтеді. Жануарлардың қалдықтары топыраққа сіңеді, оның қалдықтарын бактериялар шірітіп ыдыратады, ыдыраған заттардан әртүрлі минералды тұздар пайда болады, ол заттар өсімдіктердің тамырларына су арқылы қайта сіңеді.

Табиғаттағы су айналымы – су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен булнад. Су буы ауа ағынымен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады, атмосфералық жауын-шашын түрінде құрлыққа түседі және мұхитқа қайта оралады.

Түзушілер немесе өндірушілер (продуценттер) – жер бетіндегі барлық жасыл өсімдіктер яғни авторофтылар бейорганикалқ заттардан органикалық зат құрушылар. Олар өздеріне қажет органикалық заттард Күн энергиясын пайдаланып бейорганикалық заттардан өндіре алатын жасыл өсімдіктер. Мысалы оған жасыл өсімдіктер мен балдырлар.

Пайдаланушылар немесе тұтынушылар (консументтер) – гетеротрофты организмдер, яғни дайын органикалық затпен қоректенетіндер. Бұларға жануарлар, саңырауқұлақтар,, микроағзалардың көбі және паразит өсімдіктер жатады. Консументтер өз кезегінде қоректік тізбектер жүйесін құрайды. 1 – топқа бірінші реттік консументтер (қоян, қой, ешкі) жатады, бұларға шөпқоректілер жатады. Екінші реттік консументтерге жануарлармен қоректенетін яғни етқоректілер немесе жыртқыштар жатады.

Қалпына келтірушілер немесе ыдыратушылар (редуценттер) – өлі органикалық заттарды ыдыратып (өлекселермен қоректенетіндер) оларды органикалық емес заттарға айналдыратын гетеротрофты ағзалар. Мысалы, бактериялар, аңырауқұлақтар кейбір балдырлар, шұблшаң, өзен шаяны т.б.

Мәтінді оқиды.

Табиғаттағы зат айналымы –

Геологиялық зат айналымы

Биологиялық айналымын жазады.

Презентация
4 слайд

5 слайд

Саралау тапсырмасы

1- тапсырма. Суреттен үлкен және кіші айналымды табыңыздар?

2- тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Мәтін ішінен өлі табиғатта болатын үдерістерді анықтаңыз:

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.Сондықтан орман тоғайларды  сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» – деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.

3- тапсырма. Сәйкестендіру.

Кіші немесе биологиялық айналым: өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер және топырақ арасындағы зат айналым

Күн энергиясы мен ауырлық күшінің әсерінен атмосфера, гидросфера және литосферада судың үздіксіз айналым бойымен қозғалуы.

Оқушылардың әрекеттерін бақылау

Суреттен үлкен және кіші айналымды табады.

1. Өлі табиғатта болатын үдерістерді айтады.

2. Су айналымның сызбасынан үлкен су айналымын табады.

3. Су айналымның сызбасынан кіші су айналымын табады.
өлі табиғатта болатын

 үдерістерге:

жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы

Сурет бойынша сәйкестендіреді

Дескриптор:

1. Өлі табиғатта болатын үдерістерді атай алады.

2. Су айналымның сызбасынан үлкен су айналымын табады.

3. Су айналымның сызбасынан кіші су айналымын табады.
Дескриптор:

Өлі табиғатта

 болатын

 үдерістерді жазады.

6 слайд Күн энергиясы мен ауырлық күшінің әсерінен атмосфера, гидросфера және литосферада судың үздіксіз айналым бойымен қозғалуы.

Сабақтың соңы

Рефлексия.

Үйге тапсырма:

Табиғаттағы зат айналымын оқу.

«Жақсы сұрақ негіздері» әдісі арқылы сабақты түсінуі туралы ой толғау жазу.

Сабақтың тақырыбы:

Табиғаттағы зат айналымы.

Оқу мақсаты:

5.4.1.1 Өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер).

Табиғаттағы зат айналымы – өте күрделі құбылыс. Тірі ағзалар мен қоршаған орта арасында энергияның айналымы қалыптасқан, энергия бір түрден екінші түрге өтіп, пішінін ауыстырады, сөйтіп, бастапқы қалпына келеді. Табиғатта негізгі зат айналымына: су айналымы, геологиялық (үлкен) және биологиялық (кіші) айналым жатады.

Геологиялық зат айналымы тау жыныстарының түзілуімен, үгілуімен және бұзылған өнімдердің – сынықтардың басқа жерге ауысуымен байланысты.

Биологиялық айналым – заттар топырақтан түскенде топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарлардың қорегіне өтеді. Жануарлардың қалдықтары топыраққа сіңеді, оның қалдықтарын бактериялар шірітіп ыдыратады, ыдыраған заттардан әртүрлі минералды тұздар пайда болады, ол заттар өсімдіктердің тамырларына су арқылы қайта сіңеді.

Табиғаттағы су айналымы – су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен булнад. Су буы ауа ағынымен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады, атмосфералық жауын-шашын түрінде құрлыққа түседі және мұхитқа қайта оралады.

Түзушілер немесе өндірушілер (продуценттер) – жер бетіндегі барлық жасыл өсімдіктер яғни авторофтылар бейорганикалқ заттардан органикалық зат құрушылар. Олар өздеріне қажет органикалық заттард Күн энергиясын пайдаланып бейорганикалық заттардан өндіре алатын жасыл өсімдіктер. Мысалы оған жасыл өсімдіктер мен балдырлар.

Пайдаланушылар немесе тұтынушылар (консументтер) – гетеротрофты организмдер, яғни дайын органикалық затпен қоректенетіндер. Бұларға жануарлар, саңырауқұлақтар,, микроағзалардың көбі және паразит өсімдіктер жатады. Консументтер өз кезегінде қоректік тізбектер жүйесін құрайды. 1 – топқа бірінші реттік консументтер (қоян, қой, ешкі) жатады, бұларға шөпқоректілер жатады. Екінші реттік консументтерге жануарлармен қоректенетін яғни етқоректілер немесе жыртқыштар жатады.

Қалпына келтірушілер немесе ыдыратушылар (редуценттер) – өлі органикалық заттарды ыдыратып (өлекселермен қоректенетіндер) оларды органикалық емес заттарға айналдыратын гетеротрофты ағзалар. Мысалы, бактериялар, аңырауқұлақтар кейбір балдырлар, шұблшаң, өзен шаяны т.б.

Сәйкестендіру.

1 сурет

Кіші немесе биологиялық айналым: өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер және топырақ арасындағы зат айналым

2 сурет