ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.04.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазіргі таңда оны арнайы салондар мен гүл сататын дүкендерден алуға болады. Бірақ әдемі гүлдердің бағасы баршаға қол жетімді бола бермейді. Ал сол гүлдерді үй жағдайында-ақ арзанға өсіруге болады ғой! Әрине, ол үшін бөлме өсімдіктеріне күтім жасай білу керек, ал бұл жағдайда интернеттен түрлі ақпарат алудың мәні зор.
Өсірілген өсімдіктерді жекелеген клиенттерге, өз кеңсесін арзан бағаға жұпар иісті тірі гүлдермен толтырғысы келетін түрлі компания басшыларына сатуға болады. Өзіңіз тұратын қаланың жағдайына байланысты аталған бағыттардың бірін таңдап немесе екі бағытта да жұмыс істей аласыз.
Технология. Егер сіз бөлме өсімдіктерін өсірумен ешқашан айналыспасаңыз, тәжірибені кактус өсіруден бастаған жөн. Олардың басқа гүлдерге қарағанда бірқатар басымдықтары бар:
- Күтімді көп қажет етпейді. Бұл ерекшелікті өзіңіз қалай бағаласаңыз, потенциалды сатып алушы да солай бағалайды. Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау үшін көп адамның мүмкіндігі бола бермейді. Ал кактус күтімді аз қажет ететін өсімдік.
- Өте аз орын алады. Басқа өсімдік түрлеріне қарағанда кактустар көлемді ыдысты қажет етпейді. Орташа кактус диаметрі 20 см-лік ыдысқа оңай орнығады, ал кішігірім түрлерін одан да аз көлемдісінде өсіруге болады.
- Үй мен кеңселердің түрлі интерьерлеріне оңай сәйкес келеді.
Кактустар электромагнитті толқындарды (оған компьютерді жатқызуға болады) сіңіру қасиетіне ие. Дәрігерлер компьютермен жұмыс жасағаннан бастары ауыратын адамдарға компьютердің қасына кактус қоюды кеңес етеді. Жағымсыз жағдайларда кактустар өздерін жайлы сезінеді және бұл олардың жақсы өсуіне септігін тигізеді.
Егер сіздің бөлме өсімдіктерін өсіру бойынша тәжірибеңіз болмаса, алғашқы уақытта жаңадан отырғызылған өсімдіктерді сатып алып, оларға тек күтім жасап көруіңізге болады. Ал кейін тұқым алып, өсімдіктерді өсіруге көшесіз.
Өткізу нарығы. Сізге тұрғылықты жеріңіздегі түрлі салондарға, дүкендерге, банктерге, компанияларға, т.б. өз қызметіңізді ұсынуға болады. Дұрыс жұмыс жасаған жағдайда сіздің тауарларыңызға деген сұраныс арта түседі. Ауылда немесе кішігірім қалада тұрсаңыз, онда да өз үйін бөлме гүлдерімен безендіргісі келетін адамдар міндетті түрде табылады.
Болжамды есептеулер.
Кактусты алатын болсақ, кішкентай кактустың бағасы шамамен 400-500 теңгені құрайды, ал үлкен кактус өзінің түрі мен ыдыс диаметріне байланысты 4 000-5 000 теңгеге дейін барады.