Файл: Жалпы білім беру йымдарына арналан жалпы білім беретін пндерді, бастауыш, негізгі орта жне жалпы орта білім дегейлеріні тадау курстарыны лгілік оу бадарламаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 110

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29767 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

            68) осы бұйрыққа 68-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Жаһандық құзыреттілік" курсының үлгілік оқу бағдарламасы;

оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.

           

 

Қазақстан Республикасы
Оқу - ағарту министрлігінің
2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығына
61-қосымша

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Қазақстан тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы

      Ескерту. 61-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 21.11.2022 № 467 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).

      2. Тарихи сана – тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау, өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына көмектеседі.


      3. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің мазмұны әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді.

      4. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтанышсезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.

      5. Оқу пәнінің міндеттері:

      1) Қазақстан аумағындағы ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгіқоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;

      2) Қазақстанның тарихи дамуы барысында қалыптасқан ұлттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру;

      3) Қазақстанның тарихи дамуының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен процестердің мәні туралы түсінік қалыптастыру;

      4) тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін Отандық тарих контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;

      5) тарихи деректердің негізінде дәлелді пайымдау дағдыларын дамыту;

      6) тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);

      7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

      8) коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда,жарияланым мен электронды құралдарды қолдану.

2-тарау. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің мазмұны

      6. "Қазақстан тарихы" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

      1) 5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;

      2) 6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;


      3) 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;

      4) 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;

      5) 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты құрайды.

      7. Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелді).

      8. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінен білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.

      9. Оқу пәнінің білім мазмұны төрт бөлімді қамтиды:

      әлеуметтік қатынастардың дамуы;

      мәдениеттің дамуы;

      мемлекеттің дамуы;

      Қазақстанның экономикалық дамуы.

      10. "Әлеуметтік қатынастардың дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      этникалық қатынастар;

      әлеуметтік қатынастар.

      11. "Мәдениеттің дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      дүниетаным мен дін;

      өнер мен әдебиет;

      білім және ғылым.

      12. "Мемлекеттің дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      мемлекеттің ішкі саясаты;

      мемлекеттің сыртқы саясаты.

      13."Қазақстанның экономикалық дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      шаруашылық;

      өндірістік қатынастар және сауда.

      14. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.

      15. Оқу бағдарламасы базалық тарихи ойлау дағыдыларын: тарихи деректердің интерпретациясы, уақыт пен кеңістікте бағдарлану, тарихи талдау және түсіндіруді қалыптастыруға бағытталған.

      16. "Қазақстан тарихы" оқу пәні бойынша тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктерге) негізделеді:

      1) өзгеріс пен сабақтастық;

      2) себеп пен салдар;

      3) дәлел;

      4) ұқсастық пен айырмашылық;

      5) маңыздылық;

      6) интерпретация.

      17. Тарихи концептілер негізінде оқытудың қүтілетін нәтижелері:

      1) "Өзгеріс пен сабақтастық" бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды, сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді, тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді;


      2) "Себеп және салдар" бойынша білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінеді, тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіреді және бағалайды;

      3) "Дәлел" бойынша білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтың ерекшеліктерін талдайды, тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды, өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдайды;

      4) "Ұқсастық пен айырмашылық" бойынша білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады.

      5) "Маңыздылық" бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды;

      6) "Интерпретация" бойынша білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды.

      18. 5-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің базалық мазмұны келесі тараулардан тұрады:

      1) Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі.Тас дәуіріндегі Қазақстан: Қазақстанда алғашқы адамның пайда болуы, әлеуметтік ұйымдасудың алғашқы формалары. Ежелгі адамдардың кәсібі (аң аулау мен терімшілік). Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары. Егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы. Ботай мәдениеті. Қола дәуіріндегі Қазақстан: Қазақстан аумағындағы мыс пен қалайы металдарының кен орындары. Андрон мәдениеті. Қола дәуірі кезіндегі шаруашылық пен қоғамдық құрылыс. Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Ә. Марғұлан және басқа да Қазақстанның ежелгі дәуірін зерттеушілер;

      2) ежелгі көшпелілердің өмірі. Темір дәуірінің ерекшеліктері. Қазақстанның ежелгі металлургиясы. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы. Алғашқы көшпелілердің өмір сүруді қамтамасыз ету жүйесі. Көшпелілердің жылжымалы баспанасы. Алғашқы көшпелілердің дүниетанымы;

      3) сақтар. Қазақстан аумағындағы сақ тайпалары. Сақтар тарихы жайлы деректер. Сақтардың саяси тарихы. Қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы мен тұрмысы. Материалдық және рухани мәдениеті. "Аңдық стиль". Есік олжасы – "Алтын адам". Шілікті алқабының патша қорғандары. Берел қорымы. Бесшатыр қорғандары. Тасмола мәдениеті;


      4) үйсіндер мен қаңлылар.Үйсіндер. Үйсіндер туралы жазба деректер. Үйсіндердің қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы. Қаңлылар. Қаңлылар тарихына қатысты қытай және парсы деректері. Қаңлылардың қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. Үйсіндердің, қаңлылардың археологиялық ескерткіштері;

      5) ғұндар (хунну). Қытай деректеріндегі ғұндардың ерте тарихы. Мөде шаньюй-ғұн мемлекетінің негізін салушы. Ғұндардың саяси тарихы мен мемлекеттік құрылысы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы (ғұндардың Батысқа жылжуы). Аттила және оның жорықтары. Ғұндардың шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы. Ғұндар дәуіріндегі мәдениеттің дамуы;

      6) сарматтар. Сарматтардың ежелгі замандағы саяси оқиғаларға қатысуы. Сарматтардың қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Сарматтардың қоғамдық құрылысы. Сарматтардың археологиялық ескерткіштері. Мәдениеті;

      7) ежелгі Қазақстан тарихына шолу. Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдардың антропологиялық бет-әлпеті. Ежелгі Қазақстан тарихының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен үдерістері. Ежелгі Қазақстанның мәдени мұрасы;

      8) өлкетану: Туған өлкенің аңыз-ертегілері. Өлкенің тарихи ескерткіштері. Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар және ақындар. Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер.

      19. 6-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің базалық мазмұны келесі тараулардан тұрады:

      1) VI - IX ғасырдағы Қазақстан. Ортағасырлық Қазақстан тарихының кезеңделуі. Ұлы Түрік қағанатының құрылуы. Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер: Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ қағанаты, Оғыз мемлекеті, Қимақ қағанаты. Атлах шайқасының тарихи маңызы. Түркі мемлекеттерінің қоғамдық-саяси құрылысы. Түркілердің әскери өнері. Шаруашылығы. Сауда және қала мәдениетінің дамуы;

      2) X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан.Қарахан мемлекеті. Қазақстан аумағына исламның тарала басталуы. Наймандар, керейіттер, жалайырлар. Қыпшақ хандығы. "Дешті Қыпшақ" түсінігі. Шаруашылығы: көшпелі, отырықшы. Сауда. Қала мәдениеті. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы. Түркі мәдениетінің әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі. Түркі әлемінің көрнекті ойшылдары;

      3) XIII - XV ғасырлардың бірінші жартысындағы Қазақстан. Шыңғыс ханның жаулаушылық соғыстары. Отырар қорғанысы. Моңғол империясының құрылуы. Алтын Орда. Ақ Орда. Моғолстан мемлекеті. Әмір Темір жорықтары. Ноғай Ордасы. Әбілқайыр хандығы. XIII - XV ғасырлардың бірінші жартысындағы мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысы. Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстан туралы. Шаруашылық. Сауданың дамуы. Мәдениет;