ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.04.2024
Просмотров: 4
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
7 «А» сыныптың мінездемесі
Сыныпта 8 бала бар. Оның ішінде бесеуі ұл бала, үшеуі қыз бала.
Сыныпқа екі тәрбиеленуші Рахымбек Диана және Аскербекова Айдина басқа мектептен келді. Балалар үйінен келіп оқитын тәрбиеленуші жоқ. Тәрбиеленушілердің тұрмыстық жағдайлары орташа. Райымбек Диана, Тиышбеков Бақдаулет, Рахметолла Нұрмұхамед, Қанатұлы Бексұлтан көпбалалы отбасында, Жумашева Аружан қамқоршы отбасында, Батырбеков Максат, Аскербекова Айдина толық отбасында, Санмуратов Алтынбек толық емес отбасында тәрбиеленуде. Ата-аналар бала тәрбиесіне көңіл бөліп, өз көмектерін көрсетіп отырады.Балалардың тәртіптері, өзін-өзі ұстаулары әр түрлі. Сынып оқушылары мектеп-интернаттың ережелерін жақсы біледі. Күн тәртібін бұлжытпай дұрыс орындауға тырысады. Сыныпта балалар бір-бірімен достық қарым-қатынаста.
Балалар көбінесе таза жүреді. Киім-кешектеріне, оқу-құралдарына ұқыпты қарайды.
Балалармен тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Сынып сағатында өз ойларын толық жеткізе алады. Балалар әр түрлі үйірмелерге қатысады. Тәрбиеленушілердің мектепшілік іс-шараларға, шығармашылық жұмыстарға атсалысып қатысады. Барлығы еңбекті сүйеді. Сынып кезекшілік міндеттерін жауапкершілікпен атқарады. Бөлме тазалығын қатаң орындап жүреді. Үй тапсырмасын орындау барысында тәрбиеленушілердің өз беттерімен орындауға мүмкіншіліктері бар. Бексұлтан, Мақсат, Алтынбек тәрбиешінің көмегін қажет етеді. Жалпы әр сабақты орындау кезінде нұсқау, ескерту,көрсету,қайталап еске түсіру сияқты тәсілдер қолданып отыру қажет.
Жалпы алғанда, балалар білімі, тәрбиесі қанағаттанарлық деп айтуға болады. Сондықтан да балалармен, жанұялармен үнемі елеулі тәрбие жұмыстарын жүргізу керек.