Файл: Азастанда репродуктивті денсаулы алай ОРалады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАНДА РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ?

1960 жылдары пайда болған Репродуктивтік құқықтардың жүзеге асуы үшін күресетін дүниежүзілік қозғалыс өз тәнін өзі билеу, өз болашағын өзі жасау мүмкіндігі арқылы қашан балалы болуды өзі шешу мүмкіншілігін беріп, миллиондаған әйелдердің өмірін өзгертті. Бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымының репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша мамандандырылған мекемесі ЮНФПА құрылған соңғы 50 жылдағы жетістіктерге қарамастан ЮНФПА жарияланған «2019 жылғы әлемдегі халық қоныстануы» баяндамасында көрсетілгендей барлық адамдардың таңдау құқығы және таңдау мүмкіндігін мәлімдеуге жету үшін әлем халқымен әлі де бірқатар нәрселер жасалуы қажет.
1994 жылы Каирде өткен Халықтың қоныстануы және дамуы бойынша халықаралық конференцияда Қазақстанды қоса есептегенде 179 мемлекет барлық әйелдер мен қыз балалардың репродуктивті денсаулығын қорғауға, білім алуға қатысты құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты және олардың мүмкіндіктерін кеңейту тұрақты даму кілті болып табылатыны жөніндегі келісімге келген. Баяндамада айтылғандай әйелдер мен қыз балалар осы құқықтарын пайдалана алатын болса, олар өздері үшін пайдалы болатын шешімдерді жиірек қабылдай алады және жалпы әлеуметтік, экномикалық, тіпті экологиялық тұрақтылықты да сақтайды.

Алайда КХҚД өткеннен бергі 25 жыл бойы жүктіліктің алдын алуды немесе кейінге қалдыруды қалайтын 200 миллионнан астам әйел заманға лайық контрацепция әдістеріне және оларды ұсыну қызметтеріне, оған қоса осыған байланысты репродуктивті таңдауға қол жеткізе алмауда. Нәтижесінде олар өз тәніне қатысты  босану немесе жүктілікті жоспарлау сияқты шешімдерді қабылдай алмайды.

Баяндама репродуктивті денсаулық саласындағы соңғы 50 жыл ішіндегі жетістіктерді бақылайды. Жүктілікке байланысты себептермен әйелдің өлу жағдайлары 1994 жылғы 100 000 тірі туылу жағдайына 369 адамнан 2015 жылы 216 адамға дейін азайған. Сонымен қатар 1969 жылы заманға лайық контрацептивтерді 24 пайыз әйел қолданса, 1994 жылы әйелдердің 52 пайызы  , 2019 жылы 58 пайызы қолдануда.

«Осы саладағы өз жетістіктері үшін Қазақстан  КХҚД  қараған мәселелер болашақта мыңдаған өмірді өзгертуі мүмкін екенін өз өмірімен және әрекеттерімен дәлелдеген өзгерістер чемпиондарына - шынайы өмірден алынған адамдарға  қарыздар»,– деді ЮНФПА Қазақстандағы Атқарушы өкілі Раймбек Сисемалиев.

Соңғы 25 жылда атқарылған іс-шаралар нәтижесінде Қазақстандағы туу көрсеткіштері 19.6 пайызға өскені, бала өлімі көрсеткіші 3,4 есе азайып, ана өлімінің көрсеткіштері 5 есе азайғаны байқалады.


«Бала  туылуы көрсеткіштерінің жақсы жағына қарай өсіп, бала өлімі көрсеткіштерінің азаюына халықаралық ұсынымдарға сәйкес акушерлік пен педиатрияда заманға лайық технологияларды ендіру, халықты отбасыны жоспарлау туралы ақпаратпен қамту, профилактикалық тексерістермен қамту  нәтижесінде қол жеткізілді», – деді  ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары Зауре Ахметова.

Екатерина Суворова – Қазақстандағы санаулы әйел кинорежиссерлердің бірі.

 Оның жақын арадағы жобаларының бірі – ЮНФПА үшін дайындалған видео – Қазақстандағы ауқымды аудиториялардың жүрегін жаулауда.

«Репродуктивті денсаулық пен әйел құқықтарының көбеюі өзара байланысты. Біз оның біреуі жайлы сөз қозғап отырып, екіншісін аттап кете алмаймыз. Құқықтардың теңдігі қай жерден басталады? Оның бастауы балалықта: қыз баланың күшіне ұл балаға сенгендей сенсек, болашақ адамдары үшін тең құқықты әлем жасай аламыз» - деді Екатерина Суворова.

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мақсатында оларға мектепте адами-жыныстық білім беруді ендіру,  репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша сапалы қызметтерді қолжетімді ету, жастарға сексуалды және репродуктивті саулықты сақтау мәселелерін үйретуге бағытталған іс-шараларды ендіру арқылы ұғынықты және дұрыс ақпарат жеткізудің маңызы зор.

Айта кетейік, ЮНФПА -  Біріккен Ұлттар Ұйымының халық қоныстануы саласындағы  Қоры, БҰҰ әйелдер мен жастардың сексуальді және репродуктивті денсаулығын сақтау және дені сау балалы болу мүмкіндіктерін көбейтуге бағытталған жетекші агенттік. ЮНФПА кедейлікті жоюға бағытталған саясат пен бағдарламаларды жасау кезінде халық қоныстануы бойынша мәліметтерді пайдалануға, сонымен қатар әрбір жүктіліктің қалаулы болуын, әрбір босану қауіпсіз болуын және барлық жастар өз потенциалдарын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болуын қамтамасыз ету мақсатында  жәрдемдеседі

Адамның репродуктивтік денсаулығы

Денсаулыктың ең маңызды құрамдас бөлігінің бірі- репродуктивтік денсаулық (reprodutcio -қайта өндіру, көбею). Қазақстан Республикасының Конституциясында: "Неке және отбасы, ата-ана және бала мемлекет қорғауында",-деп көрсетілген.

ДДСҰ анықтамасы бойынша   репродуктивтік денсаулық-бұл тек ауру жағдайының жоқтығы емес немесе жыныс жүйесінің, оның қызметі мен процестерінің бұзылуында ғана емес, толық дені сау, яғни денесі шыныққан, ойлау қабілеті дамыған, әлеуметтік дұрыс жағдайда өзіне ұқсас ұрпақ жалғастыра алу процесі.


Репродуктивтік денсаулық тіршілік жағдайына, тамақтануға, экологияға, генетикалық тұқым қуалаушылыққа, сонымен қатар репродуктивтік денсаулық жұмысы мен оны қорғау қызметіне де байланысты болады.

Репродуктивтік денсаулықты қорғау қызметіне мыналар жатады: әйелдерге кеңес беру орталықтары, босану орындары, отбасын жоспарлау орталықтары, ауылдық жерлердегі емханалар, фельдшерлік пунктер және т.б.

Репродуктивтік денсаулық орталық қызметтеріне ғылыми-әдістемелік көмекті ана мен бала денсаулығын қорғаудың Республикалық Орталығы, медициналық университеттердің акушерлік және гинекологиялық кафедралары көрсетеді.

репродуктивтік денсаулық қызметтері:

  • босанудың қалыпты өтуі мен босанудан кейінгі емізу кезеңінің дұрыс өтуін қамтамасыз ету;

  • жыныс мүшелері ауруларының алдын алу мен емдеу;

1994 жылдағы Халық саны бойынша өткен Халықаралық Каир конференциясында  адамның мынадай құқықтары белгіленген:

  • жыныстардың тең құқығылығы;

  • неке мен жанұя құру мүмкіндігінің болуы:

  • жеке және жанұялық өмір сүруге құқығының болуы:

  • жанұядағы бала санының қанша болу қажеттілігінің өзі шешу мүмкіндігі:

  • білім алу және медициналық ақпаратты білу құқығы.

репродуктивтік денсаулық орталықтарының  мақсаты отбасын құруды жоспарлау мен  жүктілік кезіндегі қауіп-қатерді болдырмау:

  • жасөспірімдік жүктілікті болдырмау:

  • 35 жастан кейінгі жүктілікті болдырмау:

  • күтпеген жүктілік (қауіпті жасанды тусіктер). Бұлардың барлығы ана өлімі мен мүгедек қысқартады, бала өлімін азайтады.

Ер адамдардың жыныс мүшелеріне: аталық без, қуық асты безінен шәует қуықшасы, ал әйел адамның- жатыр, жатыр түтіктері және аналық бездері жатады. Ер адамдардың сыртқы жыныс мүшелеріне- аталық жыныстық мүшелер мен ұмадан, ал әйел адамдарда- үлкен және кіші жыныс еріндерінен, қынаптан тұрады.

Өсіп дами бастаған сайын жасөспірімдерде жыныстық белгілер байқала бастайды. Бұл ішкі секреция бездерінің активті қызмет етуіне байланысты болады.Бұл кезеңде барлық ағзада үлкен өзгеру жүреді. Ұлдарда сақал-мұрт өсіп, қолтық пен шапқа да түк шығады. Көмей аймағында шеміршекті өсінді томпая бастайды, дауыс тембрі өзгереді. Қыздарда бөксе және жамбас жалпайады, кеуде бездері өседі, жамбас сүйектері кеңейеді, қолтық және шапта жүн өседі.


Жыныстық жетілу.

Жыныстық жетілу эндокриндік және жүйке жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Бұл кезең өтпелі немесе пубербатты кезең деп аталады. Қыздардың жыныстық жетілуі, 9-10 жаста, ал ұлдарда 12-14 жаста басталады. Жыныстық жағынан қыздар 16 жаста жетіледі, ал ұлдар 18 жаста жетіледі. Жыныстық қызметтің тоқтауы әйелдерде 40-50-де, ал ерлерде 65-70 жасында байқалады.

Жыныстық жетілу мерзімдері әр адамда әр түрлі болып келеді.  Бұлар көптеген факторларға  тұқым құалаушылық, тұрмыстық, әлеуметтік-экологиялық және сонымен қатар денсаулығына  тамақтануына, климат жағдайына да т.б. жағдайларға байланысты болады. Әр түрлі қолайсыз факторлар әсерінен жыныстық дамудың кешеуілдеуі немесе дамуда әр түрлі өзгерістері болуы мүмкін.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қыздар мен ұлдардың жыныстық дамуы Ресей Федерациясының солтүстік аударына қарағанда ертерек болады.

Биологиялық жыныс адамды еркек не әйел етпейді. Биологиялық сипаттар жыныстық даму кезінде іске асатын жыныстық психологиялық сипаттап мен толықтырылуы тиіс. Жыныстық инстинктің қалыптасуы біртіндеп жүзеге асырылады, бұл жыныстық даму кезінде өте күшті байқалады.

Репродуктивтік денсаулыққа әсер ететін факторлар.

Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар болып зиянды әдеттер (шылым, ішімдік, есірткі заттары), жыныстық қатынасқа ерте жастан бару, жыныстық жолмен таралатын аурулар және кіші жамбас аймағындағы жұқпалы аурулар репродуктивті денсаулыққа зиянды әсер етеді.

Темекі шегу әйелдер мен ерлердің репродуктивті жүйесіне өте зиянды әсер етеді. Никотиннің жыныс  мүшелерінің қызметін, жыныс жасушаларының  бұзатындығы дәлелденген.

Егер жүкті әйел темекі шексе , у плацента арқылы оны улайды. Ұрықтың бауыры әлі қалыптасып болмағандықтан түскен уларды залалсыздандыра алмайды. Сөйтіп, ол ағзада жинала береді. Темекі шегу қандағы гемоглобиннің мөлшерін төмендетеді, сондықтан ұрық оттегі жетіспеушілігіне шалдығады. Мұндай жағдайда алдымен ұрықтың жүйке жүйесі зақымданады., соның салдарынан нәрестенің дамуы жетіледі.


Ішімдік жыныстық жетілуге зиянды әсер ететіні анықталады. Ішімдікті көп ішу ер адамдарда тіпті жас кезінің өзінде жыныстық жүйе қызметін төмендетеді, кейде жоғалады. Ерлер бедеулігі себептерінің негізгісі-  ішімдікті көп пайдалану. Ер адамдардың жыныстық жасушалары ішімдіктің әсеріне өте сезімтал, ішімдік әсерінен сперматозоидтардың көп мөлшерінің өлуі, ұрықтану мүмкіндігін төмендетеді. Әйел адамдардың  ағзасына ішімдіктің зиянды әсері одан да үлкен. Оларда аналық бездер мен жыныс бездерінің қызметі бұзылады.

Адамзат тұқым қуалаушылық туралы ғылым - генетиканың пайда болуынан көп пайдаланатын адамдар ұрпақтарының мүгедек болып туылатынына назар аударған. Міне, сондықтан да түрлі елдердің ежелгі заңдарды мен салттары неке құру кезінде ішімдік ішуге тыйым салған. Кемтар балалардың туылуы, түсіктер мне өлі туылатын нәрестелердің көп жағдайда халықтың мерекелер  кезінде болғандығы анықталған.

Мас кезінде ұрықтанудың ауыр себептері ішімдікті ата-ананың тек біреуінің пайдалануы кезінде де болады. Ішімдік жатыр арқылы ұрыққа оңай енеді де, қантамырларына түседі және дамып келе жатқан ұрықты уландырады, ол түсікке немесе мерзімнен бұрын туылуға әкеп соқтырады, нәресте салмағының төмен болуына, баланың одан кейінгі дамуының тежелуіне алып келеді. Жастар ерте жыныстық қатынас салдары үшін жауапкершіліктің екеуіне де қатысты екенін ұмытпаған дұрыс.

Жыныстық қатынасты ерте бастау жасөспірімдер үшін аса қауіпті.

Ерте жыныстық қатынасқа байланысты туындайтын қауіптер:

  • жасөспірімдік  жүктілік;

  • денсаулықтың бұзылуы;

  • жыныс мүшелерінің аурулары;

  • бала денсаулығына қауіп төнуі;

  • Жыныстық жолмен жұғатын аурулар (ЖЖҚТ), соның ішінде АИВ/ЖИТБ.

Жастарда қорға антиденелердің салыстырмалы түрде тапшы болуынан, яғни қорғаныштық механизмнің толық түзелмегендігініен, олар жыныстық жолмен жұғатын инфекцияға өте сезімтал болып келеді.

Ұлттық заңдарда, Халықаралық құқытық құжаттарда және басқа да келісімдерде репродуктивтік құқық адам құқығының бір бөлігі болып табылады. Бұл құқықтар барлық жұбайлар мен жеке адамдарға еркін және  жауапты түрде бала санын анықтауға негізделген. (ББҰ, Ұлттар сан бойынша Халықаралық конференция 1994ж.)