Файл: азастан тарихы нсау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 69

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

  1. Күйдірілмеген кірпіштен салынған қола дәуіріндегі кесене:

A)Түгіскен

B)Бәйте

C)Бесшатыр

D)Явленка

E)Терең

  1. Алтын Орданы Берке хан одан әрі күшейту мақсатында:

A)батысқа жорық жасайды

B)мұсылман дінін қабылдайды

C)басқару жүйесін өзгертеді

D)алым-салықты көбейтеді

E)орталық қала соқтырады

  1. Керейіт мемлекетінің орталығы Битөбе деген жерде орналасты: 

A)Шыңғыс тауының шығысында

B)Хантәңірі тауының шығысында

C)Жетісудің батысында

D)Алтайдың оңтүстігінде

E)Ертіс өзені жағалауында

  1. Жазба деректерде «Шайбани ұлысы», «Қыпшақ хандығы» деп

атады:

A)Мауараннахрды

B)Ноғай Ордасын

C)Моғолстанды

D)Әбілқайыр хандығын

E)Ақ Орда мемлекетін

  1. Әмір Темір мен Ілияс-Қожа арасындағы “Батпақ шайқасы”,“Лайсаң шайқасы” болған жыл:

A)1360 ж.

B)1355 ж.

C)1365 ж.

D)1370 ж.

E)1375 ж.


  1. 1960 жылдары «Жас тұлпар» ұйымы құрылған қала:

A)Семей

B)Көкшетау

C)Қостанай

D)Қарағанды

E)Мәскеу

  1. Түрксіб теміржолын салуға басшылық еткен қоғам  қайраткері:

A)Т.Рысқұлов

B)С.Сәдуақасов

C)Т.Қазыбеков

D)Ж.Мыңбаев

E)Д.Омаров

  1. Қарахандықтардың қарақытайларға қарсы Қатуан шайқасы болған жыл:

A)1141 жыл

B)1157 жыл

C)1125 жыл

D)1155 жыл

E)1143 жыл

  1. Ресей империясының І Мемлекеттік Думасына сайланған қазақ депутаты:

A)Ахмет Байтұрсынов

B)Мұстафа Шоқай

C)Ахмет Бірімжанов

D)Міржақып Дулатов

E)Мағжан Жұмабаев

  1. ХІХ ғасырдағы ағартушы, «Масғұт», «Ескендір» поэмаларының авторы:

A)Ә. Диваев

B)А. Құнанбаев

C)Ш. Құдайбердіұлы

D)Ы. Алтынсарин

E)Ш.Уәлиханов

  1. «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы» Заңы қабылданды:

A)1989 жылдың қыркүйегінде

B)1985 жылдың қыркүйегінде

C)1987 жылдың тамызында

D)1988 жылы наурызында

E)1986 жылдың желтоқсанында

  1. Астананы «Бейбітшілік қаласы» деп шешім қабылдаған ұйым

A)ҰҚШҰ

B)ЮНЕСКО

C)ЮНФПА

D)ЕҚЫҰ

E)АӨСШК

  1. Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасқан Қызыл Аңғар ордасы:


A)Үйсіндердікі

B)Сарматтардікі

C)Қаңлылардікі

D)Түріктердікі

E)Ғұндардікі

  1. 1716-1717 жылдары Ертіс өзенінің бойында тұрғызылған бекіністер:

A)Қызылжар, Тобыл

B)Семей, Кереку

C)Ор, Ырғыз

D)Өскемен, Семей

E)Омбы, Железинск

 «Есім хан көбінесе ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін жорықтарда жүрді. Сол себепті де ол «Қасым ханның асқа жолына» көп өзгертулер енгізген. Бізге келіп жеткен деректер бойынша Есім хан ердің құнына 100 жылқы, 6 түйе кесім белгілеген. Ол бай-кедей, жас-кәрі, қараша-сұлтан демей, бұл заңды еркек атаулының бәріне бірдей қолданған. Одан басқа үстеме, өнер құны, сүйек құны деген болған. Егер өлген адам бай немесе ақын, балгер, жырау болса, сол өнері үшін үстеме құн алған. Сол сияқты егер өлген адамның денесі туысқандарына тимей, ит-құсқа жем болса, сүйегі үшін құн төлеген. ........Ел аузында «Есім ханның ескі жолы» деген аңыз сақталған. Қасым ханның заң ережелерін Есім хан ел билеуде ұтымды пайдалана білді. Қазақ шежірелерінде Есім ханның қызметіне ерекше жоғары баға беріледі....».

  1. Мәтін бойынша Есім ханның «Қасым ханның қасқа жолына» өзгертулер енгізудегі себебін анықтаңыз:

A)Сыртқы саясатта тұрақтылықты сақтау үшін

B)Сыртқы саясатта Тарбағатайды алу үшін

C)Сібір хандығының жойылуы

D)Қазақ халқының санын 2 млн-ға жеткізу үшін

E)Көшім ханның жерлерін жаулап алу үшін
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ

Нұсқау:Оқу сауаттылығы бойынша 4 мәтін және олардың мазмұны бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі. Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

1-мәтін

  Адам баласының тіршілік-қарекетінде алуан түрлі қажетіне жарайтын ағаш түрлері көп.

         Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Португалия жерінде өсетін «тығындық емен» деп аталатын ағаштың қабығынан маркалы шараптардың тығындары, суға батырмайтын белдік, қалқыма, линолеум секілді алуан түрлі керек-жарақтар шығарылады.

         Емен қабығы суды, газды, жылуды, электр тоғын, дыбысты өткізбейді, химиялық әсерді қабылдамайды, тіпті күкірт қышқылының да әсеріне шыдайды. Осы себепті де ол тамақ өнімдерінің иісіне де, дәміне де ешқандай әсер етпейді. «Тығындық еменнің» қабығы әдетте он бес-жиырма жыл өсіп тұрған ағаштардан алына бастайды да, он жылда бір рет сыдырылып отырады. Тағы бір ерекшелігі ағаш өскен сайын қабықтың сапасы да жақсара түседі.


  1. «Тығындық емен» қабығының тамақ иісіне, дәміне әсер етпеу себебі

A)химиялық әсерді қабылдамағандықтан

B)барлық иісті өзіне сіңіргендіктен

C)отқа лапылдап жанғандықтан

D)жыл сайын сыдырылып  тұрғандықтан

E)тек ыстық жерлерде өскендіктен

  1. Тығындық емен қабығының сапасы  жақсара түседі

A)ауа райы ыстық болған сайын

B)ағашты суарған сайын

C)ағаш өскен сайын

D)жапырақтары көп болған сайын

E)ағашты жиі суарған сайын
2 –мәтін

Райымбек бастауы

         1. ... Райымбектің сарбаздары алғашқы күні-ақ судан тарыға бастады. Аттар да шөлдеді. Әбден шөл қысып тарыққан сарбаздар Райымбектен ақыл сұрайды. 

         – Шыдауға тура келеді,– деді Райымбек жігіттеріне. – Таң атып, жерге жарық түскенде, тағы да су іздейміз. Егер жер бетінде су жоқ болса, жер астынан шығарамыз, –  дейді. 

         2.Райымбек біраз ойланып отырды да, орнынан атып тұрды. Қолына сүңгі алды да, атқа да мінбей, Көкойнақты жаяу жетектеп, жүріп кетті. Жерден көз алмайды. 

         3. Бір ойпаңдау жерге қарап, кідіріп қалды. Сол араға келгенде Көкойнақ та жерден көк шөпті тістеп тұрып оқыранып жібереді. Райымбектің күтіп келе жатқаны сол еді. Ат қадалған жердің шөбі басқа шөптей емес, бояуы қанық, қою жасыл екен. Бойында судан тартқан нәрі бар екені айқын көрінеді.

         4. Райымбек дәл аяғының астына бойлата сүңгі сұқты да, қайта тартып алды. Жерге құлаш бойы енген сүңгінің ұшына лайлы топырақ жұғылып шыққанда, қуанып кетті. Содан әрі қарай үш қырлы найзаны сол алғаш сұққан орнына қайталап бірнеше рет шаншыды. Түйгіштей сұққылап, қайта тартып алғанда, сүңгі соңынан атқылап су шықты. Қуанғаннан:

         – Су! Су! – деп дауыстап жіберді.

         5. ... Райымбек пен Көкойнақтың арқасында шөл далада адам да, ат та суға қанды. Алыс сапардан шаршап, шөлдеп келе жатқан жолаушы болса, өзінің де, көлігінің де сусынын қандыратын болды. Бұл мөлдір сулы бастауды сол күннен бастап «Райымбек бастауы» деп атап кетті.

Ғафу Қайырбеков

3. Бастаудың Райымбек  атымен аталу себебі

A)елге танымал адам болғандықтан

B)алғаш рет судың көзін тапқандықтан 

C)балалық шағы осы жерде өткендіктен

D)шайқаста ерлік көрсеткен жері болғандықтан

E)ағып жатқан бастауды бірінші болып көргендіктен

  1. Жер асты суының алғашқы белгісі сипатталған азатжол

A)бірінші

B)үшінші

C)екінші

D)төртінші

E)бесінші

  1. Мәтіндегі жауынгерлер сипаты


A)ұйқылары қашқан

B)әбден ашыққан

C)қатты шаршаған

D)суыққа тоңған

E)қатты шөлдеген

  1. Мәтін бойынша суды табуға қолданған қару

A)сабақ

B)мылтық

C)жебе

D)қылыш

E)найза

3 – мәтін

Дермене

Дермене – асыл шөп, жусанның бір түрі. Биіктігі 50 сантиметрге дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік.  Көпсабақты, балауса кезінде сабақтары түкті әрі сарғылт жасыл болады. Өсе келе, сабағы тыңайып қатаяды. Түксіз қызғылт сары түске енеді. Тамыры жуан, тармақтанған, сүректі. Дермененің төменгі жапырақтары сағақты. Ұзындығы 2,5-4 сантиметрдей және тілімденген. Жоғарғы бөлігіндегі жапырақтары бүтін, айыл пішінді, қысқа. Дермене Қазақстанның шөлді өңірлерінде өседі. Орта Азияда, Тәжікстанда көп кездеседі. Дермененің ел ішінде бірнеше атауы бар. Мысалы, дәрмене, дермене жусан.

Дермене улы өсімдіктер қатарына жатады. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда, жапырақтарында улы зат сантонин пайда болады. Сол себепті одан жасалған дәріні дәрігердің кеңесінсіз пайдалануға болмайды. Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар науқастарға пайдаланады. Дәрілік шикізат ретінде тамырымен есепсіз жұлынғандықтан, бүгінде қатары қатты сиреген.

Бұл шөп жайлы ел аузында аңыз бар: «Ертеде елді ағайынды қос жігіт басқарыпты. Мамыражай бір күні сырттан жау тиіп, хандықты басып алады. Биліктен айырылған ағайындының бірі елден кетеді де, екіншісі осы жерде көптің бірі болып қалады. Арада жылдар өтеді. Жатжұрттық басқыншы хан дүниеден өтеді. Тұрғылықты халық қайтадан байырғы қалпына оралады. Ағайынды жігіттің үлкені елден кеткен бауырын іздеуге кіріседі. Жан-жаққа хабаршы жібереді. Ауыл-ауылға сұрау салады. Дүниенің төрт бұрышын шарлап жүргенде, інісінің дерегі шығады. Хабар жеткенімен, кері оралуға намыстанған бауыры жатжұрттық болып қала беруді таңдайды. Мұны түсінген ағасы ақ шүберекке кепкен дерменені түйіп, сәлемшілерден беріп жіберіпті. Орамалдың түйінін жазып, дермененің хош иісін емірене иіскеген жігіт ағыл-тегіл жыласа керек. Содан кейін көп ұзамай, атамекенге оралыпты».

  1. Жаңа өсе бастаған дерменеге тән белгі

A)сабақтары түкті

B)сабағы қатты

C)тамыры жуан

D)қызғылт сары

E)өте биік

  1. Дермененің ел ішіндегі атауы

A)аласа жусан

B)дермене тамыр

C)дермене жусан

D)дермене шай

E)көпжылдық жусан

  1. Халық медицинасында дермененің пайдасы

A)ішектің түйілуін емдеуге пайдаланады


B)бас ауруын емдеуге пайдаланады

C)қан қысымы төмен науқастарға пайдаланады

D)дене қызуы көтерілгенде пайдаланады

E)жүрек талмасы бар науқастарға пайдаланады


  1. Дермененің тамыры

A)нәзік

B)қысқа

C)ұзын

D)жуан

E)жіңішке

  1. Гүл жармай тұрған кездегі дермененің ерекшелігі

A)сабағы ұзарады

B)сарғылт жасыл болады

C)жапырақтары әлсіз болады

D)тамырлары көп болады

E)улы зат пайда болады

  1. Мәтінде берілген аңыздың түйіні

A)Туған жерде пайда бар

B)Еліне лайық ері туады

C)Елді ер теңестіреді

D)Туған жердің жусаны жұпар

E)Ер – елдің айнасы
4-мәтін

1. Мәшһүр Жүсіп Көпеев (Адам Жүсіп) 1858 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторының құрамына кіретін Баянауыл ауылдық округіне қарасты Қызылтау тауының етегінде дүниеге келген. «Мәшһүр» есімін оған сегіз жасында Орта жүздің атақты биі аға сұлтан Мұса Шорманұлы берген. Халыққа сыйлы М.Шорманұлынан мұндай атақ алудың өзі бала Жүсіп үшін зор құрмет еді. Мұса Шорманұлы алдына келген бала Жүсіптен қандай да бір өлең оқып беруін сұраған. Баланың жауабына риза болған мырза қонақ болып жатқан үйдің бойжеткен қызының бас киімінен бір тал үкісін алып, баланың басындағы тақиясына тағып, өлең өнері жолында тұсауын кесіп, «Мәшһүр» деген айдар таққан. Кейін Мәшһүр Жүсіптен тақиясындағы үкінің сырын сұрағандарға ол «Мұса мырза үкі тағып, басыма бақ құсы қонды. Содан бері басымнан бұны тастаған емеспін» деп айтқан.

      2. Есейген кезінде Мәшһүр Жүсіп Бұқарға барып, араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін меңгереді. Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Әли ибн Сина, әль-Фарабидің еңбектерін оқиды. Елге оралған кезде ауыл балаларының сауатын ашқан. 1887, 1895, 1907 жылдары Орталық Азияны саяхаттаған. Түркістан, Бұқара, Ташкент, Самарқант, Хиуа қалаларын аралап, өз білімін тереңдете түскен.

      3. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы өмірдің келбетін, адамның ішкі жан-дүниесін тереңірек түсінуге мол таным береді. Бүгінгі таңда көптеген ғалымдар Мәшһүр есімін Авиценна, Ұлықбек, Яссауи сияқты ғұламалардың есімдерімен қатар атайды. Бұлай айтылуының өзіндік себебі де бар. Өйткені, Мәшһүр Жүсіп Көпеев халық арасында тек ақын, ғалым ретінде ғана емес, қасиетті әулие, көріпкел ретінде де үлкен құрметке ие болған.

      4. Мәшһүр Жүсіптің көріпкелдік қасиетінің құдіретіне өзінің ажалының жететін күні туралы айтқан болжамы нақты дәлел болады. Әулие өзінің дүниеден өтетін күнін бір жыл бұрын айтып, шариғат жолы бойынша барлық жоралғыны жасатқан. Сонымен қатар, ол көзі тірісінде өзінің бейітіне мазар тұрғызған. Мәшһүрдің жаназасына жиналған туған-туысқандары оның тірі екенін көріп, бұл әрекетіне наразылық білдіргендерге: «Келер жылы осы уақытта сендердің не болып, қайда қалатындарыңды ешкім білмейді» деп қана жауап берген. Шынымен де, әулие дүниеден өтер кезде 1931 жылы қазақ даласында жұт болып, ашаршылық күндерінің зауалынан бар туғандары елдің түкпір-түкпіріне босып кетіп, өзін соңғы сапарға шығарып сала алмайтынын білген. Ол отызыншы жылдардағы аштық пен репрессия туралы да анық айтып кеткен.