Файл: Пні Автомобильдерді рылымы Сабаты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Маңғыстау облыстық білім басқармасы

МКҚК «Қарақия кәсіптік колледжі»







Өндірістік оқу шебері: Қыдырқанов А.М.

Тобы: «Авто-слесарь» 2-курс


2017-2018 оқу жылы
Пәні: Автомобильдердің құрылымы

Сабақтың тақырыбы: Автомобильдің электр құрал-жабдықтары
Сабақтың мақсаты: 


Білімділік мақсаты:Автокөлік қозғалтқышын іске қосылуын, жарық беру жүйесін, тәуліктің қараңғы кездерінде автомобиль жүргізушінің қауіпсіз жұмыс істеуіне және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауын үйрету, оны іс жүзінде қолдануды меңгерту; 
Дамытушылық мақсаты:Студенттердің ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Теория тұрғысынан алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру. 
Тәрбиелік мақсаты:студенттерді кәсіби біліктілікке, эстетикалық талғампаздыққа, өздігінен шешім қабылдай білуге, еңбекке тәрбиелеу, 
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, орыс тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, плакаттар, стартер, генератор, фарлар, лампалар, кілт-құралдар жиынтығы 

Сабақ құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Негізгі бөлім

IV. Зертханалық бөлім

V. Қорытынды бөлім

VІ. Бағалау

VІІ.Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. 
Студенттермен амандасу. Студенттердің сабаққа қатысын тексеру. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тағайындау, оқу кабинетін дайындау. 

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

Үлестірме карточкалар тарату арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Дизельді қоректендіру жүйесі.

  • Дизельді қозғалтқыш қалай жұмыс жасайды?

  • Дизель отыны дегеніміз не? Оның қайнау температурасы

  • Дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесінің құрылысын атап көрсету.


ІІІ Сабақтың негізгі бөлімі.Жаңа сабақ:

Автомобильдің электр құрал-жабдықтары


 1. Электр жабдықтар туралы жалпы мәліметтер
Автомобильдерде электр құрал жабдықтары қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға, жұмыс үдерістерін автоматтандыру мен жүргізуші еңбегіне қолайлы жағдай жасауға арналған. 

Автомобильдерде электр энергиясы іштен жанатын қозғалтқышты іске қосуға (стартермен), жанғыш қоспаны тұтатуға, дыбыс және жарық дабылдарына, қозғалыс жолдары мен кабинаны жарықтандыруға, электронды басқару жүйесіне, бақылау-өлшеу жабдықтары мен қосымша жабдықтарды қоректендіруге қолданылады.

Электр энергиясын өндіретін приборлар электр тоғының көздері, ал оны тұтынатындар тұтынушы деп аталады.

Генератор мен аккумулятор батареясы ток көздері, ал тұтынушылар – электронды басқару блогы, электрқозғалтқыштар, стартер, дабылдар мен жарықтандыру және бақылап-өлшеу жабдықтары т.с.с.

 



 

1 – сурет – ГАЗ-53А автомобильінің электр жабдық сызбасы

 

Электр тоғының көздері механикалың және химиялық энергияны электр энергиясына айналдырады (аккумулятор және генератор).

Тұтынушылар электр тоғы энергиясын - энергияның басқа түріне (механикалык, жарық, дыбыс, жылу) айналдыруға қызмет етеді.

Автомобильдің қаңқасы (метал бөліктері) электр жүйеде «масса» қызметін атқарады, ал жүйе өткізгішін оң полюске жалғастырады. Электр жүйесінің кернеуі әр көліктің сұранысына байланысты 12 В және 24 В.

Автомобильдердің электр жабдықтау жүйесінде микропроцессор мен микроЭВМ-ді қолдану оның түбегейлі күрделенуіне алып келіп соқтырды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, автомобильді пайдалану кезіндегі пайда болған ақаулардың 15-40%-ы электр жабдықтардың үлесіне тиеді.
2. Электр жабдықтау жүйесінің құрамы мен жіктелуі

Автомобильдің электр құралдары өзара байланысты электрлік және электрондық құрылғылардың қиын кешені болып табылады.

Келесі жүйелер мен аспаптар автомобильдің жұмыс істеу үдерісін құрайды:

  • электрмен жабдықтау;

  • қозғалтқышты электр стартермен іске қосу;

  • оталдыру;

  • жарықтандыру, жарық және дыбыс белгілерін беру;

  • автомобильдің, оның агрегаттарының техникалық жағдайын бақылау және ақпарат беру;

  • автомобильдің агрегаттарын электронды түрде басқару


Автомобильдегі электр құрал-жабдықтарының ток тұтынушыларын қамтамасыз ету үшін электрмен жабдықтау жүйесі құрастырылған. Ол тоқ көздері – аккумулятор батареясы мен генератор қондырғысынан тұрады. Олар бір-бірімен және ток тұтынушыларымен паралель жалғанған.

 

3. Аккумулятор батареялары

 Аккумулятор батареясы қозғалтқыш жұмыс істемей, болмаса иінді біліктің кіші жиіліктегі айналысында жұмыс істеп тұғанда тоқты тұтынатын орындарды қоректендіру үшін қызмет етеді.

Автомобильде қолданылатын аккумулятор батареяларының түрлері:

- қышқылды;

- сілтілі.

Аккумуляторлар құрылысы бойынша:

- ашық;

- жабық.

Ашық батареялардан электролиттің құрамын (тығыздығын) тексеріп, реттеп отыру үшін арнайы қызмет көрсетіліп отырады.

Жабық аккумулятор батареяларында мұндай қызмет көрсетілмейді, сондықтан олар жабық болады.

Аккумулятордың қызметі электр энергиясын химиялың энергияға (зарядтау) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (разрядтау) жүйелі түрде айналдыруға негізделген.

 Автомобильдерде қорғасынды-қышқылды аккумулятор батареясы орнатылған, өйткені олар қозғалтқышты стартермен іске қосқан кезде жоғары күшті разрядты (200-600 А) тоққа шыдайды (сондықтан оларды стартерлік деп те атайды).
4. Автомобиль генераторлары

 Автомобильдің электрмен жабдықтау жүйесінде ток көзінің негізі болып келеді. Барлық ток тұтынушыларды қоректендіріп және аккумулятор батареясын қуаттандыруға арналған.

Автомобильдерде бастапқы кернеуі 12 немесе 24 В айнымалы токты генератор қолданылады.
5. Іске қосу жүйесі

 

Қозғалтқыштың іске қосылуын жеңілдетеді. Іске қосу жүйесін аккумулятор батареясы, электр стартер, басқару релесі мен электротехникалық қондырғылар құрайды. Қозғалтқышты іске қосу кезінде қозғалтқыш иінді білігін айналдыру үшін, тұрақты токты электр қозғалтқыш – стартер қолданылады. Ол аккумулятор батареясынан қоректенеді.
6. От алу жүйесі

 Бензинді моторлардың цилиндрлерінде сығылған жұмыс қоспасы от алу свечасынан шығатын ұшқыннан тұтанады. Төмен кернеулі тоқты жоғары кернеулі токқа айналдыруға және оны мотордың цилиндрлеріне бөлу қызметін атқарады. Батареядан от алу құрылғысының схемасы келесі суретте көрсетілген.


Төмен кернеулі ток тізбегі аккумулятор батареясынан немесе генератордан ңоректенеді. Оған тізбекті түрде от алдыру қосқышы (3), қосымша резисторы бар от алу катушкасының алғашқы орамы (4), үзгіш (8) пен «масса» қосылған.

 



 

1—аккумулятор батареясы, 2—стартерді қосқыш, 3—от алдыру қосқыш, 4—алгашкы орама, 5—екінші орама, 6—от алу катушкасы, 7—таратқыш, 8—үзгіш, 9—конденсатор, 10—от алдыру шамы (свеча).

 

2 – Сурет – Батареядан от алу құрылғысы.

 

Жоғары кернеу тоғының тізбегі от алу катушкасының екінші орамынан (5), таратқыштан (7), жоғары кернеу өткізгіштерінен, оталу свечасы (10) мен «массадан» тұрады. Жоғары кернеу тоғының пайда болуы өзара индукциялану принципіне негізделген. От алу бекіткіші қосылған және үзгіш контактілері түйықталған жағдайда электр тоғы от алу катушкасының (6) алғашқы орамы айналасында өрісін туғыза отырып, аккумулятор батареясынан немесе генератордан сол орамға түседі.

От алдыру шамы (свечасы) электр жарқылынан ұшқын саңылауын жасайды. Свеча корпустан (5), оқшаулағышы бар орталық электродтан (2) және шамның корпусына дәнекерлеп бекітілген бүйір электродынан тұрады. Шамда кесілген бөлік орналасқан, ол цилиндрлер қалпақшасының тесігіне бұрап кигізіледі. Шамның (свеча) жоғары бөлігінде кілтке арналған қырлары бар.

Шам корпусының цилиндрлі бөлігіне маркасы жазылған, ол шартты түрде кесілген бөліктің диаметрін, оқшаулағыштың төменгі бөлігінің ұзындығын және оның материалын көрсетеді. Кесілген бөліктің диаметрі М немесе А әрпімен белгіленеді, мұнда М әрпі корпустағы 018x1,65 бұрандасына сәйкес келеді. Цифрлар оқшаулағыштың жылу конусының ұзындығын миллиметр өлшемімен көрсетеді. Цифрлардан кейінгі келесі әріп оқшаулағыштың материалын көрсетеді, мысалы: У - уралит, Б - боркорунд. Соңғы әріп орталық электрод бойынша герметизациялау әдісін көрсетеді, мысалы: С - шыны герметика.

От алдыру шамының жұмыс істеуі үшін орталық және бүйір тұстағы саңылаудың өлшемі — 0,7-0,9 мм. Оны бүйір электродты ептеп қайыра отырып, ретке келтіреді. Ішкі жағынан ластанған жағдайда оны бензинмен жуу қажет.

 

7. Жарықтандыру мен дабылдау приборлары

Тәуліктің қараңғы уақытында автомобильдің жолын жарықтандыруға, басқа жүргізушілерге автомобильдің маневр жасауы туралы ақпарат беруге, сонымен қатар автомобиль шанағы мен кабинасының ішін жарықтандыруға арналған. Жарықтандыру аспаптарына: Фарлар, алдыңғы, артқы, және бүйір шырақтары, сонымен қатар нөмір белгісін жарықтандыруға арналған аспаптар жатады.


8. Қосымша электр жабдықтар

Автомобиль терезесін тазартқыштар, дыбыстық белгілер, коммутациялық аспаптар(сақтандырғыш,ажыратқыш,сымдар), шанақ пен кабинаны жылыту мен желдету жүйесінің электр аспаптары.


Сөздікпен жұмыс

мотор приводится в действие электричеством –қозғалтқыш электр қуатымен қозғалысқа келеді - the motor is powered by electricity

кислотный аккумулятор - қышқылды аккумулятор - acid battery

свинцовый аккумулятор -қорғасынды аккумулятор - lead-acid battery

щелочной аккумулятор - сілтілі аккумулятор - alkaline battery

генератор переменного тока  айнымалы тоқ генераторы - alternator
генератор постоянного тока  тұрақты тоқ генераторы - direct current generator

предохронитель-сақтандырғыш - fuse

ІV.Зертханалық бөлім.

  1. Вольтметрмен жұмыс.

  2. Генератордың құрылысымен танысу.

  3. Мультиметрмен жұмыс.

  4. Стардерді тексеру.

V.Сабақты қорытындылау. 

Викториналық сұрақтарды слайд арқылы таңдап жауап беру.

1. Ток көздеріне нелер жатады

2. Тұтынушыларға нелер жатады

3. Электрмен жабдықтау жүйесінің негізгі аспаптарын атап беріңіз. 

4. аккумулятор батареяларының түрлері
5. Автомобильдің қаңқасы электр жүйеде не қызмет атқарады?
6. Қосымша электр жабдықтарын атап беріңіз. 

7. Аккумуляторлар құрылысы бойынша жіктелуі

8. Тұрақты токты электр қозғалтқыш

9. Жарықтандыру аспаптары

10. Электр жүйесінің кернеуі әр көліктің сұранысына байланысты неше В
VІ.Бағалау
VІІ.Үйге тапсырма: Электр жабдықтар тізбегіне техникалық қызмет көрсету әдістері зерттеу, мағлұмат жинау.