Файл: ани Мратбаев атындаы 17 орта мектебіні 4 В сыныбыны атааналар отырысыны хаттамасы Хаттама 1 Кні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің 4 «В» сыныбының

ата-аналар отырысының хаттамасы

Хаттама №1

Күні: 10.09.2021ж

Күн тәртібінде:

1.Оқушылар туралы жалпы мәлімет

2.Оқушылардың оқу-құралдарымен қамтылуы

3.Мектеп формасы, тәртібі

4. Ыстық тамақ туралы мәлімет

5. «Бала тәрбиесінің маңызы» баяндама

6. Әр түрлі мәселелер
1-мәселе Мұғалімнің мәліметі 2021-2022 оқу жылында 4«В» сыныбында қазіргі таңда барлығы 20оқушы бар. Оның: ұл бала саны-12, қыз бала саны-8. Сыныптағы балалардың қарым-қатынасы өте жақсы.
2-мәселе. Оқу құралдары туралы. Биылғы оқу жылында берілген оқулықтарды балалардың қолына таратылып берілді, осы оқулықтарды ұқыпты, таза ұстап, сыртын қаптау, күтіп ұстау туралы ескертілді.

3-мәселе. Оқушылардың мектеп формасын күнделікті киіп келуі және ол классикалық үлгіде болуы туралы айтылды. Аяқтарына спорттық аяқ киім киілмеу керек екендігі туралы ескертілді.

4-мәселе. Қазіргі таңда мектеп тарапынан 5 оқушы тегін ыстық тамақпен, әлеуметтік жағдайына байланысты қамтамасыз етіліп отыр .
5- мәселе. «Бала тәрбиесінің маңызы» тақырыбында баяндама оқылды. Ата-аналарды «Әке» , «Ана», «Бала» топтарына бөліп, олардың отбасындағы ролі туралы айтылды.
6-мәселе. Әр түрлі мәселелер.Оқушылардың үлгерімі орта деңгейде, жазғы демалыстан келгендіктен және біраз уақыт онлайн оқығандықтан балалар біраз шашыраңқы болып қалғандығы туралы ескертіліп, үйде көп қадағалау туралы айтылды. Жалпы сабақта белсенді түрде қатысатын оқушы мен дайындығы төмен оқушының ата-аналарымен жеке сөйлесу керек екендігі туралы әңгіме жүргізілді.

Қабылданған шешім:

1. Бір ауыздан ата-аналармен біріге отырып жұмыс істейміз деген келісімге келдік.

2. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту өз дәрежесінде ұйымдастырылсын.

3. Олқылығы бар оқушылар анықталып,қосымша сабақтарға келуі керектігі туралы шешім қабылданды.

Хаттама жазылды: 10 қыркүйек 2021 жыл

Ата-аталар комитеті: Абдраева Мөлдір

Сынып жетекші: Айдосова П.